Су режимінің шайылу типi. Атмосфералық жауын-шашын жыл сайын топыраққа сіңіп, жер асты суларына дейін жетеді, сондағы жер асты суларына кететін ылғал мөлшері, топыраққа жер асты суларынан келетін ылғал мөлшерінен көп. Сурежимінің шайылу типі тайга ормандары мен жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болатын басқа да зоналарға тән.
Шайылу типінің тағы басқа бip түpi, периодты шайылу типі, бұнда топырақтың жер асты суларына дейін шайылуы периодты түрде - жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болған жылдары жүреді. Жер асты сулары мен капилляр жиектері өсімдік тамырларынан төменде орналасады. Су режимінің осы типі орманды дала аймағындағы орманның сұр топырақтарына тән. Су режимінің шайылмайтын типі.Грунт-топырақ қабаты ешқашан жер асты суларына дейін шайылмайды. Ылғалданған қабаттын төменгі шекарасы мен жер асты суларының жиегі арасында ылғалдылығы құрғау ылгалдылығына сай келетіндей қабат жатады. Жер асты сулары тереңде орналасқан (12-15 м-ден бірнеше ондаған м-ге жетеді). Бұл тип ылғал булануы жауын-шашыннан басым болатын қаратопыраққа, күрең, құба және сұр топырақтаға тән.
Су режимінің булану типі.Осы су режимінде топырақ пен өсімдіктердің ылғалды буландыруы жауатын жауын-шашын мөлшерінен көп болады. Жетпейтін айырмасы жер асты суларымен толықтырылады. Бұндай су режимі тұзды топырақтарда байқалады.
Тоңды су режимі типі.Ол «мәңгі тоң» облыстарына тән. Астыңғы бөлігі epiгeн топырақ пен тоң арасында «тоңүсті сулары» пайда болады, мұнда сутірек міндетін тоңды грунт атқарады. Әcipece жауын-шашын кезіндегі су epiгeн топырақ қабатын әбден қанықтырады. Жалпы, жаз аяғына қарай «тоңүсті сулары» жойылады.
Орман ағаштарының аумактық су режиміне әcepi. Орманның және екпе ағаштардың аумактық су режиміне әcepi алуан түрлі, ол әсерлердің көбici топырақ арқылы жүреді.
Шалғындар мен далаларға қарағанда орман ылғалды әлдеқай-да көп буландырады және орман ағаштары астындағы ылғалдың топырақ бетінен шығындалуы өте төмен, ал жауын-шашынның, нөсердің, epiгeн қар суының сіңірілуі жоғары болады. Қыста, орманда, ашық даламен салыстырғанда қар көп жиналады. Ормандағы ылғал сіңірілуі басқа жерлермен салыстырғанда жоғары. Сондықтан қар ерігенде де, жаңбыр кезінде де ылғал топыраққа түгелдей сіңеді, яғни ормандарда су шығыны аз болады, ауа ылғалданады және су балансы өзгереді. Жалпы, орман топырақтағы ылғал айналымын ұлғайтады. Ол дала және орманды дала зоналарында жақсы байқалады.