1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы


Сортаңдардың химиялық құрамы мен қасиеттері



бет67/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Сортаңдардың химиялық құрамы мен қасиеттері. Сортаңдар құрамында неше түрлі тұздар кездеседі, бipaқ жиі кездесетіндері Mg, Са, Na тұздары, тұз, көмір және күкірт қышқылдарының тұздары (NaCl, NaHC03, Na2SO4 СаС12, CaS04, СаСО3, Са(НСО3)2. Аталған тұздардың кейбіреулері өсімдіктерге зиян келтірмейді, ал кейбіреуінің аздаған мөлшерінің өзі өте зиянды.
Мәдени өсімдіктер мен ағаш тектестерге өте зиянды тұз Na2C03 содасы, ол гидролиз нәтижесінде күшті сілті түзеді. Өсімдік жасушасына енгенде плазмолиз жүреді, өсімдік өледі. Соданың топырақта болатын ең жоғарғы шекті мөлшері 0,005 %.
Сортаңдардың топырақ ерітіндісінде осмостық қысым 100-300 атм. болатындықтан, табиғи жағдайда, сортаңдарда тек галофиттер тірішілік етеді. Ондағы қарашірік мөлшері 1-2 %, тек Ciбip сортаңдарында ғана 5 %.
Сортаңдардың топырақтар ерітіндісіне бейтарап тұздар рН 7,0-7,5 реакциясын берсе, сілітілік (содалы) тұздар - күшті сілітілік ре­акция береді (рН 9-11).
Тұзданған топырақтар мен сортаңдарда микроағзалар өте аз, себeбi көп мөлшердегі тұздар олардың тipшiлiгiнe қолайсыз.
Тұз мөлшері мен тұзды горизонттардың орналасу тереңдігіне байланысты топырақтар тұзданбаған, шамалы сортаңданған, сортаңды және сортаңдар деп жіктеледі. Егер топырақ горизонтында тез еритін тұздар мөлшері 0,25 %-тен аз болса, немесе 150 см тереңдікке дейінгі топырақ кескінінде ондай горизонттар болмаса, олар тұзданбаған болып есептеледі. Егер 80-150 см тереңдікке дейінгі топырақ салмағында тұз мөлшері 0,25 % болса, топырақ ша­малы сортаңданған, егер 5-30 см аралығында болса сортаңды деп есептеледі. Егер топырақтың ең жоғарғы қабатындағы тез еритін тұздар мөлшері 1 %-тен көп болса сортаң деп аталады. Тұздар концентрациясы 0-30 см қабатта болса беткі сортаң, ал егер тұздар бүкіл кecкiнi бойынша таралған болса - тереңкескескінді сортаң деп аталады.
Сортаңдардың жіктелуі. Барлық сортаңдарды аниондар мен катиондар және олардың тұздарының, сонымен қатар морфологиялық сипаттарына қарай жiктeйдi. Аниондарына байланысты хлоридті, сульфатты, содалы және аралас сортаңдарға, ал катиондарына бай­ланысты натрийлі, магнийлі және кальцийлі сортаңдарға жіктеледі. Олардың біріншісінде Na+, екіншісінде - Mg2+, үшіншісінде - Са2+ катиондары басым болады.
Морфологиялық сипаттарына байланысты қабыршақты, борпылдақ, шалғынды және тақыр тәрізді сортаңдарға жіктеледі. Қабыр­шақты (дымқыл) сортаңдар құрғақшылық кезінде әртүрлі тұздардан тұратын, хлоридтерге байланысты ақ түсті, тығыз, қытырлақ қабыр­шақ түзеді. Қабыршақты сортаңдарға содалы немесе қара сортаңдар да жатады, олардың түci соданың әсерінен қарашірінді еритіндіктен
күңгірт болады.
Борпылдақ сортаңдардың құрамында құрғақ, шаңдауыт Na2S04 тұзы бар, қалыңдығы 5-7 см беткі горизонты болады. Шалғын­ды сортаңдар минерализацияланған жер асты сулары жақын орна­ласқан шалғын өсімдіктері астында қалыптасады. Олардың қрамында СаС03, кейде MgC03 тұздары болады, қарашірік мөлшері 6-8 %, азотқа бай, бipaқ фосфор мен калий мөлшеpi жеткіліксіз.
Тақыр тәрізді сортаңдар бөлек төбелдер ретінде кездеседі. Оларда өсімдіктер мүлде өспейді десе де болады, тығыз, беттері жарылып кетеді, тұзды горизонты кесекті, бірталай мөлшерде хлоридтер мен сульфаттар кездеседі. Жоғарыдан қарағанда бұл сортаңдар кебірлерді, ал бipaз тереңдіктегі құрамына кіретін тұздары бойын­ша - бeтi көк-жасыл балдырлармен жабылған сортаңдарды еске түсіреді.
Сортаңдар кескіні тұрақсыз: бірде нашар дифференциалданған, сондықтан генетикалық горизонттарға бөлінбейді (сор сортаңдары), бірде жақсы қалыптасқан (шалғынды сортаңдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет