Мезокомбинациялар – мезо- жер бедерлерімен немесе топырақ түзуші жыңыстардың кеңістік аусуымен байланысты ірі ЭТА немесе микрокомбинациялардың аусуы.
Макрокомбинациялар – макро- жер бедерлерімен қамтамасыз етілген мезокомбинациялардың аусуы.
3. Топырақтардың көлденен зоналылығы. Қазіргі көзқарастар бойынша, құрлық топырақ жамылғысында көлденен топырақ-климаттық белдеулер бөлінген, олар негізінен климаттың термиялық ерекшеліктерімен (полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық, тропикалық) қамтамасыз етілген. Әр бір белдеуге топырақ түзілуінің ұқсас термоэнергетикалық режимдерімен топырақ типтері тән болады.
Топырақ-климаттық белдеулері топырақ-биоклиматтық облыстарға бөлінеді, олар анықталған атмосфералық ылғалдану режимімен және өсімдік жамылғысының типтерімен сипатталады. Келесі облыстарды ажыратады: ылғалды (экстрагумидты және гумидты) ормандық, тайгалық немесе тундралық өсімдік жамылғысымен; ауыспалы (субгумидты және субаридты) далалық, ксерофиттық-ормандық және саванналық өсімдік жамылғысымен; құрғақ (аридты және экстрааридты) жартылай шөлейт және шөлейт өсідік жамылғысымен.
Топырақ-биоклиматтық облыстардың топырақ жамылғысы біртектілеу, бірақ бір неше зоналдық және интразоналдық топырақ титерінен тұрады. Әр бір топырақ-биоклиматтық облысында 2 немесе 3 топырақ зонасы бөлінеді.
Топырақ зонасы - 1 немесе 2 зоналдық топырақ типтерінің және оларға сәйкес интразоналдық және ішкі зоналдық топырақтардың ареалы.
Топырақ зона тармағы - топырақ зонасының бөлігі, онымен бір бағытта созылған, территориясында анықталған топырақтың зоналдық типтерінің тармақтары таралған.
Топырақ фациясы – топырақ зонасының бөлігі, басқа бөліктерден топырақтардың температуралық режимі және ылғалданудын мерзімдік барысы бойынша ерешеленеді.
Топырақ провинциясы – топырақ фациясының бөлігі, топырақ жамылғысының оролитологиялық қасиеттері және құрылысы бойынша топырақ аймақтары мен аудандарына бөлінеді.
Топырақ аймағы – топырақ провинциясының бөлігі, жер бедері мен топырақ түзуші жыңыстардың ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген топырақ қоспаларының анықталған типімен сипатталады.
Топырақ ауданы – топырақ аймағының бөлігі, топырақ жамылғысының бір типті мезоқұрылысымен сипатталады. Топырақ аймақтары сапалық ерекшеленеді: топырақ жамылғысының құрамы мен құрылысы бойынша; топырақ аудандары тек аймаққа қасиетті топырақтардың тегі, түрлері және әр түрліктерінің саналық қатысы бойынша ерекшеленеді.
3. Топырақтардың тік зоналылығы. Әр бір тау мемлекеті анықталған топырақтардың тік зоналдылығының құрылысымен сипатталады. Таулы облыстарда, жазықтармен салыстырғанда, биоклиматтық жағдайлар мен топырақтардың генетикалық типтерінің жоғары алуандылығы бар екені В.В. Докучаевпен және басқа да ғалымдармен дәлелденді.мысалы, суық ылғалды шалғындар альпиялық тау-шалғындық топырақтарымен, суық далалар мен шөлейттер тауларда кең таралған, ал жазықтарда кездеспейді. Бірақ, жалпы, топырақтардың тау типтері жазықтардағы топырақтар сияқты сондай сияқты эколого-генетиалық топытарға жатқызылады.
4. Интразоналдық топырақтар және олардың ерекшеліктері. Зоналдық топырақтар биоклиматтық зонаға сипатты топырақ түзілу жағдайлары бар автономдық ландшафтарда кең таралған топырақтар (қаратопырақтар, күрең, құба және т.б.). Интразоналдық топырақтар – зона ішіндегі топырақтардың басқа барлық типтерін кіргізеді, олар шекті таралған және топырақ түзуші жыңыстардың ерекшеліктері, ылғалдану жағдайлары және т.б. басымды әсерінен дамиды (шалғын топырақтары, кебірлер, сортаңдар және т.б.).
5. Дүние жүзінің топырақ жамылғысы. Тропикалық, субтропикалық, суббореалдық, бореалдық, полярлық белдеулердің топырақтары. Әлемнің топырақ ресурстары. Топырақ жамылғысы өндіріс, көлік, қала және ауыл шаруашылық құрылыс қызметінің негізі. Ақырғы кездері топырақтың көптеген алаңы рекреациялық мақсатта, қорық және қорғалатын территорияларды құрастыруда пайдаланады. Осының барлығы егістік алаңдардың қысқаруына әкеледі. Бірақ, сонымен бірге, халық санының өсуі тағамдар өндірісінің ұлғаюын шақырады. Оны қамтамасыз ететіндер: ауыл шаруашылық өндірісінің технологияларын жетілдіру, топырақ құнарлығын жоғарлату, мәдениеттердің өнімділігін өсіру, егістіктердің алаңдарын кеңейту. Қазіргі уақытта бір адамды толық тағамдармен қамтамасыз ету үшін 0,2-0,3 га жыртылған жер қажет. Қазіргі уақытта егістікке жарамды алаңдардың жартысы қолданылады. Шөпті ландашафтар – табиғи жайылымдар 32 млн. км2 алып жатыр. Ормандармен 40,5 млн. км2 жамылған. 2 млн. км2 қалалар, өндіріс кәсіпорындары, жолдар, электротасымалдау және құбырғалар трассалары алып жатыр. Кейбір дамыған елдерде егістікке жарамды жерлердің алңы жалпы алаңнан 70 % алады, дамуы төмен мемлекеттерде, мысалы, Африкада және Оңтүстік Америкада өнделуге жатқызылған 36 % топырақ (1 кесте).
№ 1 кесте. Егістікке жарамды әлем топырақтарының қазіргі пайдалануы және даму болжамы (Н.Н. Розов және М.Н. Строганова мәліметтері бойынша, 1979)
Топырақтардың географиялық белдеулері және топтары