1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет28/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Химиялық ciңipy қабілеттілігі – топырақтардың нашар еритін қосылыстар түріндегі катиондар мен аниондарды тұтуы. Нашар еритін қосылыстар түзілуі заттар концентрациясы артқан кезде және олардың шөгіндіге түскен кезінде, сонымен қатар топырақ ерітіндісінде ететін химиялық реакция нәтижесінде жүреді. Мыса­лы, фосфор мен кальцийдің нашар еритін қосылыстары қаратопыраққа суперфосфатты салған кезде пайда болады:
2 Са (НСО3)2+Са (Н3Р04)2 ->Са3 (Р04)2+4Са0+4Н20,
3 Са Cl2+2Na3P04=Ca (P04)2+6NaCl.
Егер топырақта темір гидраттары болса, темір фосфаты түзілуі мүмкін:
Fe (OH)+H3P04=>FeP04+3H20.
Epyi нашар қосылыстар Са2+, Mg2+, Fe3+, А13+ иондардың өзара әcepлecyi кезінде Р04(3)-; S04(2)- - CaC03, CaS04, Ca(P04)2 және басқада тұздарда, алмасу реакцияларында: [ТСК]Са+Н2С03 = [ТСК]2Н+СаС03 пайда болады.
Соныменен катиондар мен аниондар топырақта тұтылуы мүмкін. Олардың кейбір бөліктері жаңа түзілімдерді: ақкөзді, псевдомицелийді, охралық дақ және басқадай формалар түрінде кездеседі. Хи­миялық сіңіру қабілеттілігінің арқасында топырақтарда фосфор және күкірт сияқты қоректік элементтер жинақталады, тек азот топырақтар­дың мұндай формадағы ciңipy қабілеттілігінде тұтылмайды деуге бо­лады. Топырақтардың биологиялық ciңipy қабілеттілігі өсімдіктердің қоректендіру элементтерін таңдап ciңipyiмen шартталған.
Топырақтардың биологиялық ciңipy қабілеттілігі. Органика­лық заттар түрінде бекіген қоректік элементтер топырақтарға түседі және оларда жинақтала береді. Биологиялық ciңipy қабілеттілігі азоттың және барлық маңызды қоректік злементтердің өсімдіктерге тиімді қатынастарда бeкyiн қамтамасыз етеді. Онын эрозиялаған, жас, әлсіз дамыған және механикалық құрамы бойынша жеңіл то­пырақтарда үлкен ерекше маңызы бар.
Топырақтың түзiлy үрдістері мен бұзылуы кездерінде әртүрлі заттардың қозғалуы, бeкyi, пайда болуы және ыдырауы, топырақтар­дың маңызды қасиеттерін көрсететін ciңipy қабілетінің барлық формаларының әсер етуінен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет