Дәріс жоспары:
1 Орман дақылдары
2. Тұтас және ішінара орман дақылдары
3. Таза және аралас дақылдар
Орман дақылдары алаңы деп орман дақылдарын егуге арналған телім түсініледі. Шаруашылық немесе өңір шегіндегі орман екпеағашы алаңдарының жиынтығы орман дақылдарының қорын құрайды.
Орман екпеағаштары алаңдарының мынадай түрлері бар:
жас және көне ағаштарды кесу;
нашар молығатын немесе молығуы қажетсіз құндылығы төмен тұқымдарды кесу;
жаңадан өртенген және бұрын өртенген жерелер;
селдірлі;
алаңдар, алаңқайлар, бос жерлер, ашық еңістер;
ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды және жарамсыз алаңдар;
орман өсіруге жарамды құмдар, жобалар, аңғарлар және басқа да орманды емес жерлер;
пайдалы қазбалар алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген алаңдар.
Телімнің нақты жағдайына және топырақты дайындау тәсіліне қарай барлық орман екпеағаштар алаңы 4 санатқа топтастырылады:
«а» - ауыл шаруашылығы үшін пайдаланудан шыққан бос жерлер, алаңқайлар мен алаңдар, молықпайтын, шіріген немесе түбірлері тұтастай өңдеуге рұқсат етілген еңістігі 60 дейінгі ылдилар;
«б» - 600 дана/га дейін түбірлер саны бар, молықпайтын, ағаш кесілген, ағашы селдір және өртенген жерлер, сондай-ақ топырақты жолақтармен немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 6-120 дейін ашық ылдилар;
«в» - 600 дана/га дейін түбірлер саны бар, молықпайтын, ағаш кесілген, ағашы селдір және өртенген жерлер, сондай-ақ топырақты алаңдармен немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 12-200 дейін ылдилар;
«г» - ағашы есілген немесе өртенген, әдетте басты немесе құндылығы аз жұмсақ жапырақты тұқымдастармен қанағаттанарлықтай молықпайтын немесе бұталар өсіп кеткен, қою майда ағаштары бар алқа ағаштары сирек жерлер, онда екпе ағаштарды өсіру жолымен басты тұқымды ағашты көбейту үшін алдын ала дәліздер жасау, одан соң топырақты жолақтармен, атыздармен немесе алаңдармен ішінара дайындау қажет болады.Бұл санаттағы екпеағаш алаңдары басты тұқымды ағаштың дақылын өсіру үшін алаңдар немесе биотоптар пайдаланылады не құндылығы төмен алқаағаштарын ( қарағаш, көктерек, бұта нуы) барынша шаруашылық үшін құнды тұқымдармен ( қарағай, шырша, емен) ауыстыру мақсатында қайта құру үшінтағайындалады.
Орман дақылдары қоры алаңдарының әрқайсысы үшін өсу орны жағдайларының үлгісін, сондай-ақ экономикалық орындылығын ескере отырып, орман екпеағаш жұмыстарының сипаты айқындалады, атап айтқанда: ағаш тұқымдарын іріктеу, үлгілері мен ауыстыру схемасы, өсіру тәсілі, отырғызу немесе егу орындарының орналасуы, күтім іс-шаралары, яғни орман дақылдарын өсірудің негізделген жобасы әзірленеді. Орман дақылдары қорының алаңын бірыңғай есепке алу мен тексеру орман орналастыру уақытында жүргізіледі.
Орман дақылдары қорын бірінші кезекте игеруге мыналар жатады:
қылқан жапырақты тұқымдардың жаңадан кесілген алаңдары және шөптесін өсімдіктер тез өсетін өртенген алаңдар;
жоғарғы сыныптағы бонитетті алқа ағаштарын өсіру үшін жарамды құндылығы жоғары топырағы бар орман көмкермеген алаңдар;
топырақтың жел және су эрозиясына ұшырайтын телімдер;
онда шаруашылық жүргізуге бағалы ағаштар тұқымдарын өсіру көзделген құндылығы төмен молыққан жұмсақ жапырақты тұқымдас ағаштарды немесе бұталарды кесу;
пайдалы қазбалар алынған және орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;
Орман дақылдары қорын игерудің нақты кезектілігі орман орналастыру және жобалау іздестіру жұмыстары кезінде айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |