1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет42/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Бос топырақ ауасының құрамы.
Ерекшеліктері: 1) тұрақты, негізгі компоненттердің мөлшері аз өзгерісті (азот – 78,08 %, оттек – 20,95 %, аргон – 0,93 %, көмір қышқыл газы – 0,03 %); 2) динамикалық (топырақ ауасында ең динамикалық газдар оттек пен көмір қышқыл газы, олардың мөлшері тұтыну және шығу қарқындылығымен, топырақ және атмосфера арсындағы газ алмасу жылдамдығымен күрт ауытқыйды); топырақ ауасындағы азот атмосфералық азоттан аз айырмашылығын көрсетеді; топырақ ауасы құрамы мен жылжымалылығы бойынша біртексіз, бұл топырақ саңылауларының мөлшерінің әр түрлілігімен анықталады; топырақта оттек тұтынушылары – өсімдік тамырлары, аэробтық микроағзалар және топырақ фаунасы, аз мөлшері химиялық процесстерге жалғасады; топырақтың жақсы аэрациясы жағдайында көмір қышқыл газының мөлшері сіңірілген оттек мөлшеріне эквивалентті немесе одан кішкене төмен болады, сондықтан тыңыс алу коэффициенті бірге тең немесе жақын.

Қосымша әдебиеттер


1. Макаров Б.Н. Газовый режим почвы. М.: Агропромиздат. 1988. 104 с.
2. Макаров Б.Н. Дыхание почвы и роль этого процесса в углеродном питании растений // Агрохимия. 1993. №8. С.94-104.
3. Ларионова А.А., Розанова Л.Н. Влияние температуры и влажности почвы на эмиссию СО2 // Дыхание почв. Пущино: НЦБИ РАН. 1994. С.68-75.
4. Кудеяров В.Н., Хакимов Ф.И. Оценка дыхания почв России // Почвоведение. 1995. №1. С.33-42.
5. Димо В.Н. Тепловой режим почв СССР. М.: Колос. 1972.
6.Димо В.Н., Тихонравова П.И. Оптимальные параметры теплообеспеченности почв СССР // Почвоведение. 1991. №3. С.56-65.


ДӘРІС 9

Топырақтың жіктелуі, номенклатурасы және диагностикасы.



  1. Топырақтың жүйелілігі және жіктелуі.

  2. Жер бетінде топырақтың географиялық таралу задылықтары және қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы.

  3. Топырақтардың көлденен зоналылығы.

  4. Топырақтардың тік зоналылығы.

  5. Интразоналдық топырақтар және олардың ерекшеліктері.

  6. Дүние жүзінің топырақ жамылғысы. Тропикалық, субтропикалық, суббореалдық, бореалдық, полярлық белдеулердің топырақтары. әлемнің топырақ ресурстары.

1.Топырақ түрлері мен зоналары туралы түсінік. Топырақтың табиғаттағы алуандығы.
Табиғатта топырақ - топырақ түзілу факторларының өзара тығыз байланыстары нәтижесінде пайда болады және дамиды. Топырақ түзілуіне ықпал ететін факторлар тұрақты болған кезде, борпылдақ тау жыңыстарындағы үрдістердің жылдамдығы және бағыттарына байланысты органикалық заттардың келуі, синтезі және ыдырауы, сулық, ауалық, жылулық және қоректену режимі бойынша ерекшеленетін топырақтар пайда болады.
Табиғатта әр фактордың әcepi топырақ түзілу факторларының қандай тіркесте болуына байланысты уақыт аралығы мен кеңістікте өзгеріп отырады. Факторлардың уақыт аралығына өзгеруі кезінде топырақ эволюциясы жүреді: топырақ түзілу үрдістері өзгереді, топырақ бip күйден басқасына ауысады. Факторлардың кеңістікте өзгepyi, мысалы құрылыкта, алуан түрлі топырақтардың пайда бо­луына алып келеді. Ауданы 3-5 га кішкене аумақта 200-ге дейін то­пырақ түpi болуы мүмкін, ал Қазақстанда 700-ден астам топырақ түpi кездеседі.
Табиғаттағы топырақтар алуандығын пайда болуы мен түзілуіне, маңызды қасиеттері мен құрамына байланысты бірнеше топқа бөлу­ге болады. Бұлай жіктеу топырақ классификациясы шешетін мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет