№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016


Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата15.03.2017
өлшемі3,69 Mb.
#9930
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АРҚА МЕН СЫР ӨҢІРІНІҢ ТЕЛҚОҢЫР ПЕРЗЕНТІ 
 
Ақ балдақ алмасымның сынығысың, 
Шынардай көлеңкелі шыбығысың. 
Бәйгі аттай жұрттан озған заманында, 
Арда емген арғымақтың құлынысың. 
Мәнсұр Бекежанов 
Қазақ  халқында  «Алмас  қылыш  қап  түбінде  жатпайды»  деген  тамаша  бір  сөз 
бар.  Ен  даланы  еркін  жайлаған  халқымыз  бес  ғасыр  бойы  ат  үстінен  түспей, 
жаугершілік  заманды  бастан  кешірді.  Қос  бүйірден  аждаһадай  ысқырынған  қытай 
мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп, бодан 
болды. 
Жылжып жылдар өтті. Қайта оралудың ұлы кезеңі туды. Барымызды түгендеп, 
жоғымызды жоқтай бастадық. Нәтижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанында ояну дәуірі 
атанған  кезеңде  өз  халқына  барын  арнаған,  сол  жолда  жандарын  пида  еткен  асыл 
тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жарқырай көрінді. Солардың 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
157 
бірі  де  бірегейі,  қатал  да  қатыгез  тағдырдың  ноқтасына  басы  сыймай  өткен, 
заманында  қазақ  даласына  атағы  кең  жайылған  атақты  да  қас  батырлардың  бірі  – 
Иманжүсіп Құтпанұлы. 
Елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр 
өңірінің  телқоңыр  перзенті  десек,  артық  айтқандық  емес.  Иманжүсіп  Құтпанұлы 
Қоқан  хандығына  қарсы  азаттық  күресте  қазақтардың  көсемі  ретінде  танылған 
Тұрғанбай  датқаның  немересі  болғанымен,  пешенесіне  ерекше  тағдыр  бұйырып, 
Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих. 
Иманжүсіптің  атасы  Тұрғанбай  датқа  жайлы  әңгімеде  айтылғанындай,  1821 
жылғы  қанды  оқиғадан  кейін,  Шашты  қыпшақтың  Құтым  тармағынан  тарайтын 
Сіргебай  әулетіне  бірі  қалмай  құрып  кету  қаупі  төнгені  белгілі.  Осы  қауіпті  сезген 
Тұрғанбай  датқаның  әйелі  Мәлбике  тоғыз  айлық  ұлы  Баймырза  мен  Тұрғанбайдың 
бәйбішесінің  бес  жасар  ұлы  Басығараны  алып  қашып,  Қаратаудың  Өгізмүйіс  деген 
жерін паналайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы Баймырзаны 
тасалау  жерге  жасырып,  қайнысы  Басығараны  ертіп,  Арқаға  бет  алады.  Айдалада 
жасырылған,  мойнында  аманат  белгісі  бар  шиеттей  жас  баланы  Қыр  мен  Сырдың 
арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай есімді саудагер тауып 
алады. Қапыда тауып алған баланы, әулетінің құты болсын деп атын Құтпан қояды. 
Елінің  азаттығы  үшін  алысып  өткен  әулеттің  аты  аңызға  айналған  үшінші 
ұрпағы,  Тұрғанбай  батырдың  немересі,  Құтпаннан  тараған  үш  ұлдың  ең  кенжесі  – 
Иманжүсіп.  Тарихи  құжаттарда  қазіргі  Павлодар  облысының  Ақсу  ауданындағы 
Алтыбай деген жерде дүниеге келгендігі көрсетілген. 
Иманжүсіптің  ағалары  –  Ақшабай  мен  Шонай  төңірегіндегі  елге  белгілі, 
беделді де дәулетті  кісілер болған.  Содан да болар, Иманжүсіп бала жасынан ерке, 
шолжаң,  айтқанынан  қайтпайтын  бірбеткей,  телі-тентектеу  болып  өседі.  Ат  жалын 
тартып  мінгеннен-ақ  басынан  сөз  асырмайтын  жас  жігіттің  атағы  Сарыарқаға  тез 
тарайды.  Тәңірі  жұрттан  асқан  қайрат  берген  алмастай  өткір  жігіт  Арқаның  кең 
даласына  сыймай,  Есіл,  Нұра  бойын  жайлаған  арғын,  қыпшақтың  сері  серкесіне 
айналады.  Батырлық,  балуандығына  қоса  әншілік  қабілеті  бар  сегіз  қырлы,  бір 
сырлы  жігіт  Ақтау  мен  Ортауды,  Бұғылы  мен  Тағылыны  еркін  шарлап,  жастық 
дәуренін армансыз өткізеді. 
Сарыарқа өңіріне атағы кең тараған қазақтың халық композиторы, әнші, батыр, 
атақты  палуан,  ақын  Иманжүсіп  Құтпанұлы  1863  жылы  Павлодар  облысы,  Ақсу 
ауданы,  Алтыбай  жайлауында  дүниеге  келген.  Ол  кісі  батыр  тұлғалы,  бойының 
биіктігі 2 метр 10 см болған деседі. 
Иманжүсіп  жас  кезінен-ақ  жырға,  шешендік  сөзге  құмар  боп,  сал  серілер 
дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, балуан атанады. Ол суырып салма ақын болған. 
Өмірден  көрген,  білгендерін  әнге  қосып  айтқан.  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Үкілі 
Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жарылғапберді, Естай 
т.б.  әншілермен  дос,  сырлас  болған.  Ал,  Жаяу  Мұса  Иманжүсіппен  талай  рет 
жүздесіп, ақыл-кеңес беріп, оған өлең де арнаған. 
Иманжүсіп  туралы  ел  ішінде  талай  аңыз  әңгімелер  тарап,  талай  кітаптар 
жазылған.  Ол  өз  өмірінде  Сәкен  Сейфуллин,  Қажымұқан  Мұңайтпасұлы,  Балуан 
Шолақ сияқты елімізге кеңінен танымал азаматтармен жолдас, сырлас болған. 
1964  жылы  жазушы-журналист  Жұмабай  Орманбаев  «Жұлдыз»  журналында 
Сәкен  мен  Иманжүсіптің  бірнеше  кездесулері  жайлы  жазған.  Қазақ  халқының 
Қажымұқандай  даңқты  батыры  Иманжүсіпті  аға  тұтып,  қатты  құрметтеген. 
Сондықтан  да  болар,  онымен  белдесіп,  күреспеген.  Халық  жазушысы,  қазақ 
поэзиясының алыбы Әбділда Тәжібаев дәл осы жайлы өзінің естелік кітабында жан-
жақты  суреттейді.  Жазушы  Зейтін  Ақышев  жылдар  бойы  деректер  жинап,  ақын 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
158 
өмірінен  сыр  шертетін  «Шынарды  шыбығы»  атты  роман  жазған.  Өмірден  ерте 
кеткен  Кеңшілік  Мырзабековтың  «Иманжүсіп»  поэмасы  да  ақын  туралы  жазылған 
құнды дүние. Жазушы Ғабдол Сланов өзінің «Достың жоғары сенімі» атты эссесінде 
ақын  Қасым  Аманжоловтың  Иманжүсіптің  поэзиясына  тәнті  болғандығын  айта 
келіп,  ақын  шығармашылығының  Құрманғазы  шығармаларымен  үндесіп 
жатқандығын ерекше тебіренсіпен баяндайды. 
Иә,  Иманжүсіп  Құтпанұлының  өмір  шежіресі  романтикалық,  әрі  қайғылы 
кезеңдер мен оқиғаларға толы. Сыр елі де қашан, қай кезеңде, қай ғасырда болсын 
ірі-ірі тұлғалардан кенде қалмаған. Соның ішінде ХІХ ғасырдың алғашқы жартысын 
алсақ,  көш  бастар  кемел  кемеңгерлігімен,  алқалы  топта  алдына  жан  салмақ  ділмар 
шешендігімен,  екіталай  күн  туғанда  елге  қалқан  болар  хас  батырлығымен  даңқы 
шыққан  дүлдүл  саңлақтары  ерен  есімдерін  тарихқа  алтын  әріптермен  жазып 
қалтырғаны да ақиқат. Солардың бірі – Тұрғанбай Кешімбайұлы. 
Заманында, атап айтқанда, Қоқан билігі тұсында датқалардың датқасы атанып, 
хан  ретінде  танылған  Тұрғанбай  батыр,  оның  өмірі  мен  тағдыры  жайында  соңғы 
кезеңдерде,  әсіресе  кеңестік  дәуірде  баспа  бетінде  жарық  көруіне  тиым  салынуына 
байланысты негізінен, ел аузында ғана сақталып келген. Егер тарихқа жүгінсек, кіші 
жүзде  Хиуа  басқыншыларының  озбырлығымен  шайқаста  Жанқожа  батыр  шықса, 
Орта  жүзде  Тұрғанбай  датқа  Қоқан  хандығының  халыққа  көрсеткен  қаныпезерлік 
қысымшылығы мен қанаушылығына қарсы күрестегі тізгінін өз қолына алған. 
Алғаш  1821  жылы  Тұрғанбай  бастаған  сол  көтеріліс  кезеңінің  сәл  саябыр 
сәттерінің  бірінде  тамылжыған  түн  тыныштығын  түріп,  тұтқиылдан  тап  берген 
қоқандықтар бейғам жатқан батырдың ауылын ту-талапай етіп, адамдарын қырғынға 
ұшыратқан.  Соғыс  кезінде  басына  қауіп  төнген  кіші  әйелі  Мәлбике  ұрпағын  аман 
алып  қалу  үшін  екі  баламен  қапысын  тауып,  қашып  құтылыпты.  Екі  бірдей  жас 
баламен  діттеген  жерге  жету  қиын  болғандықтан,  өз  баласы  Баймырзаны  тастап 
кеткен  болатын.  Баймырзаны  балаға  зар  болып  жүрген  Дайрабай  атты  бұлтың-
қыпшақ  күрлеуіт  бауырына  салады.  Отбасына,  елге  құт  әкелсін  деп  баланың  атын 
Құтпан қояды. Сол Құтпаннан елге танымал әрі ақын, әрі композитор, әрі әнші, алып 
тұлғалы палуан, батыр Иманжүсіп дүниеге келеді. 
Ат жалын тартып мінгеннен-ақ Иманжүсіптің атағы бүкіл Сарыарқаға тез тарай 
бастайды. Құдай өзіне жұрттан асқан ерекше қайрат береді, әрі Тұрғанбай батырдың 
тәкәппар  немересі  басынан  сөз  асырмайтын  намысқой,  өжет  жігіт  болып  өседі. 
Бозбала  күнінде  Арқаның  кең  даласына  симай  жүрген  қыпшақтың  тағы  бір  жас 
бөрісі  Қажымұқан  Мұңайтпасұлымен  тізе  қосып,  түзде  талай  зорлық-
зомбылықтардың  арашашысы  болғаны  қоспасыз  шындық.  Сөйтіп,  Есіл  мен  Нұра 
бойын жайлаған Арғын, Қыпшақтың сері-серкесіне айналған Иманжүсіп батырлық, 
палуандығымен қоса әншілік, ақындық қабілетімен де көпшілікке танымал болады. 
Ғұмыр  бойы  қара  қазақтың  қамын  жеген  Иманжүсіптің  қай  аймақта  жүрсе  де, 
қоғамдық ортада болып жатқан оқиғалардан тысқары қалуы мүмкін емес еді. 
1917, әйгілі жылан жылы, Сыр елі жұтқа ұшырап, еккен егін күйіп кетеді. Осы 
тұста Иманжүсіп ауқатты байлардан қаржы жинап, қасына қосын ертіп, бидай әкелу 
үшін  Арқаға  бет  алады.  Иманжүсіптің  атын  естісе  тізелері  дірілдеп,  өлердей 
қорқатын  отырықшы  қара  шекпенділер  қап-қап  бидайларын  Сырдан  келген 
кірешілердің  арбасына  тиеп  береді.  Кірешілер  жүретін  жолдарда  жортып  жүретін 
қарақшы топтар керуенді тонауға Иманжүсіптен сескенеді. Сыр бойында 13 жылдай 
бірсыдырғы  тыныш  өмір  сүрген  Иманжүсіп,  егде  тартқан  шағында  өз  шаруасын 
күйттеп, дін жолын ұстанып, тыныш өмір сүруді де ойлайды. 
Алайда,  1927-1928  жылдары  Иманжүсіптің  басына  үлкен  қатер  төнеді.  Бұл 
қазақ даласына келген жаңа жұт – атышулы кәмпеске еді. Датқаның тұқымы, нағыз 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
159 
тап жауы, күдікті элемент  ретінде ұсталады, оған  «атақты ұры» деген жаман атағы 
қосылып,  Иманжүсіп  тағы  да  темір  торға  қамалады.  Бұл  жолы  қамаудан  «мал 
ұрлады»  деген  қылмысы  дәлелденбей,  әупірімдеп  зорға  құтылған,  жасы  ұлғайған 
батыр  басына  төнген  қатерді  сезіп,  қайтадан  атының  басын  Арқаға  бұрады.  1928 
жылы  Қарқаралы  округінің  Шет  ауданында  қыстап  шығады.  1929  жылы  Жаңаарқа 
ауданына қоныс аударады. 
Жаңа үкімет  түртпектеп тыныштық бермеген соң 1930 жылдың мамыр айына 
дейін  Мойынқұм  өңіріндегі  бір  ауылда  тұрақтап  қалуды  ойлайды.  Дәл  осы  тұста 
(1929-1931  жылдар)  қызыл  үкіметтің  «асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын» 
деген  идеяға  негізделген  саясатының  қысымына  шыдай  алмаған  Мойынқұм  мен 
Созақ  маңының  қазақтары  көтеріліске  шығады.  Бірақ,  1930  жылдың  аяғында 
көтеріліс  басшылары  мен  оған  қатысқан  сарбаздар  қамауға  алынып,  жазаланады. 
Осы  тұста  Иманжүсіптің  бір  баласы  Мойынқұм  көтерілісінің  басшысы  болған 
Орынбай деген кісінің қызына үйленеді. 
Ел  ішін  итше  тіміскілеп,  пәле  іздеп  жүрген  ОГПУ  басшылары  мұны  қалт 
жіберсін  бе?  Ұрымтал  тұсты  пайдаланып,  үстінен  қылмыстық  іс  қозғап,  көтеріліс 
басшыларының  сенімді  серігі  ретінде  жауапқа  тартылады.  Сөйтіп,  аты  аңызға 
айналған  дала  нояны  РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің  58-2-бабы  бойынша 
айыпталып,  1931  жылдың  2  наурызында  ату  жазасына  бұйырылады.  Бұл  тұста  елі 
мен жерінің еркіндігі үшін алысып өткен әулеттің өкілі Иманжүсіп 68 жаста екен. 
Батырдың  өз  кіндігінен  тараған  ұлдары  Дәулетхан  (1886-1937  ж.ж), 
Сейітхан  (1895-1957  ж.ж),  Нұрхан  (1920-1996  ж.ж.)  жылдары  өмір  сүрген.  Өз 
балалары  мен  ағалары  Ақшабай  Шоқайдың  ұрпақтары  Астана,  Алматы, 
Қарағанды,  Қызылорда  облыстарында  тұрады.  Нұрханның  қызы  Раушан 
Көшенова  (Иманжүсіптің  немересі)  2001  жылы  «Қайнар»  баспасынан 
«Иманжүсіп»  атты  кітап  шығарды.  Туған  қызы  Күләнда  осы  Шиелі  ауданында 
тұрмысқа шығып, Қарғалы ауылында тұрған. 2003 жылы 100 жастан асып қайтыс 
болды. 
Қазіргі таңда Күланданың ұлы Оразбек Досанов Шиелі ауданының Қарғалы 
ауылында тұрады. 
Жалпы  алғанда,  Иманжүсіп  шығармашылығы  бір  күнде  айтып  тауысатын 
дүние  емес.  Иманжүсіп  болмысы  бір  парақпен  дараланатын  болмыс  емес. 
Иманжүсіптің басқа серілерден өзгешелігі де ақындығына, әншілігіне, балуандығына 
қоса  мінезінің  өрлілігінде,  өткірлігінде.  Ол  қазақтың  азаттығы  үшін  арпалысып 
өткен  әулеттің  бір  бұтағы  болған.  Сатқындық  пен  опасыздықты,  әділетсіздік  пен 
қуғындауды  көп  көрген.  Сонда  да  қайыспай,  бәзбіреулер  секілді  биліктің  сойылын 
соққан жандайшап, қолшоқпар болмаған. Сол үшін де Иманжүсіп тұлғасы барынша 
дара. 
Иә, Иманжүсіп – бостандыққа қол жеткен қазіргі тұста ескерткіші немесе қола 
мүсіні  Сыр  бойы  мен  Арқа  өңірінде  төбесі  көк  тіреп  тұруға  лайықты  азамат.  Бар 
қазақтың  баласы  Түркістанды  киелі  санап,  тәу  етіп,  қастерлеп,  қадір  тұтады.  Міне, 
осы Түркістан мен халқының бостандығы және тәуелсіздігі жолында құрбан болған 
Тұрғанбай датқаның есімі қатар аталса, мерейіміз өсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. 
Халқымыздың бір әулетінің үш бірдей ұрпағы – атасы, баласы, немересі туған елінің 
еркіндігі  жолында  қатерге  бас  тігіп,  өмірлерін  құрбан  етсе,  оларды  біз  неге 
дәріптемейміз?  Олардың  өмір  жолын  бүгінгі  және  келер  ұрпаққа  неге  үлгі  етіп 
ұсынбаймыз?! 
Қорытындылай  келе,  Иманжүсіп  шығармашылығы  мен  өмірі,  тарихта  алатын 
елеулі  орны  бір  күнде  айтып  таусылатын  дүние  емес.  Иманжүсіп  болмысы  бір 
парақпен  дараланатын  болмыс  емес.  Иманжүсіптің  басқа  серілерден  өзгешелігі  де 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
160 
ақындығына,  әншілігіне,  балуандығына  қоса  мінезінің  өрлілігінде,  өткірлігінде.  Ол 
қазақтың  азаттығы  үшін  арпалысып  өткен  әулеттің  бір  бұтағы  болған.  Сатқындық 
пен  опасыздықты,  әділетсіздік  пен  қуғындауды  көп  көрген.  Сонда  да  қайыспай, 
бәзбіреулер секілді биліктің сойылын соққан жандайшап, қолшоқпар болмаған. Сол 
үшін де Иманжүсіп тұлғасы барынша дара. 
Қазақ еліне, қазақ жеріне тарихта өшпес із қалдырған біртума азаматтарымыз 
аз  емес.  Олардың  әрқайсысының  өзіндік  орны,  ерекше  тұлғасы  бар.  Бойындағы 
өнерімен, дарынымен қоса, халықтың қуанышына ортақтасып, мұңын жоқтап, үлкен 
қайсарлықпен  тайсалмай  патша  үкіметіне  қарсы  шыққан  Иманжүсіп  ағамыздай 
сахара  саңлақтарының  үлгі-өнегесін  әрі  қарай  дәріптеп,  жолын  жалғастыру  мына 
біздің келешек жас ұрпақтың қолында деп ойлаймын. 
Ұсыныс.  Ауданымызда  батырдың  өлеңдерін,  батыр  туралы  деректер,  ол 
қолданған көне жәдігерлер, батыр баба туралы шығармалар жинақталып, Иманжүсіп 
Құтпанұлы  мұражайын  ашуға  тиіспіз.  Ауданымызда  Иманжүсіп  Құтпанұлының 
атына көше беру керек. 
 
ӨМІРЗАҚ Өміржан Қанатұлы, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің 2 «Б» сынып оқушысы, Қарағанды қаласы
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: РАМАЗАНОВА Алтын Амангельдиновна, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
САҒЫНДЫҚОВ Ілияс Азаматұлы, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің 2 «В» сынып оқушысы, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СЕЙФУЛЛИНА Индира Бахарамовна, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
НУРКЕНОВА Аилин Кайратовна, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің 1 «В» сынып оқушысы, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: НЫГАНОВА Гульнар Ныгановна, 
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІ 
 
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  (1899-1964)  –  аса  көрнекті  қазақ  геологы,  қоғам 
қайраткері,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясын  ұйымдастырушы  және  оның  тұңғыш 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
161 
президенті,  Қазақ  КСР  академиясының  академигі,  қазақстандық  металлогения 
мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар 
уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). 
Қаныш  Сәтбаев  геологиялық  барлау  мамандығы  бойынша  Томск 
технологиялық  институтының  тау-кен  факультетін  бітірген.  Қаныш  Сәтбаевтың 
бүкіл  өмірі  Қазақстанның  минералдық  ресурстарын  және  рудалық  кендер 
генеалогиясын  зерттеуге  арналған.  Оның  геологиядан  басқа  ғылымдардан  да, 
мәдениет саласында да, тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталуға  тақағанда,  жағдайдың  аса  қиын 
ауырлығына  қарамастан,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясын  ұйымдастыру  жұмысына 
басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. 
Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені  туралы 
зерттеулерінің,  Сарыарқаның  металлогендік  және  болжам  карталары  жөніндегі 
еңбектерінің мәні ерекше. 
Жезқазғанның  ірі  мыс  рудалы  аудандар  қатарына  жатуы  кезінде  осы  кеннің 
жоспарлы  түрде  кең  ауқымдағы  барлау  жұмыстарын  ұйымдастыруға  болатын  ірі 
нысан  екенін  дәлелдеп  берген  Қаныш  Сәтбаев  еңбегінің  нәтижесі.  Сондай-ақ  ол 
минералдық  шикізатқа  бай  Сарыарқа,  кенді  Алтай,  Қарағанды,  Қаратау  секілді 
аймақтарға  да  ерекше  назар  аудара  зерттеп,  олардың  кендерінің  стратиграфиясы, 
тектоникасы,  құрылысы,  металлогениясы,  неохимиясы  және  шығу  тегі  туралы 
маңызды  ғылыми  қорытындылар  жасады,  ғылымға  формациялық  металлогендік 
анализдің кешендік әдісін енгізді. 
Көптеген  тәжірибелі  мамандар  қатыстырыла  отырып,  Қаныш  Сәтбаевтың 
басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде 
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру 
арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері 
ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. 
Қаныш  Сәтбаев  Қарағандыда  металлургиялық  зауыт  салуда,  Қостанай,  Алтай 
темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген 
ірі  нысандарды  игеруге,  Ертіс-Қарағанды  каналының  қазылуына,  біраз  ғылыми-
зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан 
ғалымдарының  ақылшысы,  тәрбиешісі  болды.  Ол  геология  ғылымына  қатысты 
әлемдік,  одақтық,  қазақстандық  түрлі  дәрежедегі  толып  жатқан  комиссиялардың, 
комитеттердің  мүшесі,  басшыларының  бірі;  бірнеше  мәрте  КСРО  және  Қазақ  КСР 
Жоғарғы  Кеңестерінің  депутаты;  КОКП  съездерінің  делегаты,  КСРО  Министрлер 
Кеңесі  жанындағы  Лениндік  және  Мемлекеттік  сыйлықтар  жөніндегі  комитеттің 
президиумының  мүшесі.  Ол  төрт  рет  Ленин  орденімен,  Екінші  дәрежелі  Отан 
соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың 
иегері  болған.  Оның  есімі  институттар  мен  кен-металлургия  комбинаттарына, 
Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. 
Сондай-ақ  Алатаудың  бір  шыңы  мен  мұздағы,  Қаратаудағы  ванадий  кенінің 
рудасынан  табылған  бір  минерал  (сатбаевит)  оның  атымен  аталады.  Оған  арналған 
бірнеше мұражайлар бар. 
«Академик  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаевтың  60 жылдығы»  («60-летие 
академика  Каныша  Имантаевича  Сатпаева»)  атты  мақаласын  жазушы  Мұхтар 
Әуезов  Ж.  Айталиев  және  П.  Аворовпен  бірге  жазған.  Мақала  «Вестник  Академии 
наук  Казахской  ССР»  журналының  1959 жылғы  4-санында  орысша  басылған. 
Мақала  Сәтбаевтың  туғанына  60  жыл  толуына  арналған.  Онда  авторлар  ол  кезде 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  президенті,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясына 
қарасты Геология институтының директоры болған аса көрнекті ғалымның қызметі 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
162 
мен  лауазымдарын  атаудан  бастап,  аса  ірі  ғалым-геолог  пен  мемлекет  қайраткері 
Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың аты біздің елде ғана емес, одан әрі шет аймақтарда 
терең құрметке бөленгенін мақтанышпен жазған. Одан әрі ұлы ғалымның қысқаша 
өмірбаяны  мен  ғылыми,  қоғамдық,  мемлекеттік,  ұйымдастырушылық  қызметіне 
сипаттама берген. 
Ия,  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  1941-1952  жылдары  КСРО  Ғылым 
академиясы  Қазақ  бөлімшесінің  құрамындағы  Геология  ғылымдары  институтының 
директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының 
орынбасары,  төрағасы,  Қазақстан  Ғылым  академиясының  президенті  болған.  1952 
жылы  әміршілдік  жүйенің  тарапынан  қысымға  ұшырап,  қызметінен  төмендетіліп, 
Қазақ  КСР  Геология  институтының  директоры  болып  тағайындалған.  1955  жылы 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  президенті  болып  қайта  сайланып,  өмірінің 
соңына дейін осы қызметті атқарған. 
1947  жылы  Англияға  сапар  жасаған  кеңес  парламентарийінің  ішіндегі  қазақ 
ғалымына  Ұлыбританияның  бұрынғы  премьер-министрі  У.  Черчилль  қалжыңдап: 
«Барлық  қазақтар  сіз  сияқты  сұңғақ,  батыр  тұлғалы  ма?»  -  деп  сұрапты.  Сонда 
академик  Қ.  Сәтбаев:  «О,  жоқ,  Черчилль  мырза,  қазақтардың  ішіндегі  ең  кішісі  – 
мен,  менің  халқым  менен  де  биік»,  -  деп  жауап  беріпті.  Осы  бірауыз  сөзден 
ғалымның  дене  бітімі  ғана  емес,  жан-дүниесінің,  халқын  сүйген  жүрегінің  де  ірі 
екенін байқауға болады. 
Ғалымның  негізгі  ғылыми  еңбектері  кентасты  кендер  геологиясы  мен 
Қазақстанның  минералды  ресурстарына  арналған.  Жезқазған  кенін  зерттеу  және 
Орталық  Қазақстанның  (Сарыарқаның)  металлогендік  және  болжам  картасын 
жасауда  көп  еңбек  сіңірген.  Ол  ғылымға  формациялық  металлогендік  анализдің 
кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені  мардымсыз өңір  болып саналған 
Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі  өте зор 
болды. 
Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең 
көлемдегі  геологиялық-барлау  жұмыстарын  ұйымдастыруға  болатын  ірі  нысан 
екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа 
да  аймақтарды  ерекше  назар  аударып  зерттеген.  1927-1928  жылдары  –  Жезқазған, 
Қарсақбай,  Атбасар,  Спасск  аудандары,  Қарағанды  тас  көмір  алабы  және  Қаратау 
полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 
1929  жылы  Атасу  темір-марганец  кендерін  игерудің  негізінде  Қарағанды 
облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған 
– Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, 
барлау  нәтижесінде  маңызды  геологиялық  қорытындылар  жасаған.  Ұлы  Отан 
соғысы  жылдарында  танк  бронын  құюға  қажет  марганец  тапшылығы  туған  кезде 
Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, 
іске қосылған. 
Академиктің 
қолдауымен 
Алматыда 
Орта 
Азия 
геофизика 
тресі 
ұйымдастырылып,  Қазақ  КСР  Геология  және  жер  қойнауын  қорғау  министрлігі 
құрылған.  Қазақстан  Ғылым  академиясын  ұйымдастырып,  ондағы  бөлімдерді,  оған 
қарайтын  институттарды,  зертханаларды,  секторларды,  базаларды  дұрыс 
жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. 
Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне 
бағыттап,  шаруашылық  және  мәдени  құрылыстың  басты  мәселелерін  шешуге 
белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш 
металлургия  зауыттарын,  Ертіс-Қарағанды  арнасын  салу,  Маңғыстау,  Мұғалжар, 
Торғай  өңірлерінің  табиғи  байлықтарын  анықтау  жөнінде  зерттеу  жұмыстарын 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
163 
ұйымдастыру,  республикамыздың  ірі  минералдық  шикізат  қорларын  –  Кенді 
Алтайды,  Қаратау  фосфоритін  Қостанай  мен  Жезқазған  –  Ұлытау  өңірлеріндегі 
темір,  марганец,  т.б.  көптеген  кен  орындарын  игеру  Сәтбаев  есімімен  тығыз 
байланысты. 
Қ.  Сәтбаевтың  геологиядан  басқа  ғылымдарда,  мәдениет  саласында,  тарихта 
қалдырған еңбектері мол. Ш. Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі 
қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа 
орфографиясының  негізінде  қайтадан  дайындаған.  Жезқазған  –  Ұлытау  өңірінен 
көптеген  этнографиялық  мұраларды  жинап,  «Жезқазған  ауданындағы  көне  заман 
ескерткіштері»  атты  еңбегін  жазған.  Қазақ  орта  мектебінің  төменгі  және  жоғары 
сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 
Қ. Сәтбаев 1931 жылы басылған А. Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» 
жинағына  Сәтбаев  қазақ  халқының  музыкалық  мұрасының  інжу-маржаны  болып 
есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. 
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  сан  қырлы  талантын,  ақыл-ой  парасатын  туған 
халқының мерейін үстем етуге жұмсады. Оның өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі. 
Белгілі  қоғам  қайраткері  І.  Омаровтың  сөзімен  айтсақ:  «Қаныш  қазақ  топырағында 
туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. 
Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі болды». 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет