1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар



бет14/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:
1. Қара шірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
2. Темір марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
3. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға ерігіш тұздар (Хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері-ақ келеді.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрыш ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды – көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.
Топырақтың түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы қара шірінді молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түсті топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
2.3. Топырақтың генетикалық қабаттары, олардың диагностикасы, символикасы
Топырақтың құрылысы деп топырақ кесіндісін құрайтын генетикалық (шығу тегі бойынша бір-біріне байланысты) қабаттардың жиынтығын атайды. Әрбір топырақ типтерінің құрылыстары, қабаттардың кезектесуі бір-бірінен өзгеше болады. Дегенмен, В. В. Докучаев негізгі үш генетикалық: А – қарашірікті-аккумлятивтік, В – аралық (иллювиалдық), С – топырақ түзуші немесе аналық жыныс қабаттарды белгіледі.
Топырақтың бояуы оның негізгі айқын белгілерінің бірі болып саналады. А. Н. Сабаниннің айтуынша, топырақта ашық жасыл мен көк түстен басқа қарадан аққа дейінгі түстердің бәрін кездестіруге болады. Ал батпақты топырақта жаңа жасалған топырақ кесіндісінен ашық жасыл және көк түстерді де көруге болады. Топырақтың көптеген типтері өз түстерімен аталады: күлгін топырақтар, қара топырақтар, қызыл қоныр топырақтар, қоныр топырақтар, сұр топырақтар, қызыл топырақтар, сары топырақтар және т.б.
Топырақтың беткі қабатының түсі ондағы гумустық заттардың шамасына байланысты жасалған. Топырақтың қызыл және сары түсі жеке минералдардың (гематит, лимонит), түсіне немесе ұсақ дисперсті саз минералдардың (каолиниттің, монтмориллониттің, т.б.) бетінде хемосіңірілген темір тотықтарына, лас көк түсі темірдің оксиді, қызыл қоңыр фонда қара дақтың және қара жолақтың болуы марганецтің гидроксидтеріне, ақшыл түсі саз қабығынан тазарған кварцтың ұсақ дәншелерінің түсіне, ақ түс карбонаттардың, сульфаттардың жиналуына байланысты болады. Топырақ кесіндісінің төменгі қабатының түсі негізінен топырақ түзуші (аналық) жыныстың бояуына, оның құрамы мен үгілу дәрежесіне сәйкес келеді. Солтүстік жарты шардың тропиктен тысқары аймағында топырақтың қызғылт қоңыр түсті бояуы мұнда көп тараған кайнезой эрасының төрттік кезеңіне топырақ түзуші жыныстарына байланысты.
Топырақ қабаттарының түсі ылғалдылығына, жарықтың түсуіне, структуралық жағдайына байланысты да өзгереді. Мысалы, бір топырақтың өзі құрғақ күйінде сұр, ылғал күйінде қара сұр түсті, структурасыз (ұсақ, ұнтақ) топырақ ұсақ кесекшелі және дәншелі күйіндегіден гөрі ақшыл түсті, күндізгіден гөрі кешкісін қара қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде және күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.
Дегенмен, топырақ түсін визуалдық анықтау қателіктерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді қолдану керек.
Топырақ структурасы да маңызды морфологиялық белгі болып есептеледі. Топырақтың қарапайым бөлшектері (гранулометриялық элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктік және минералдық заттармен желімделіп әртүрлі мөлшерде және формада кесекшелер (агрегаттар, структуралар) түзеді. Профессор С. А. Захаров топырақ структурасын негізінен үш типке бөледі: куб тәрізді топырақтың структуралық бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма тәрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген; тақта тәрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген және тік бағытта қысқараған. Аталған типтердің бәрі де мөлшеріне, қабырғалары мен қырларының сипатына қарай кіші бөліктерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет