Кебірлер қасиеттері. Кебірлердің өздеріне тән морфологиялық epeкшeлiгi, ондағы иллювиалдық-кебірлі горизонт өте тығыз болады, далалық жағдайда кебірді көбінесе сол арқылы анықтайды.
Кебірлердің физикалық және химиялық қасиеттері нашар. А горизонтының структурасыздығына байланысты ылғалдылық жоғары болғанда қатты ісініпкетеді, ал кеуіпкеткенде бетінде қабыршақ пайда болып, жарылып кетеді.
В горизонты - иллювиалдық-кебірлі, ылғалды күйінде өте тұтқыр, жабысқақ, су өткізбейді, сондықтан қар ерігенде, жауын жауғанда кебір бетінде су ұзақ тұрып қалады, су сіңбейді де ауаға буланып кетеді. Бұл горизонт кебу күйінде ешқандай өндеуге келмейді.
Кебірлердіңфизикалық және химиялық қасиеттерінің нашарлығына байланысты, олардың табиғи өнімділігі өте төмен. Онда тек ксерофит өсімдіктер: жусанның кей түрлері, изен және т. б. ғана өседі. Кебірлердің көп бөлігінде шөптесін өсімдіктер өспейді, бірен-саран көк-жасыл балдырлар мен қыналар кездеседі.
Кебірлердің жіктелуі. Кебірлердің жіктелуі олардағы элювиалдық горизонтың қалындығы, тұздану дәрежесі, грунт суларының орналасу тереңдігіне негізделген.
Элювиалдық горизонттың қалындығына байланысты кебірлердің жіктелуі мынадай: қабыршақты немесе таяз кебірлер - кeбipүстіндегі А горизонтының қалындығы 10 см-ге дейін; орташа бағаналы кебірлер – 10-нан 18 см-ге дейін; терең бағаналы кебірлер -18 см-ден терең.
Грунт суларының орналасуына байланысты кебірлердіңжіктелуі мынадай: шалғынды - жер асты сулары 3 м-ге дейін, шалғынды-далалық және далалық - 6 м-ден терең.
Кебірлерді тұздану сипатына қарай содалы және хлоридті-сульфатты деп жіктейді. Содалы кебірлер орманды дала және шалғынды дала зоналарында, ал хлоридті-сульфатты құрғак дала мен шөлейт зоналарында таралған. Содалы кебірлер шалғындық кебірлер, ал хлоридті-сульфатты кебірлер далалық кебірлер болып табылады.
Далалық кебірлердің өзіндік ерекшелігі - онда гипсті горизонт беткі қабатына жақын орналасқан. Сұр топырақтар зонасында кебірленген топырақтар таралған да, кебірлер өте аз кездеседі.
Кей жағдайларда, кебірлерде далалық және шалғындық шөптесін өсімдіктер өскенде, олар кебірлерді органикалық заттармен, натрийді ығыстырып шығаратын кальциймен байытатындықтан, біртіндеп далаланады. Кебірдің В горизонтындағы бағаналы структурасы біртіндеп жойылып, өз қасиеттері мен морфологиясы бойынша айналасындағы қара топыраққа, күрең топыраққа және т.б. жақындайды.
Солодтар Солодтар деп ұзақ уақыт аралығында шайылуына байланысты сіңірілен натрийдан толық айрылған, Са2+, Mg2+, Н+ катиондарымен қаныққан, кебірленген топырақтарды атайды. Кебірлердің солодтарға айналу жолын К.К. Гедройц анықтады. Кебірлердің солодтарға айналу үpдici солодтану деп аталады. Солодтардың пайда болуы микроойпаңдарда, қар суы және жауын суымен топырақтың ұзақ уақыт шайылуы арқасында жүреді. Кебірлі горизонттың топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы қарашірік коллоидтарының epyi мен алюмосиликаттардың төменгі горизонттарға шайылатын жылжымалы біржарымдық тотықтар және, элювиалды горизонтта жинақталатын кремнеземге ыдырауына ықпал етеді. Нәтижесінде А1 қарашірік горизонты астында бозғылт элювиалды солодтанған А2 горизонты, одан төмен - иллювиалды қалдықты-кебірленген В горизонты қалыптасады.
Солодтарда келесі генетикалық горизонттар бөлінеді:
А0 - орман төceніші,А1 - қарашірінділі-аккумулятивтік, Аэ - элювиалды немесе солодтанған, В - иллювиалдық және С - аналық жыныс.
Солодтар кәдімгі солодтарға - анық айқындалған А2 горизонты жоқ; шымды солодтар - айқындалған қарашірінділі А4 горизонты бар; шымтезекті солодтар - шымтезекті қабаты бар; кебірлеу және сортаңдау солодтар болып бөлінеді.
3. Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы. Қызыл, сары топырақтар.