3-дәріс. Ағаш отырғызу және себу орындарын орналастыру тәсілдері, ағаш тұқымдыларды араластыру сызбалары мен түрлері
Дәріс жоспары:
1. Ағаш отырғызу
2 Орман дақылдарының жиілігі
Отырғызу және егу орындарын орналастыру- бұл өсімдіктерді алаңдарға бөлу тәсілі. Ол қатарлы және биотоптық болуы мүмкін. Қатарлы тәсіл, әдетте тұтастай дақылдарды өсіру кезінде пайдаланады. Бұл ретте қатар арасындағы қашақтық қабылданған жобаға қатаң сәйкестікке белгіленеді, мысалы: 1,5; 2,0 немесе 3,0м. Кейде отырғызу қатарлары топтарға немесе ықтырмаға орналасады: 3-5 (немесе одан да көп) бір бірінен азғана қашықтықта орналасады (1,5; 2,0; 3,0м), одан соң 5-6м (және одан да көп) кең ашық жер қалдырылып, қайтадан жақын қатарлар жолағы жалғасады. Отырғызу және егу орындарының бұлай орналасуы ықтырмалы деп аталып, әдетте кесілген, өртенген жерлерде күрт еңісі бар тауларда және террасалар бойына екпеағаштар өсіру кезінде топырақты жолақтай ішінара өңдеуде қолданылады.
Биотопты дақылдарды отырғызу орындары топпен орналасады, олардың әрқайсысыда бірнеше өсімдік отырғызылады. Биотоптар әдетте, алаңдар бойынша ішінара дақылдар кезінде немесе соқалық атыздар бойына отырғызу орындарын звенолық орналастыру кезінде өсіріледі. Звенолық орналастыру кезінде биотоптар бір біріне жақын орналасып (0,3-0,5м), бір қатарға отырғызылатын 3-5 өсімдіктен тұрады. Звенолар арасындағы қашықтық 3-5м. Биотоптарда өсірілетін орман дақылдарында бөрікбастарының түйісуі тез жүреді, табиғи іріктелу барынша қарқынды болып, нәтижесінде алқаағаштар келешекте ағаштардың барынша төзімді даналарынан тұратын болады. Аралас орман екпеағаштарын өсіру кезінде тұқымдар араласуының мынадай схемасы мүмкін болады: таза қатарлар (бір тұқым қатары екінші тұқым қатарымен кезектесіп отырады); ағаш аралық (бір қатарда бір тұқым басқа тұқыммен кезектеседі); ықтырма (бір тұқымнан құралған бірнеше таза қатар бір немесе бірнеше екінші тұқымның таза қатарымен араласады); топтық (жекелеген биотоптар рақылы тұқымдардың кезектесуі жүреді).
Араластыру схемасын таңдау кезінде сүректі және бұталы тұқымдардың биологиялық және орман шаруашылық қасиеттерін ескерген жөн.
Араластыру үлгісі- бұл дақылдарда олардың барынша орынды үйлесуін аралық бәсекелестіктік күші мен нысандары немесе өзара көмекті ескере отырып, алаңда тұқымдарды орналастыру тәртібі. Басты, жанама тұқымдар мен бұталар араласады. Сыртқы орта жағдайларына қатысты араласатын тұқымдарға қарай, олар былайша бөлінеді:
Сүректі-бұталы үлгі- қоректену алаңын ұлғайту масқатында басты тұқым ағаштары сирек орналасуы тиіс жағдайлар үшін ұсынылады. Қалған орындарға көлемі шағын болғандықтан топырақты қатты құрғатпайтын бұталар егілуі тиіс. Бұл үлгіде бұталардың көмегімен тұйықталған орман қолтығы жасалады. Бұл аралас үлгідегі бұтаның міндеті- шөптесін өсімдіктерді өсірмеу.
Сүректі-көлеңкелі үлгі- бұл үлгіде бұта орнына шөптесін өсімдікті өсірмеу үшін топырақты көлеңкелеп қана қоймай, басты тұқымның бүйірін көлеңкелей отырып, бірмезгілде оған «қабысушы» болатын көлеңкеге төзімді жанама тұқым егіледі.
Бұл үлгі ылғал қамтамасыз етудің жақсы жағдайлары бар орман өсіру аймақтары үшін мейілінше қолайлы.
Сүректі-көлеңкелі бұталы (аралас) үлгі алдыңғы екі үлгінің туындысы болып табылады. Орман дақылдарының бұл үлгісі Қазақстанның солтүстік облыстарында қарағайды жел әсерінің тербеуімен қайыңның зақымдауынан қорғау үшін бұта беткі орман тұқымын рөлін атқаратын қарағайлы-қайыңды алқаағаштарын өсіру кезінде пайдалану үшін кеңінен таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |