.Качинский Н.А. Физика почв. М.: Высшая школа. 1965. Ч.1.
2.Воронин А.Д. Основы физики почв. М.: МГУ. 1986. 243 с.
3.Воронин А.Д., Шеин Е.В. Принципы и методы мониторинга физических свойств почв // Вестник МГУ. Сер. 17, почвоведение. 1990. №4. С.40-48.
4.Науменко А.А. Физическое состояние пахотных темно-каштановых почв в системе изучения почвенного антропогенеза степей Казахстана. // Автореф. дисс… д.б.н. Алматы. 1996. 49 с.
ДӘРІС 7
ТОПЫРАҚТЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ, ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ СУ РЕЖИМІНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Газалмасу немесе аэрация – өзара немесе атмосферамен байланысты топырақтың ауа саңылаулары арқылы жүреді. Газ алмасу факторлары:
Диффузия – парциалды қысымға сәйкес газдардың қозғалуы;
Топыраққа ылғалдың шашыңдармен немесе суаруда түсуі;
Топырақ температурасының және атмосфералық қысымның өзгеруі;
Жел әсері;
Грунт суларының деңгейінің өзгеруі немесе жоғарғы қар еруіненсудын келуі .
Топырақтың ауа қасиеттері. Ауа өткізгіштігі – топырақтың өз арқылы ауаны өткізу қабілеті. Өлшем бірлігі: мл/см2. Топырақ механикалық құрамына, тығыздығына, ылғалдылығына және структурасына байланысты.
Ауа сыйымдылығы – топырақта ауаның көлемдік процентпен мөлшері. Топырақтың ылғалдылығына және саңылаулығына байланысты.
Топырақтың ауа режимі – топыраққа ауа түсу, топырақ кесіндісінде ауаның қозғалуы, топырақтың қатты, сұйық және тірі фазаларымен әрекеттесуде құрамы мен физикалық күйінің өзгеруі, атмосфералық ауамен газ алмасуы барлық құбылыстарының бірлестігі.
Топырақтың ауа режимі тәуліктік, мерзімдік, жылдық және көп жылдық өзгерістерге жатады және тікелей байланыста топырақтың физикалық, химиялық, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерімен, ауа райы жағдайларымен, өсімдік сипатымен, егілетін мәдениеттерімен және агротехникамен болады. Ең қолайлы ауа режимі структурлы топырақтарда, бос құрылысы бар, түскен суды және ауаны өткізуге және таратуға қабілетті топырақтарда кездеседі.
Топырақтың ауа режимін агротехникалық және мелиоративтік шаралармен реттейді. Батпақты топырақтарда агротехникалық шараларды тек мелиорация – құрғатылудан кейін қолданады.
Топырақтың температурасы. Топырақтардың жылу режімін реттеу әдістері.