2 Ағзаны алғанда донор ешқандай қарсылық білдірмей өз разылығымен беру керек



бет1/5
Дата06.06.2022
өлшемі26,37 Kb.
#36436
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ


1) Ағзаны алу донорға зиян тигізбеу керек және оның өміріне қауіп төндірмеу керек. Өйткені ислам шариғатындағы «Зиян өзі тәрізде немсе өзіненде мықты зиянмен кетірілмейді» деген фиқһи қағидасына сәйкес донор өзін өлімге алып баратындай зянға өзін итермелу керек. Яғни ол әрекеттерді істесе өзі-өзіне қол жұмсағандай болады. Бұл шариғатымызда рұқсат етілмеген іс-әрекет.
2) Ағзаны алғанда донор ешқандай қарсылық білдірмей өз разылығымен беру керек.
3) Ағза ауыстыру емтелушіге істелетін соңғы медициналық шара болу керек. Әрі дәрігерлер бұдан басқа тәсілдер жүзеге аспайтынына көз жеткізу керек.
4) Істелетін трансплантация операциясы көп жағдайда немесе қалыпты жағдайда табысты болып аяқталатын оталардың қатарынан болу керек.


Екіншіден: Төменде келтірілетін жағдайда шариғатымыз трансплантацияға рұқсат береді әрі оны алдымен орындалатын шаралардің тізіміне кіргізеді.
1) Мұқтаж қыл үстінде жатқан адамның өмірін құтқару мақсатында өлі адамның ағзасын алу. Бұл іс-әрекет шарттардың орындалуымен ғана жүзеге асады. Шарттары:
а) Донор мойнына жауапкержілік жүктелетіндей жаста болу керек
б) Донор тірі кезінде трансплантацияға рұқсат беруі.
с) Еті желінетін, Алланың аты аталып сойылған жануардын ағзасын алу. Одан басқа рұқсат етілген ағзаларды алуға да болады. Егер емделуші оған қатты мұқтаж болса.
2) Трансплантацияға немесе емделушіні қалпына келтіру мақсатында орындалатын шараларға донордың ағзасының бір бөлігін алу. Мұқтаждық болғанда донордың терісінің немесе сүйегінің бір бөлігін алуға болады.
3) Адам ағзасына пластикалық бөлшектер қою. Емдеу барысында жүрек қақпақшасынвң орнына пластикалық қою. Буынды пластикалық бөлшекпен алмастыру.
Осы төрт жағдайлардың барлығы жоғарыда айтылған талаптар орындалған сәттен бастап рұқст екендігіне ғалымдар мәжілісінде көз жеткізілді. Мәжіліске келген, осы мәселе бойынша пікірталасқа қатысқан дәрігерлердің тізімі.
1) Доктор әс-Сәйд Мухаммад Али әл-Бәар.
2) Доктор Абдуллаһ Бәсиламаһ
3) Доктор Абдулмағбуд
4) Доктор Абдуллаһ Жәмғаһ
5) Доктор Халид Амин Мухаммад Хасан
6) Доктор Ғази әл-Хәжим
Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің раббысы Аллаға мадақтар болсын
Ислам ұйымының конференциясындағы фиқһ жайында өткен кеңесінің шешімдері


БІРІНШІ ҚАРАР

Әлемдердің раббысы Аллаға мадақтар болсын. Пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.


(1) қарар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет