1- сұрақ. Мутагенездің ашылуының қысқаша тарихы


- сұрақ. Хромосоманың құрылысы, жіктелуі



бет2/35
Дата17.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#39347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
2- сұрақ. Хромосоманың құрылысы, жіктелуі
Хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады.
Хромосома 2 түрлі болады: соматикалық (аутосома) және жыныстық (Х және Y) хромосомалар.
Аутосомалар (грек, autos — өзім; soma — дене) — дара жынысты жануарлар мен өсімдіктер жасушалары ядроларындағы жыныс хромосомаларынан басқа жұп дене хромосомалары (жыныссыз хромосомалар). Аутосомалар сериялық нөмірлермен белгіленеді. Сонымен, диплоид жиынтығындағы адамның 46 хромосомасы бар, олардың 44-і - аутосомалар (22 жұп, 1-ден 22-ге дейінгі сандармен белгіленеді) және бір жұп жыныстық хромосома (әйелдерде ХХ және ерлерде XY).
Жыныстық хромосомалар - организмнің жыныстық ерекшеліктерін анықтайтын гендерден тұратын хромосомалар.
Әйелдердің жыныстық хромосомалары - ХХ, ал ерлердің жыныстық хромосомалары - XY. Әйел денесі жыныс хромосомалары (гамогаметикалық организм) бар гаметалар, ал еркектер денесі әртүрбірдей лі жыныс хромосомалары (X және Y) бар гаметалар түзеді.
Хромосомалар өзара ұқсас екі ұзынша бөліктерден – хроматидтерден тұрады . Хроматидтер – хромонемалардан , ал хромонемалар ДНП - дан тұрады . ДНП – дезоксинуклеопротеидтің 35-40 % -ке жуығын ДНҚ , 60-65 % -ке жуығын Гистонды және гистонды емес ақуыздар құрайды . Әрбір хромосомада ДНҚ жіпшесі нуклеосомаларды құрайтын сегіз «сақтаушы ақуыздардан» (гистондардан) тұратын октамер кешеніне екі рет оралған, ал құрылымы «жіп тәрізді бисерге» ұқсайды.Нуклеосоманың қабығы (өзегі) төрт гистонның әрқайсысының екі молекуласынан тұрады - H2A, H2B, H3, H4.
Хромосоманың маңызды құрам бөлігі оның центромерасы ( бірінші реттік тартылыс ) . Центромера арқылы хромосома бөліну ұршығының жіпшелеріне бекиді . Центромера хромосоманы ұзын және қысқа иіндерге бөледі . Ол иіндердің шеткі ұштарын теломералар деп атайды . Теломералар –хромосомалардың ұшы (концевые участки) , 10 мыңға дейін нуклотид жұптарынан тұратын, ТТАГГГ қайталанатын реттілігі. Теломераларда ген болмайды, олар:
- олар хромосомалардың ұштарын нуклеазалардың - ДНҚ-ны бұзатын ферменттердің әсерінен қорғайды;
- хромосомалардың ұштарын ішкі жағынан ядролық қабыққа бекіуін қамтамасыз етеді;
- гендерді соңғы репликацияланбаудан қорғайды (концевой недорепликации).
Бірқатар хромосомаларда олардың иіндерін Қосымша денешіктердің ( серіктерін ) бөліп тұратын екінші реттік тартылыс ( вторичная перетяжка ) болады . Ядро ішінде мұндай хромосомалар бір - біріне тыгыз жанасып жақындаса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет