1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет43/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Топырақ классификациясы.
Классификация сөзі латынныц екі сөзінен шыққан classis — дәреже топ, және facio - жасаймын. Бipiншi генетикалық классификацияны 1879 жылы В.В. Докучаев ұсынды, ол 1886 жылы баспадан шықты. Қазіргі классификация В.В. Докучаевтың ілімi (1954) негізінде құрастырылды, онда адамның шаруашылық ic-шаралары әсерінен пайда болған топырақтартың қасиеттері мен құрамы ескеріліп, таксономиялық бірліктердің өндірістік ерекшеліктері мен оларды ұтымды пайдалану ғылыми жүйеге келтірілді. Қaзipгi классификацияның неізгі бірлігі топырақтың үлкен топтарын біріктіретін, ондағы табиғи шарттардың ұқсастығы мен нақты топырақ түзiлy үрдістері айқын байқалатын генетикалық тип.
Топырақ тeгi кешенді жергілікті ерекшеліктермен анықталады, олар: аналық жыныс, грунт суларының құрамы, ежелгі топырақ түзілу ерекшелігі, әр элементтердің шайылу сипаты және топырақ кескіннің даму дәрежесі.
Топырақ түpi топырақ түзілудегі бip немесе бірнеше үрдістер тіркесінің білінyi бойынша анықталады. Түр тармақтары - жоғары горизонттың механикалық құрамы бойынша, ал разряд - аналық және астыңғы жыныстар бойынша анықталады.
Классификация негізінде КСРО топырақтарының номенклатуралық тiзiмi жасалды. Ереже бойынша құрастырылатын топырақ атауларын топырақ номенклатурасы деп атайды. Ол үшін халық қойган атаулар қолданылады: шым, солод, қара топырақ, тақыр және т. б. Көптеген топырақтарды түсіне қарай - күрең топырақ, сұр топырақ, құба топырақ, географиялық орналасуына байланысты - оңтүстік, солтүстік, құрамына қарай - аз, көп, терең, қабатты; көpiнyiнe байла­нысты - қатты, орташа, шамалы деп атайды. Топыраққа атау бергенде бірінші орынға генетикалық жағын, екінші орынға - топырақтың жоғарғы горизонт құрамын және ең соңғы орынға - аналық жыныс атауы және оның механикалық құрамын қояды. Номенклатуралық топырақ тiзiмi топырақты картографиялауда пайдаланылады.
2. Жер бетінде топырақтың географиялық таралу задылықтары және қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы.
Топырақтың географиялық таралу задылықтары жер бетінде табиғи жағдайлардың таралуымен анықталады. Бұл ұсыныс топырақ географиясының келесі маңызды бөлімдерінің дамуының негізінде жатады: көлденен зоналдылық туралы ілім, тік зоналдылық туралы ілім, топырақ-климаттық фракциялар және провициялар туралы ілім, топырақ жамылғысының біртектес еместігі және құрылысы туралы ілім.
В.В. Докучаев алғашқы Орыс жазығында топырақтардың еңдік-зоналдық таралуын зерттеді, бұнда солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп бір-бірін тундра, күлгін, сұр орман, қаратопырақ, күрең және құба жартылай шөлейт топырақтары ауыстырады. Топырақтар географиясының жалпы заңдылықтарын дәлелдеуде советтік ғалымдарымен (К.Д. Глинка, Л.И. Прасолов, И.П. Герасимов, В.А. Ковда және т.б.) докучаевтік топырақтану тұжырымдамаларының негіздерінде құрастырылған әлемдік карталары маңызды болды.
Топырақ біртектесеместіктердің генезисы, құрамы, формалары және агрономиялық маңызы туралы ілім топырақ жамылғысының құрылысы туралы ілім деп аталады. Осы ілімнің негізі болып элементарлық топырақ ареалы (ЭТА) түсінігі көрсетіледі. Элементарлық топырақ ареалы – топырақ жамылғысы топырақтың бір разрядыен крсетілген территорияның кіші участкісі. ЭТА негізгі сипаттамасы – генезисын, құрамын, қасиеттерін, морфологиялық бағасын және құнарлық деңгейін ашатын классификациялық атауы. ЭТА мөлшері бойынша кіші контурлы (1 га кіші), орташа контурлы (1-20 га), ірі контурлы (20 га жоғары) болып бөлінеді. ЭТА формалары әртүрлі: негізінен изоморфты (салыстырмалы домалақ): ұзыңдығы мен енінің қатысы 2 төмен, созылған – 2-5, сызықты – 5 жоғары, тармақты және қалақты.
Топырақ жамылғысының құрылысы.
Топырақ жамылғысының құрылысы (ТЖҚ) – ЭТА заңдылық бірлестігі. ТЖҚ сипаттық параметрлері: құрамы (компонеттілігі), күрделілігі (аралдардың кеңістік аусуының жиілілігі), контрасттылығы (ареалдардың арасында генетикалық және агрономиялық айырмашылықтардың дәрежесі). Жер бедерінің ерекшеліктеріне, жыңыстардың қасиеттеріне және басқа жағдайларға байланысты ЭТА әртүрлі микро-, мезо- және макрокомбинацияларды түзуі мүмкін және топырақ жамылғысының нақты құрылысын құрастырады.
Микрокомбинациялар кіші (бірлік және ондық метрлер) ЭТА, жиі микро-жер бедерлерімен байланысты, сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет