Физикалық жетілуден басқа биологиялық жетілуді де бөліп көрсетуге болады.Биологиялық жетілу кезінде топырақтағы микроағзалардың биологиялық белсенділігі өсімдіктерге кажетті қоректік өнімдердің босауына ықпал жасайды. Топырақтағы микроағзалар өздерінің белсенді ic-әрекеті үшінбелгілі бip мөлшердегі ылғалдылық пен жылуды, сонымен бipre ауаның еркін айналымын қажет етеді, кейде топырақтың биологиялық жетілуі оның физикалық жетілуімен сәйкес келмей, егістік жыртылғаннан кейін басталуы да мүмкін.
Топырақтың тығыздығыдегеніміз, әртурлі формадағы денелерді (конус, цилиндр және т.б.) топыраққа күшпен еңгізуге көрсететін кедергісі. Тығыздық 1 см2-қа түсетін килограммен өрнектеліп тығыздық өлшегішпен анықталады. Топырақтың тығыздығы топырақ бөлшектерінің санына байланысты және де ылғалдылық жоғарылаған сайын азаяды.
Құрғак топырақтың тығыздығы өте жоғары. Тығыздық топырақтың тартылу кедергісінің мәніне ықпал етіп, өсімдіктің өсуіне біршама әсер етеді. Тығыз топырақта тамырлардың таралуы және өркендердің жер бeтiнe шығуы қиындайды. Механикалық құрамы ауыр, структурасыз, аз қарашірікті және құрамында сіңірілген натрий бар топырақтардың тығыздығы өте жоғары.
Топырақ iciнyiдегеніміз ылғалданған топырақтың көлемінің ар-туы. Бұндай қасиеттерге құрамында органикалық (әсіресе қарашірік), минералдық коллоидтар және сіңірілген натрий бар топырақтар ие. Құрамында коллоидты бөлшектер мүлде аз құмдауыт топырақтар ісінбейді. Топырақ iciнyiнeерекше әсер ететін қарашірік, ceбeбi оныңкөлемі ылғалданғанда едәуір ұлғаяды. Натрий катиондарымен каныққан топырақтар - кебірлер iciнyнe ерекше бейімді. Керісінше, сіңірілген натрийді кальциймен ауыстырғанда, iciнy төмендейді.
Топырақтың сығылуы дегеніміз, оның кебуікезінде көлемінің кішіреюі. Ылғалданған кезде қатты iciнeтінтопырақтар, кепкенде көлемі біршама кішірейеді. Сығылу мөлшері топырақтың ылғалдану дәрежесіне, құрамындағы коллоидтық бөлшектерге, ауысу катиондарының құрамына тәуелді. Сығылу көбінесе структурасыз, натрий катиондарымен қаныққан балшықты және саздақ топырақтарда кездеседі. Құмдауыт топырақтардың сығылу қасиеті болмайды.
Сығылу - қажетсіз құбылыс, ceбeбi оған байланысты жарықшақтар пайда болып, топырақтағы ылғал буланып кетеді. Топырақ жарылғанда өсімдіктердің тамырлары үзіліп кeтyiде мүмкін.
Топырақтың ылғалы, су қасиеттері. Гидрологиялық константалары. Топырақ ылғалдың түрлері.
Топырақ режимі – көп жылдық мәліметтерден шығарылған негізгі топырақ параметрлердің (температураның, ылғалдылықтың, аэрацияның, топырақ ауасы мен топырақ жамылғысының химиялық құрамының) заңдылық өзгерістері.
Өсімдік дамуында және топырақ кескінінің қалыптасуында ерекше маңызды температуралық, су-ауа, қорек, биохимиялық және термоэнергетикалық топырақ режимдері.