1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Топырақтың морфологиялық қасиеттері



бет18/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Топырақтың морфологиялық қасиеттері
Топырақтың пайда болу процесіне өзіне тән құрылымның бірі – пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір-бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың құрылымымен шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді оның бір-бірінен сыртқы пішіндерінен айырмашылығы бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, оның бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп караған кезде топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әртүрлі топырақ элементері де осылай бір-бірінен ажыратылады.
Топырақтың негізгі морфологиялык сипаттамаларына топырақтын түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы, әртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСl-мен әрекеті т.б. жатады.
Топырақ профилі (кескіні). Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В. В. Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А – қара шірікті қабат. В – өтпелі қабат. С – топырақ түзуші аналық тау жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А1А2, В1В2, С1С2, т.б. деп белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:

  1. Қара шірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.

  1. Темір және марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.

3. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері-ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрышта ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақты анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына койылады. Мысалы, қара қоңыр, сарықұба, ашық сары деген сияқты.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түс – топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдаһану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.


Қосымша әдебиеттер

1.Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983. 320 с.


2.Полынов Б.Б. Генетический анализ почвенного профиля // Тр. Почвенного ин-та им. В.В.Докучаева. 1930. Вып. 3-4.
3.Евдокимова Т.И. Почвенная съёмка. М.: МГУ. 1981. 264 с.
4.Михайлов И.С. Морфологическое описание почвы (вопросы стандартизации и кодирования). М.: Наука. 1975. 72 с.
5. Качинский Н.А. Физика почв. Ч.1. М.: Высшая школа. 1965. 320 с.
6.Куст Г.С. Методика последовательного изучения почвенных горизонтов // Почвоведение. 1992. № 6. С.125-132.
7.Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.А.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.
8.Таргульян В.О., Ливеровский Ю.А.,Соколов И.А. О принципах почвенно-профильной терминологии //Почвоведение. 1978. № 1.
9.Шишов Л.Л., Тонконогов В.Д., Лебедева И.И., Герасимова М.И. Классификация и диагностика почв России. Смоленск: Ойкумена. 2004. 342 с.


4 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет