1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Топырақ құрылымының өндірістегi рөлі



бет17/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Топырақ құрылымының өндірістегi рөлі. Агрономиялық құнды құрылымның басты агротехникалық маңызы – механикалық өңдеулердiң арасындағы кезеңдерде топыраққа оңтайлы (қолайлы) құрылыс беру және оны тұрақты ұстап тұру. Топырақтың жыртылатын қабатының орнықты құрылысына керектi агрономиялық құнды құрылымның басты қасиетi оның берiктiгi болып табылады.
Агрономиялық құнды құрылымның iс жүзiндегi маңызы ең алдымен оның топырақтың жалпы массасындағы үлесiне, яғни топырақ құрылымдылығының дәрежесiне (%) және оның агрегаттарының берiктiгiнiң деңгейiне байланысты болады.
Топырақтың жалпы массасындағы агрономиялық құнды құрылымның үлесi аз болғанда оның топырақтың құрылысына әсерi жеткiлiксiз болуы мүмкiн, себебi топырақтың құрылымсыз бөлігі – тозаң барлық iрi капиллярлы емес қуыстарды толтырады да, топырақта капиллярлық саңылаулылық үстемдiк алады.
Мұндай жiктеу едәуiр дәрежеде шартты болса да, топырақтың құрылымды және құрылымсыз бөліктерінің ара қатынасын түсiну үшiн керек, себебi топырақтың құрылымдық жағдайының сапалы көрінісі оның қолайлы, нақты жағдайға сәйкес берiк құрылысы арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Механикалық өңдеу арқылы топырақтың жыртылатын қабатына берiлген құрылыстың берiктiгi ол топырақтың құрылымдығының деңгейiне тiкелей байланысты болады. Құрылымдылық жоғары болған сайын топырақтың құрылысы төзімдiрек келеді және ол ұзағырақ сақталады. Құрылымдылықтың төменгi деңгейiнде, яғни топырақта «уақытша», берiк емес түйiршiктер көп болғанда олар сыртқы әрекеттерден, бiрiншi кезекте ағын судың әсерiнен, тез бұзылады және топырақ «балшықтанады», тығыздалады. Сондықтан ылғалдылығы жеткiлiктi және артық аймақтарда және суармалы егiншiлiкте құрылымдылығы төмен топырақтарды жиi қопсытуға, жылда терең өңдеуге тура келедi. Құрылымдылығы жоғары топырақ аймақтарында және ылғалы көп емес аймақтарда, мысалы, қаратопырақты дала аймағында қопсытудың тереңдiгi мен саны аз болуы керек. Ал құрылымдылығы төмен және ылғалы аз, мысалы топырақтың тығыздығы жоғарылау құрылысы керек құрғақ дала аймақтарында терең қопсытуды шағындау (2-5 жылда бiр жүргiзу) қағидасы қолданылады.
Топырақ құрылымын жақсарту шаралары, жыртылатын қабатының тығыздығын және құрылысын реттеу
Топырақтың құрылымы, оның танаптардың құнарлылығы және өнімділігі үшiн маңызы, құрылу және бұзылу жолдары туралы iлiмдi П. А. Костычев, әсiресе, академик В. Р. Вильямс дамытты. В. Р. Вильямс топырақ құрылымының құралуындағы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен микроорганизмдердiң рөлiн, құрылымның бұзылуы мен қайтадан құралу механизмiн, олардың құнарлылық үшiн маңызын көрсетті. Бiрақ В. Р. Вильямс топырақ құрылымының маңызын асыра бағалап, оған егiншiлiктiң барлық мiндетiн бiрдей жүктедi: «Бiрiншi мiндет – топырақтың түйiршiктi құрылымын жасау және оны ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң қоректенуiнiң барлық кезеңдерi бойында сақтау.
В. Р.Вильямстың замандастары академиктер К. К. Гедройц, Н. М. Тулайков және Д. Н. Прянишников құрылымдылықтың егiншiлiктегi маңызы туралы мұндай көзқарасты жақтамады. К. К. Гедройц құрылым туралы түсiнiктеменiң көп бөлігі субьективтi, белгiлi дәрежеде ой тұжырымы сипатына ие деп атап көрсетті.
Н. М. Тулайков құрылымның маңызын жоққа шығармайтынын бiлдiре отырып: «мен құрылымдылықта ешқандай үстемдiктi көре алмадым және оны соқыр сезiмге айналдырып, өмірдiң кез келген жағдайына қолдануды ұсына алмаймын», – деп жазды. Д. Н. Прянишников бұл туралы: «...болашақта емес, қазiрдiң өзінде-ақ шөптанаптан өтпей және құрылыммен еркiн айналыса отырып, тек тыңайтқыштарды үлкен мөлшерде пайдалану арқылы (әрине, агротехника жоғары болғанда) жоғары өнім алуға болады» – деп ойын одан да анық білдірді. Кейiнiрек Н. И. Саввинов, И. Б. Ревутт, П. В. Вершинин, Н. А. Качинскийдiң және көптеген басқа зерттеушiлердiң еңбектерi топырақтың құрылымы туралы iлiмдi кеңiттi және тереңдеттi.
Т. С. Мальцев 1953 жылы «Егiншiлiк мәдениетiн көтеру мәселелерiне творчестволық шешiм керек» деген мақаласында, «егер олардың тамырлары мен орудан қалған қалдықтарының қурауы мен ыдырауына бұл процестердiң жүруiне көпжылдық шөптердiң егiсiндегiдей немесе табиғаттағыдай жағдай жасалса», бiржылдық дақылдар да топырақты органикалық заттармен байытады деген тезис ұсынды. Мұндай жағдай жасау үшiн ол бес танапты ауыспалы егiстi ұсынды: сүрi танап, дәндi дақыл, бiр жылдық дәндi бұршақ дақылдары. Мұнда терең өңдеу (қайырмасыз) тек сүрi танапта ғана жүргiзiледi, ал бiр жылдық дақылдарды жинағаннан кейiн күзде аңыз қалдықтары табақты сыдыра жыртқыштармен өңделедi.
Топырақтың құрылысы негiзiнен оны өңдеудiң жүйесiмен реттелiнсе де, берiлген қолайлы құрылыс пен оның берiктiгi топырақтағы агрономиялық құнды құрылымның санына, сапасына және өлшемiне байланысты болады. Iс жүзiнде барлық ауылшаруашылық топырақ-климат аймақтарында топырақтың құрылымдылығын жақсарту оны мәденилендiрудiң маңызды шарты болып табылады. Топырақта органикалық заттарды жинау бұл мақсатқа жетудiң негiзгi жолы болады.
Бұл мiндеттi орындауда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердi және олардың астық тұқымдастармен қоспасын егудiң, әртүрлi органикалық тыңайтқыштарды көп мөлшерде сiңiрудiң, сидераттар жыртудың және аралық дақылдарды себудiң маңызы зор. Көпжылдық шөптердiң, сидераттардың және белгiлi бiр дәрежеде ауыспалы егiстегi бiр жылдық негiзгi және аралық дақылдардың құрылым жасаудағы тиiмдiлiгi олардың өнімінің деңгейiне тiкелей байланысты болады. Жоғары өнім тек жер бетiнде ғана үлкен биомасса құрамайды, сонымен қатар өсімдіктердің тамырлары таралған қабатта бiркелкi жайылған көп тамыр қалдырады. Бұл құрылым құралу үшiн шiрiндi заттар бередi және топырақтың физикалық қасиеттерiн жақсартады.
Санына, сапасына мезгiлi мен топыраққа сiңiру тәсiлiне қарай органикалық тыңайтқыштар шашу мен сидераттар жырту топырақтағы берiктiгi жоғары агрегаттардың санын арттыруы мүмкiн.
Топырақты өңдеу де оның өңделетін қабатының құрылымын жақсартуы мүмкiн. Д. Г. Виленскийдiң, П. В. Вершининнiң және тағы басқалардың еңбектерiнде оңтайлы «құрылым құрауға» ылғалдылығында (ұсақтауға) өңдеу табиғи агрегаттарға ұқсас саңылаулы, мықты агрегаттардың пайда болатыны анықталған. Құрғақ және ылғалдылығы жоғары топырақты өңдегенде, керiсiнше, қолайлы ылғалдылықтан ауытқу артқан сайын құрылымның бұзылуы да арта түседi. Iс жүзiнде соңғысы жиiрек, әсiресе, өңдеу кезеңiңде ылғалдылығы төмен болатын топырақтың беткi қабатын өңдегенде кездеседi.
«Көп жыртылған» тозаңдалған қара топырақтарда бiраз жағдайларда жыртылатын қабатқа қарағанда, онан төменгi қабаттың құрылымы жақсы болады. Бұл жағдайда топырақтың жыртылатын қабаттан төменгi қабатындағы жармаң (дән тәрiздi құрылымды) түйiршiктердi бетiне шығарып терең жырту тиiмдi.
Соңғы жылдары гумин қышқылы, шым тезек желiмi, битумдар, синтетикалық полимерлер сияқты жасанды құрылым жасайтын желiмдегiш заттарды пайдалануға бағытталған зерттеулер көптеген елдерде кеңiнен жүргiзiлуде. Топыраққа шамалы мөлшерде (1-2 ц/га) енгiзiлiп, оның беткi қабатының құрылымын, қабыршақ жасауға мүмкiндiк бермей жақсартатын заттар iздестiрiлуде.
Қазiрде К-1, К-4, К-6, ПАА және басқа құрылым жасайтын полимерлiк препараттар ұсынылған. Полимерлiк құрылым жасаушылардың әрекетi олардың топырақтың терiс зарядты бөлшектерiне коагуляциялық әсерiнен топырақтың бөлшектерiн микроагреграттарға бiрiктiретiн жiп тәрiздi молекулалар құрауына негiзделген. Микроагрегаттардың құралуында басты рөлдi топырақ бөлшектерінің бетiндегi полимерлердiң адсорбциясы және валенттiк байланыстың пайда болуы атқарады. Осындай жағдайда пайда болған топырақ құрылымдарының әсерi 3-6 жылға созылады.
Өкінішке орай, бiр препараттың әртүрлi топырақтардағы әрекетi бiрдей емес, жеке алғанда, топырақ ерiтiндiсiнiң реакциясына байланысты болады. Сонымен қатар, полимерлiк препараттармен өңдеу топырақтардағы жоғары құрылым құрау әрекетiне, өнімнің өсуiне қарамай, бағасының жоғарылығына байланысты, оларды пайдалану тек топырақ мелиорациясын жүргiзгенде, су және жел эрозиясымен күрескенде, бағалы және техникалық дақылдарды өсіргенде ғана экономикалық жағынан тиiмдi болады.
Топырақтың құрылымдылығы ауыспалы егiсте дақылдарды дұрыс таңдау және олардың алмасуы арқылы, топырақты өңдеудi азайту, органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану, артық қышқылдылық пен сiлтiлiктi жою сияқты топырақты мәденилендiрудiң басқа шаралары арқылы да жүзеге асырылады.
Жыртылатын, әсiресе, тұқым сiңiрiлетiн қабаттардың борпылдақтығы жоғары болғанда олардың тығыздығын катоктарды пайдалану арқылы реттейдi. Тәжiрибе мен практика көрсеткендей, сортаң емес қара және қара қоңыр топырақтарда тұқым мен топырақтағы ылғалдың байланысын жақсарту үшiн тұқымды сепкенге дейiн және сепкеннен кейiн катоктар пайдаланған тиiмдi. Балшықтанатын сортаңды қара және қара-қоңыр топырақтарда тұқым тығыздалған төсенiш және тұқым сепкiштiң шүмегiне тiрек дайындау үшiн тұқымды себу алдыңда топырақты катокпен тығыздау тиiмдi болады.
Кейбiр жағдайларда топырақтың қолайлы тығыздығы мен құрылысына қол жеткiзу үшiн табиғаттың күшi мен уақыт факторы пайдаланылады. Мысалы, қара топырақты емес аймақта екпе сүрi танаптарда топырақтың қолайлы тығыздық пен құрылысына дейiн жауын-шашын мен гравитациялық күштердiң әсерiнен табиғи шөгуі жүруi үшiн терең өңдеудi күздiк дақылдарды себуден 20-25 күн бұрын жүргiзедi.
Осы мақсатпен ауылшаруашылық аймақтарының көпшiлiгiнде дәндi дақылдарды себу кезеңiне дейiн жауын-шашынның, қар суының және гравитациялық күштердiң әсерiнен күзгi-қысқы-көктемгі кезеңдерде шөгіп тұқым себу кезеңiне дейiн қолайлы тығыздық пен құрылысқа жетуi үшiн топырақтың негiзгi терең өңдеуiн көктемде емес, күзде жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет