3.Таза және аралас дақылдар
Таза ормандар дақылдары- бұл ағаш тұқымның немесе бұталардың бір түрінен тұратын дақылдар. Олар әдетте, өсу жағдайлары қандай да бір тұқымның талаптарына ғана сәйкес болатын алаңдарда өсіріледі.
Қазақстан жағдайында мынадай жағдайларда таза дақылдар өсіру орынды болады:
Қостанай обылысының аралдық ормандарындағы жұтаң орманды құмдарда және Ертіс жағалауындағы жолақ ормандарында (қарағай);
Шоқ қайыңды ормандары аймағындығы миялы және мия басқан топырақтарда (қайың);
Жайылма және тоғайлы ормандардағы өзен жағасы аллювиалды сорғыларында (бұталы талдар);
Бөктерлі жартылай тоғайлы құмдарда және сұр топырақты шөлейт ормандарда (сексеуіл);
Батыс Тянь-Шань таулы ормандарының оңтүстік экспозициясы еңістерінде (пісте,бадам);
Жанама тұымдас ағаштарды пайдалану орынсыз Солтүстік Тянь-Шаньның табиғи шыршалы орман жағдайында (Шренка шыршасы);
Құрғақ далалы байрақты орман және жартылай шөлейт аймақтарындағы миялы топырақта (жиде, тамарикс).
Бұл жағдайларда мұндай дақылдар барынша шағымды және ықтимал болатын өсімдіктер ішінде жалғыз шыдамды ағаштар. Таза дақылдарды мақсатты шаруашылық жүргізу кезінде де өсіреді.
Мысалы, сүректі жедел өсіру үшін теректердің плантациялы есепағаштары немесе дәрілік шикізатқа арналған шырғанақ плантациясы.
Аралас орман дақылдары- бұл ағаштар немесе бұталардың екі немесе одан да көп түрлерінен тұратын дақылдар. Олар басты және жанама тұқымдарда, көбіне бұталардан тұрады. Аралас дақылдарды өсіру кезінде әдетте, алқаағаштары құрамында олардың қатысу үлесі кемінде 50% болуы тиіс бір басты тұқым енгізіледі. Басты тұқымды ол үшін қолайлы өсу орны жағдайларын ескере отырып,іріктейді, ол кейіннен алқаағаштардың жоғары қолтығын құрайды және сүректің негізгі,барынша бағалы массасын беруі тиіс.
Жанама тұқым басты тұқым үшін оңтайласқан болып табылады, алқаағаштарда екінші қатар құра отырып, оның өсіміне жақсы жағдай туғызады.
Екпеағаштарға бұталарды көбіне шөптесін өсімдіктерді өсірмеу үшін отырғызады. Қазақстанның солтүстік жазықты жағдайларында аралас орман дақылдарын өсіру кезінде бұталар қарағайды қайың бұтағының желмен зақымдауының алдын алу үшін қарағайлы-қайың алқаағаштарында беткі тұқым ретінде отырғызылады.
Тұқымды дұрыс таңдау және қолайлы орман өсіружағдайлары кезінде аралас алқаағаштар топырақтың қоректік қорынбарынша толық пайдаланады, қолайсыз факторларға қарсы барынша шыдамды, барынша шығымды болады және барынша тиімді су қорғау және топырақ қорғау қасиеттеріне ие болады.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Орман кодексі. Қазақстан Республика –
сының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А. К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.
«Земледение с основами почвовединие и агрохимии».
А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почво –
веденим».
А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана».
Достарыңызбен бөлісу: |