1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет66/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Сортандар
Сортандарға жоғарғы горизонтында мәдени өсімдіктер өсуіне зиян келтіретін суда еритін тұздары көп мөлшерде болатын топы­рақтар жатады. Іс жүзінде сортандарға құрамындағы тұздары 1 %-тен асатын топырақтар жатады. Сортаңдарда суда еритін тұздар А горизонтында жинақталған, олардың топырақтағы жалпы құрғақ салмағы 3-5 %, кейде 30-50 %-га да жетуі мүмкін. Тереңдеген сайын топырақтағы тұз мөлшері де көп кемиді.
Сортаңдар аналық жыныстар тұздануына байланысты қалып­тасады. Бұндай тұзды жыныстар Орталық Азия мен Батыс Сібірде кездеседі. Сортаңдар тұзданған жер асты суларының булануы барысында топырақтың жоғарғы горизонттарында жинақталады. Олар құрғап кеткен көлдердің орындарында да қалыптасады.
Сортаңдар теңіз жағалауларындағы облыстарда жағалаудағы тұзды шаңды жел көтеріп, материк ішінe ұшырып әкетуі барысында пайда болады. Желдің бұндай жұмысы Арал мен Каспий маңында ерекше байқалады.
Өзен аңғарлары мен ойпандардағы сорғандардың пайда болуы жауын-шашынның тұздарды биіктеу жерлерден ойпандау жерлерге шайып апаруынан болады. Шығу тері осындай сортаңдар күрең және құба топырақтар аймағында, ойлар мен ойпаңдарда кездеседі. Кейде сортаңдар теңіз маңы жазықтарында кездеседі, олар құрғап кеткен, әсересе суы ащы көлдердің айналасын орай таралады. Топырақтарда тұздың көп мөлшерде жинақталуы биологиялық жолмен, галофит өсімдіктердің әсерінен де болуы мүмкін. Галофиттерге сораңдар - сарсазан, бұйырғын, ақтікен, қарабарақ және басқа да көптеген өciмдіктep жатады. Еттілігі және ылғалдылығы жоғары сораңдар тез еритін тұздарды топырақтан сіңіредi. Ол өсімдіктер құрап, өлген соң, тез еритін тұздар топырақтың жоғарғы горизон­ттарында жинақталады да, біртіндеп тұзданып, ақыры сортаңға айналады. Табиғатта сортаңдардың пайда болуы осындай, оларды біріншілік немесе табиғи сортаңдар деп атайды.
Табиғи сортаңдардан басқа жасанды, немесе екіншілік сор­таңдар да пайда болады. Екіншілік тұздану егістікті суаруды немесе құрғатуды дұрыс жолмен жүргізбеген жағдайда пайда болуы мүмкін. Құрғату арықтары дұрыс салынбаған, суаруға суды көп мөлшерде ысырап еткен жағдайда, жер асты сулары көтерілуі және топырақ тұздануы болады. Іс жүзінде жақсы суару жүйесінің 1 л суындағы тұздар 0,5 г-нан аспауы тиic екендіг1 анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет