Топырақтың жабысқақтығыдеп ылғалды жағдайда топырақтың өңдеу жабдықтарының бетіне жабысу кабілеттілігін айтады. Жабысқактық топырактың механикалық құрамы мен структурасына тәуелді. Ауыр балшықты топырақтардың жабысу кабілеттілігі жоғары, жеңілдерде - құмдауыт, құмдақтарда төмендігімен ерекшеленеді. Структурасыз топырақтардың жабысқактығы структуралыларға қарағанда 2 есе жоғары.
Құрғақ топырақтарда жабысқақтыкқ қасиет жок. Топырақтың ылғалдылығы жоғарылаған сайын оның жабысқақтығы да жоғарылайды, топырақтардың жабысқақтығы шамамен суға 90% дейін толық қанығуына дейін жоғарылайды, ал одан кейін азая бастайды да, топырақ агатын күйге ауысады.
Жабысқақтық мәні өңдеу құралдарынан топырақты бөліп алу үшін керек болатын күшпен, 1 см2 граммен өлшенеді. Ауыр батпақты топырақтарда бұл мән 300 - 350 г/см7 жетеді.
Жабысқактық топырақты өңдеуде үлкен кepi әсерін тигізеді. Құралдарға топырақтың жабысуы нәтижесінде тарту кедергісі ұлғаяды, топырақты өңдеу қиындап, eгicтік сапасы төмендейді.
Топырақтың физикалықжетілуі (nicyi)деп оның өңдеуге қолайлы болатын, кесектері жақсы үгілетін және ең аз тарту күші болатын күйін атайды. Жетілу жағдайы топырақтың ылғалдылығымен анықталады, ceбeбi ылғалдылыққа оның байланыстылығы тәуелді. Қажетті ылғалдылықтағы топырақты өңдеу қолайлы жағдай туғызады. Жыртуға қолайлы жағдай толық ылғал сыйымдылығының 50-60 % ылғалдылығы кезінде болады.
Тәжірибелі жер өңдеушілер топырақтың физикалық жетілуін және жырту уакытын дәл анықтауды үйренген. Топырақтың физикалық жетілу мерзімін анықтау үшін, колға бipaз топырақ алып сығамыз да, жасалған кесекті жерге тастаймыз. Егер кесек шашылмаса, онда ылғалдылық әлі көп, жыртуға әліерте, егер шашылып кетсе, онда бұл жырту уақыты келгенін көрсетеді. Бұл кезде топырақтың механикалық құрамын ескеру керек, бірдей ылғалдылықта құмдақ топырақ кесегісаздақ кесегіне қарағанда тез шашылады. Егер алынған топырақ үлгісін қолмен қысқан кезде кесек жасалмаса бұл топырақтың кеуіп кеткенін және жырту кезі өтіпкеткенін білдіреді.