№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
164
ТАНЕКЕЕВ Алихан Батыйұлы,
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 сынып оқушысы, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы,
Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ТЕМРХАНОВ Төлеухан,
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Тарих» пәнінің мұғалімі, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы,
Қазақстан Республикасы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ АРҒЫН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ
ҚОНЫСТАРЫ МЕН САНЫ ЖӨНІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР
(ТАРИХНАМАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР)
Анау жатқан – Арғыным,
Арғыным атқа қонғанда,
Басыңнан талай қарғыдым.
Арғын деген сансыз ел...
Сүйінбай
XVIII ғасырда жоңғарлармен қақтығыс аяқталғаннан кейін, шапқыншылық
кезінде бытыраушылыққа ұшыраған ру-тайпалар өз атамекендеріне қайтып орала
бастады. Жоңғар шапқыншылығы барысында өз атамекендерінен айырылған
тайпалардың басым көпшілігін Орта жүз тайпалары құрағаны белгілі [1, 220 б].
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
165
1748 жылы елші М. Тевкелев жазбаларында Орта жүз тайпалары Тобылдан
Есіл өзеніне дейін, Ертістің жоғарғы ағысы, Көктеу алқабына дейін көшіп жүреді дей
отырып, арғын тайпасының он алты руын тізбектеп берген және арғынды Орта
жүздің ішіндегі күшті, мықты тайпа санаған.
Абылай ханның өзі де орта жүз тайпасы – арғындардың қазақ қоғамындағы
орнын мынандай сөздермен көркемдеген екен: «Осы бес мейрамның баласы деген ел
пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлдүлі түгел
туған ел» [2, 322 б].
«Россия полное географическое описание нашего отечества» атты ұжымдық
еңбекте Орта жүз тайпалары, соның ішінде арғындар өздері тығыз қоныстанған Есіл,
Нұра, Сарысу өзендері аңғарына бұл жерлерді қалмақтардан азат еткеннен соң
Жетісу және Сыр өңірі аңғарынан қоныс аударғандары баяндалған [3, 142 б].
XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ тайпалары туралы жазылған аса маңызды
құжаттардың бірі Г. Волконский дерегі. Бұл деректе Орта жүздің руларының
тармақтары толық қамтылмағанмен, басты тайпалары толық беріледі. «...Арғын
руының 5 атасынан 30 000 шаңырақ Петропавлдан Қашқарияға, Ташкент және
Бұқарға қарай көш жолдарын қалыптастырды, Петропавл бекінісі маңында,
Баянауыл, Қызылтау, Далба, Үкілі қазлық, Шыңғыстау таулары етегінде, Ұлытау
етегінен өтетін Торғай өзені сағасында қыстап, жазда Ереймен тауы етегінде және
Нұра, Жиделісу өзендері бойында қоныстанған. Бөкей және Бопай сұлтандар,
Тіленші би, Шоң би, Байдалы билер басқарады. Сауда орталықтары Өскемен, Семей
және Қытай шекараларында; ...Тарақты руының 2 атасынан 4000 шаңырақты
Баққозы батыр басқарып, жазда Еміл өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы сағасы мен
Сарысу өзені бойында, қыста Іш қоңыр құмдары мен Шу өзендері бойында көшіп
жүреді; ...Арғын руының 2 атасынан 9000 шаңырақты Байқұл мен Қараменді билер
басқарып, жаздық және қыстық жайылымдарын Ертіс бойына салды; ...Арғын
руының 2 атасынан 11 000 шаңырақты хан Уәли Абылайұлы, ағаман Құлбек
Байжігіт, Ақан би, Шабықыл батырлар басқарып, жаз және қыс бойына Ешім және
Есіл өзендері жағалауында, Көкшетау мен Мұқшатау етектерінде, Ұшқандық,
Үшбұдрық, Қылшақты шатқалдарында көшіп жүр. Сұлтан Қайыпхан басқаратын
арғынның қанжығалы руынан 2000 шаңырақ Есілдің сағасы бойында, Бікшентай
қонысында көшіп қонады; Арғын тайпасының сарыжетім руынан 8000 отбасынан
тұратын 12 атасы қыста Обаған өзенінің бойы мен шатқалында қыстап, жазда Торғай
мен Тобыл өзендері және оларға құятын шағын өзендер бойында жайлаған...
Арғынның шақшақ руының 5 атасынан 6000 шаңырақ жазда Тобылдан жоғары Айет
өзені бойында, қыста Торғай даласында, Сарыботан өзені бойымен оның Үлкі аяқ
өзеніне құяр тұсына дейін, Үлкі аяқты бойлай Қызылкөл, Қоржынкөл, Тобакөл,
Пішпек көлдері бойында және Тосын құмдарында мекендеп, оларды Жұма сұлтан
билігіндегі Мұса, Меңлібай, Шарапас батырлар басқарды... Арғын тайпасы тобықты
руының 2000 отбасы болатын екі атасы найманның бағаналы руымен қатар Есіл,
Торғай өзендерінің жоғарғы ағысы бойында көшіп жүрген», - деп Г. Волконский
арғын руларының 30 атасынан 70 000 мың шаңырақты көрсетеді. Г. Волконский
жазбасы XIX ғасырдағы арғындардың мерзімдік қоныстарын анықтауға бағыттайтын
нақты құжат болып саналады.
Арғын тайпасының қоныстары жайындағы деректерді капитан И.Г. Андреевтің
1785-1790 жылдары жазған жазбалары толықтыра түседі. Капитан И.Г. Андреевтің
Орта жүз тайпаларының тарихына қатысты жазбалары да арғын ру тармақтары мен
олардың мерзімдік қоныстарын анықтауда бағыт беретін бірден-бір құжат. Ол:
Семейде бәсентиін руынан 1785 жылдары небәрі 300 шаңырақ болып, олар Ертіс
өзенінің төменгі бойынан 200 шақырымдай жерде Қыржық тауларының етегінде
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
166
көшіп-қонған дей отырып, олар барлығы 3500 адам болғандығын айтады. Сондай-ақ
И.Г. Андреев Семей бекінісінен 280 шақырым жерде тарақты руынан 40 шаңырақ
көшіп жүргендігін айтады.
И.Г. Андреев жазбаларын одан әрі парақтайтын болсақ, мынандай мәліметтерді
табуға болады: «Атығай руынан 30 шаңырақ, 70 адам Ертіс өзені бойында Черноярск
бекетіне қарсы жерде көшіп жүрген. Атығайлар көп санды, негізгі бөлігі Ертіс өзені
бойы, Енгістау тауының бойында... Қанжығалы руынан 200 шаңырақ, 450 адам
Чернорецкий форпостынан 19 шақырым жерде көшіп жүрген... Қарауыл руынан
4 000 адам атығайлармен бірге Қорғалжың көлінің бойында көшіп жүрген.. шақшақ
руынан 370 шаңырақ Алабұға, Тобыл өзендерінің бойында, Ереймен тауынан оң жақ
бетінде қыстап, жазда Үлкі аяқ өзенінің жоғарғы ағысы бойы мен Торғай өзені
бойында көшіп жүрген... қарауыл руынан 30 шаңырақ Мырзагелді ағаманның
басқаруымен Кабань бекінісінен 8 шақырым жерде көшіп жүрген...» [4, 93-115 б].
Орта жүз және оның құрамындағы арғын тайпасының қоныстануы жайында
құнды дерек қалдырған автордың бірі – П.И. Рычков. Оның «Топография
Оренбургской губерний» атты шығармасы Орта жүз тайпаларының қонысын кеңінен
қамтып көрсеткен бірден-бір еңбек. Орынбор топографиясында Орта жүз руларының
қонысы мен көшіп-қону аймағы: «...Сарысу өзені бойында; Есіл өзенінің жоғарғы
ағысы тұсында; Ұлытау тауларынан бастау алатын Жыланшық өзені бойында;
Тобыл өзенінің жоғарғы ағысы тұсынан бастап, оған құятын өзендер мен Ұя өзенінің
сағасына дейін; Тобылға құятын Шортанды және Қылқуар өзендерінің бойында;
Қият өзені және оның майда сағаларының бойында; Сары Торғай өзені бойында;
Үлкен торғай өзені бойында; Қарсақбасы көлі жағасында: Ақсақал көлінің сол жақ
бетінде; Үшөзек өзені мен оның сағалары бойы мен аңғарындағы сайларда...», - деп
он төрт аймаққа бөліп көрсеткен.
И. Завалишин орта жүз тайпаларының қоныстану шекарасын: «Есіл өзені
аңғары және Омск линиясынан бастап, Зайсанға дейін», - дей отырып, Арғын руын
Орта жүздің басты руы ретінде көрсеткен. Оның мәліметі бойынша Сібір
ведостволығында 1865 жылы Орта жүз тайпалары 95 000 шаңырақ, 370 000 адам
болған [5, 42-43 б].
Г.Н. Потанин жазбасындағы арғын тайпасының қоныстануына қатысты
деректер арғындардың XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоныстануына дәлме-
дәл келеді. Оның жіктеуінше: қарауылдар – Петропавл, Көкшетау, Атабасар,
бәсентиіндер – Павлодар, тобықтылар – Қарқара, қанжығалылар – Ақмола,
тарақтылар – Ақмола, Атбасар, қозған және көксалдар – Атбасар және Павлодар,
шұбыртпалылар – Қарқара, сүйіндіктер – Павлодар, малайлар – Атбасар, жәдігерлер
– Ақмола, алтайлар – Атбасар уездерінде қоныстанған [6, 61-62 б].
XIX ғасырда Арғын тайпасының руларының саны мен қоныстануына қатысты
зерттеу жүргізгендердің бірі – Н.Н. Балкашин. Оның есептеуі бойынша Ақмола,
Семей, Торғай облыстарында 500 мың арғын болған. Н.Н. Балкашин арғындар
аталған облыс жерлерінде қоныс аударуы жайлы: «...Алғаш момын-арғындар
Қаратау тауы арқылы Шу өзені мен Ұлытау тауы аңғарында қоныс тепкен. Олардың
құрамында атығай, бағыс, қанжығалы, тобықты, сарыжетім-шақшақ, бәсентиін,
қарауыл рулары болған. Одан кейін бәсентиіндер мен тобықтылар Баянауылға қоныс
аударды. Момындардан соң Қаратау жақтан алтай, қалқаман, ағыс, қарпық, темеш
руларын құраған қуандық-арғындар келген. Қуандықтар момындарды солтүстікке
қарай ығыстырып, Сарысу өзенінің жоғарғы ағысы мен Нұра өзенінің бойында
жайғасты. Қуандықтармен бірге қаракесектер қоныс аударып, Балқаш өңіріндегі тау
етектеріне жайғасты. Одан кейін төртуыл, қаржас, қозған, көксал руларын
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
167
біріктірген сүйіндік-арғындар қоныс аударып, олар Баянауылдағы момындарды
Ертіс бойына қарай ығыстырды..», - деп жазған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты
шежірелі жазбасында Орта жүз руларының XIX ғасырдың аяғындағы қоныстары
жайында: «Осы күнде Орта жүз қазақтары Лепсі, Қапал ояздарында, Жетісу
облысында, Семей, Ақмола облыстарында түгел бар. Сырдария, Торғай
облыстарында бір бөлігі бар», - деп анықтама берген [7, 54 б].
Әлихан Бөкейханов Ертіс бойындағы арғындардың қоныстану тарихына
қатысты: «Ертіске біздің қазақ Түркістаннан қайта келгені XVIII ғасырдың бас
жағында. Бұл «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін болар. Қайта келді
дегенім: қазақ Шыңғыс хан жорығында Ертістің күншығыс жағынан Түркістан, Еділ,
Жайық өткен. Арғын, қапшақ, уақ, керей айтып жүрген тарих сөздеріне қарасақ,
Ертіске алдымен қанжығалы, бәсентиін, қыпшақ келген», - деген [8, 19 б].
Антрополог О. Исмағұлов: «Арғын тайпасының қоныстану аймағы Ертістен
Торғай даласы және Есілден Балхашқа дейінгі аймақты алып жатыр», - дей отырып,
XIX ғасырдың аяқ кезінде арғын тайпасының қазақ жеріндегі жалпы саны 500 мың
адам болған деген болжам жасайды [9, 19 б].
1868 жылдан жарық көрген 3 кітаптан тұратын Ресей Бас штаб офицерлері
жинақтаған жазбалардың ру-тайпалар тарихынан алар орны зор. Оның
подполколковник Красовский құрастырған 3-ші кітабында: «Бәсентиін руы Ертіс
өзенінің сол жақ жағалауын, Түндік өзенінің төменгі ағысы бойында Баянауыл
округінде 4 болысты құрап отыр, барлығы – 243 шаңырақ; төртуыл бірлестігі 8
болысты құрап отыр, барлығы – 1944 шаңырақ; қанжығалылар Баянауыл округінің
орталығында – 243 шаңырақ, Көкшетау округінің батысында – 41 шаңырақ, Ақмола
округінің солтүстігінде – 790 шаңырақ, барлығы – 1074 шаңырақ; атығайлар
Көкшетау округінің 6 болысында Есіл өзенінің оң жақ бетінде қоныстанған, барлығы
– 245 шаңырақ; алтайлар Ақтау тауының етегінде Құланөтпес өзенінің жоғарғы
ағысы бойында, Сарысу өзенінің орта ағысының сағалары бойында қоныстанған,
шамамен 1054 шаңырақ; қарпық руы Ақмола екі болысында 527 шаңырақ; түнғатар
руы Ақмола окрунінде 1844 шаңырақ; темеш руы Нұра мен Құланөтпес өзендернің
аралығында қоныстанып, Ақмола округінде 263 шаңырақ; қаракесектер Қарқара
тауларының етегін бойлай қоныстанған, барлығы 105 шаңырақ», - делінген.
Бұл жазбада арғынның темеш, қарпық руларының саны жөніндегі мәліметтер
толық еместігін аңғару қиын емес, авторлар ескерту жасамаса да, сөйлемді
аяқтамағандары жөнінде белгі қойып кеткен [1, 230 б].
М. Красовкий барлығы 8226 шаңырақты есепке алған. Бұл санау сол кездегі
өмір сүрген арғындардың бір бөлігін ғана қамтыған. М. Красовский Орта жүз
тайпалары Ертіс жағалауынан Орынбор даласының шығыс шекарасына, Ертіс, Есіл
өзендерінің жағалауынан Шу өзені мен Балқаш көлінің бойына дейінгі аралықты
алып жатқандығын жазған. Бұл өңірде арғын тайпасының руларымен қатар, Орта
жүздің қыпшақ, найман, керей, уақ рулары көшіп-қонған [10, 205-206 б.].
Сонымен, арғын және Орта жүз тайпаларының қоныстары Тарбағатай тауының
оңтүстік қыраттарынан бастап Балқаш көлі, Сарысу өзенінің жоғарғы ағысы бойы,
Қаратау таулары мен солтүстікте Оңтүстік Сібір жазығына дейінгі жерлерді, Батыста
Торғай өзенінің жоғарғы ағысынан Обаған өзеніне дейін, Шығыста Оңтүстік
Алтайдан бастап Сәуір жотасы, Зайсан көлі, Ертіс өзенінің оң жақ бетін алып жатты.
Ал, арғындардың саны жөніндегі зерттеулерді қорытатын болсам, XIX ғасырда
Г. Волконскийдің санауы бойынша арғындардың – 70 000; Н.А. Ариистов және Г.
Спасский бойынша – 68 000; Г. Соколов бойынша – 740 000; О. Исмағұлов бойынша
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
168
– 500 000; М. Мұқанов бойынша тек Семей облысының өзінде 167 337 шаңырақ
болған.
Әдебиеттер
1 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. IX том. Арғын. Екінші кітап. – Алматы:
«Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2007.
2 Абылай хан. Тарихи жырлар. I том. – Алматы: Жазушы, 1993.
3 Семенов В.П. Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Т.
XVIII. Киргизский край. – СПб.: Издательство А.Ф. Девриена, 1903.
4 Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков». – Алматы: Ғылым,
1998.
5 Завалишин И.И. Описание Западной Сибири. Приложение 1. – М.: Наука,
1967.
6 Потанин Г.Н. Казак-киргизские и Алтайские предания. – П., 1917.
7 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Қайта
басылымы. – Целиноград: Қаламгер, 1991.
8 Бөкейханов Ә.Н. Екі жол // Қазақ. – Орынбор. – 1915. – №101.
9 Исмагулов О. Этническая геногеография Казахстана. – Алма-Ата: Наука,
1977.
10 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. – Алма-Ата: Наука,
1984.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
169
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ НАУЧНОГО ЖУРНАЛА
«ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРШЫСЫ – ВЕСТНИК МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ –
MESSENGER OF YOUNG SCIENTIST» ПО СЕРИЯМ «ОБРАЗОВАНИЕ»,
«ЖУРНАЛИСТИКА», «СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ» И «ПОЛИТОЛОГИЯ»
Жолдасбекова Сауле Абдразаковна – доктор педагогических наук, профессор
кафедры «Теория и методика профессионального обучения» Естественно-
педагогического факультета Южно-Казахстанского государственного университета
имени М.О. Ауезова (Шымкент, Республика Казахстан)
Манов Борис Филипов – доктор философии, доцент кафедры Философские и
политические науки Философского факультета Юго-западного университета имени Н.
Рильского (Благоевград, Республика Болгария)
Нуртазина Роза Ауталиповна – доктор политических наук, профессор кафедры
политологии факультета журналистики и политологии Евразийского национального
университета имени Л.Н. Гумилева (Астана, Республика Казахстан)
Сандыбаев Жалгас Садуахасович – кандидат философских наук, доцент
кафедры «Социальная политика» Национальной школы государственной политики
Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, эксперт
Департамента по делам религий города Астаны (Астана, Республика Казахстан)
Федоров Александр Викторович – доктор педагогических наук, профессор, зам.
директора по научной работе Таганрогского института им. А.П. Чехова, главный
редактор журнала «Медиаобразование», эксперт Аналитического центра при
Правительстве РФ по проектам Комиссии при Президенте Российской Федерации по
модернизации и технологическому развитию экономики России, эксперт Министерства
образования и науки РФ, эксперт Европейского проекта по медиаобразованию и
медиаграмотности EMEDUS Европейского союза, член Союза кинематографистов
России, академик Национальной академии кинематографических искусств и наук
России (Таганрог, Российская Федерация)
THE EDITORIAL BOARD OF THE SCIENTIFIC JOURNAL
«ŽAS ĠALYMDAR ŽARŠYSY – VESTNIK MOLODYH UČENYH – MESSENGER
OF YOUNG SCIENTIST» ON THE SERIES «EDUCATION», «JOURNALISM»,
«PUBLIC RELATIONS» AND «POLITICAL SCIENCE»
Zholdasbekov Saule Abdrazakovna – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
(Shymkent, Kazakhstan)
Manoff Boris Filipov – Ph.D., Associate Professor (Blagoevgrad, Bulgaria)
Nurtazina Rosa Autalipovna – Doctor of Political Sciences, Professor (Astana,
Kazakhstan)
Sandybaev Zhalgas Saduahasovich – Ph.D., Associate Professor (Astana, Kazakhstan)
Fedorov Alexander Victorovich – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
(Taganrog, Russia)
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
170
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
1. «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых – Messenger of
young scientist» ғылыми журналының «Білім», «Журналистика»,
«Қоғамдық байланыс» және «Саясаттану» сериялары бойынша
редакциялық алқасы........................................................................................4
Білім және жаратылыстану ғылымдары –
Образование и естественные науки
2. Ибраева А.Т., Минглибаев М.Дж. Геоэкологический мониторинг
изменений дельты реки Или методами ДЗЗ.................................................5
Әлеуметтік ғылымдар – Социальные науки
3. Әбдрасул А.Ә., Жақып М.Қ. Бизнес саласындағы қоғамдық байланыс
және бұқаралық ақпарат құралдары............................................................13
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» атты ғылыми жұмыстар
конкурсына түскен жұмыстар
4. Ізім М.Қ., Құлманов Қ.С. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы
жоқ..................................................................................................................21
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Саясаттану – құрметті мамандық» атты ғылыми
жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар
5. Ермекбаев У.Т., Байболат Л.Б. Саясаттану адамға келешекті ойлауды
үйретеді..........................................................................................................23
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы»
атты ғылыми жобалар конкурсына түскен жұмыстар
Жаратылыстану ғылымдары
6. Абдрайм М., Джумагулова М.А. Ауызекі тараған математикалық
есептер............................................................................................................25
7. Амарова К., Сейитова Б.Н. Тұзкөл көлі балшығының адам ағзасына
тигізетін емдік қасиеті......................................................................................28
8. Ғабитова А., Алдекешова А.Ж., Тоқтағанова Г.Б. Сырдың төменгі
ағысында эолдық процестердің рельеф құрудағы қызметі.......................35
9. Кайкенов Р., Бектасова А.Е. Менің қаламның сәулетіндегі
симметриялар.................................................................................................46
10.
Қизат
К.,
Болекбаева
Ш.Т.
Сүттің
микробиологиялық
ластануы.........................................................................................................57
11. Маратқызы Ұ., Джубатканов Қ., Алашбаева З.Б. Қараңғылықтың
құпиясы...........................................................................................................70
12. Мусахмет К., Кемелова Д.А., Назарова Г.А. Байқоңыр ғарыш
айлағындағы топырақ жамылғысының құрам бөлігінің өзгеруі..............75
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
171
13. Полтавцев Д., Тыртышникова А.П., Ушаков А., Жолдыбаева С.С.
Обучение технике быстрого счета...............................................................84
14. Серікбай Г., Расмуханова Н.А. Стандартты емес параметрлі
теңдеулер........................................................................................................87
15. Серікпай Б., Нұртай А., Нұртанова Ж.Ж. Қарағанды қаласының
экологиясы.....................................................................................................98
16. Тұрар А., Мустафаев Д., Тұрар Б., Кангелдиева З.А. Ағаштар туралы
не білеміз?....................................................................................................101
17. Шәкір А.Ө., Бейсбаева Н.Б. Математикалық логика және тез есептеу
тәсілдері........................................................................................................104
18. Шәріп Н., Айсұлтан А., Сатыбалды Е., Кангелдиева З.А. Тіс күтімі
туралы не білеміз?.......................................................................................115
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
19. Алмазбекұлы А., Талип А.А., Нұртаева Н.С., Оспанбекова Ш.Г.
Шахматтың шығу тарихы...........................................................................117
20. Атабек А., Смагулова Н.К. Числа в пословицах и поговорках
казахского и русского народов..................................................................121
21. Бейсенбай А., Тағабайқызы Ұ., Жумакулов И., Акеева Д. Салт-
дәстүрім – баға жетпес қазынам................................................................130
22. Дүйсенқұл Ж., Кемельбаева М.Р. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы»
атты шығармасының ерекшеліктері..........................................................134
23.
Жолдыкулов Д., Оналбаева А.С. Мир Гарри Поттера:
заклинания....................................................................................................142
24. Кабдрахманов Е.Р., Керейбаева А.М. Роль Первого Президента
Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в развитии нашего
государства...................................................................................................152
25. Қапанов А.Қ., Әбдіжәлилов Б.У. Арқа мен Сыр өңірінің телқоңыр
перзенті.........................................................................................................156
26. Өмірзақ Ө.Қ., Рамазанова А.А., Сағындықов І.А., Сейфуллина И.Б.,
Нуркенова А.К., Ныганова Г.Н. Қаныш Сәтбаев еңбектері....................160
27. Танекеев А.Б., Темрханов Т. XIX ғасырдағы қазақ жеріндегі арғын
тайпаларының
қоныстары
мен
саны
жөніндегі
зерттеулер
(Тарихнамалық деректер)...........................................................................164
28. Редакционная коллегия научного журнала «Жас ғалымдар жаршысы
– Вестник молодых ученых – Messenger of young scientist» по сериям
«Образование», «Журналистика», «Связь с общественностью» и
«Политология».............................................................................................169
29. The editorial board of the scientific journal «Žas ġalymdar žaršysy –
Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist» on the series
«Education»,
«Journalism»,
«Public
Relations»
and
«Political
Science».........................................................................................................169
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
172
Жас ғалымдар
жаршысы • Вестник молодых ученых
•
Messenger of young scientist
ғылыми журнал • научный журнал • scientific journal
Жазылу индексі: 74644
Қолжазбалар әдеби өңделеді және қайтарылмайды.
Авторлардың көзқарасы, ұстанымы сақталады.
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты.
Олардың байлам-тұжырымдары редакция көзқарасымен
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар
көшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда
«Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых
– Messenger of young scientist» ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс.
Біздің банктегі есепшоттарымыз:
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ479261501153956000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ,
«Журналда ғылыми мақала жариялау».
Наши банковские реквизиты:
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
БИН 081240014093, текущий счет KZ479261501153956000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк»,
«Опубликование в научном журнале статьи».
Директор Жақып М.Қ.
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты
баспа орталығында беттеліп, басылды.
Басуға 22.02.2017ж. қол қойылды.
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman.
Ризографиялық басылыс. Көлемі 10,75 шартты баспа табақ.
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №2202.
010010, Астана қаласы, Алматы ауданы,
Кенен Әзірбаев көшесі, №6 үй, №91 пәтер.
Достарыңызбен бөлісу: |