№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
21
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ТІЛ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ІЗІМ Мария Қолдашқызы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы
РЭТ-12 тобының студенті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚҰЛМАНОВ Қуандық Сәндібекұлы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
(of Associate Professor), Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
АНА ТІЛІН ҚАДІРЛЕМЕГЕН ХАЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ
Жоспар:
- Біздің ана тіліміз;
- «...Нұрлы жұлдыз, бабам тілім, сен қалдың!»;
- Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады;
- Ұлы ойшыл азаматтардың өз ана тіліне деген құрметі;
- Қазақ тілі – мәңгілік тіл.
Егемен еліміздің Мәңгілік Ел болып қалыптасуына не қажет?! Әрине, бірлік,
татулық, біртұтас идея, алға жұмылдырылған бағыт, мақсат-мұрат қажет. Бірақ ең
маңыздысы – ол әрбір қазақстандықтың өз мемлекеттік тілі – қазақ тілін білуі.
Ғасырлар бойы қазақ халқының ұлт ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі
ұйытқысы болған оның ғажайып тілі. Біздің қазақ тіліміз басқа ұлттардың тілдеріне
қарағанда бай әрі өзінің қоңыр үнімен ерекшеленеді. Ұлы қазақ ақыны Мағжан
Жұмабаевтың өлең шумақтарында ана тіліміздің құдіреті және әр уақытта да әрбір
қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатыны айқын көрсетілген:
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, -
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Тіл – әрбір ұлттың, елдің қастерлі де құдіретті қарым-қатынас құралы. Еліміз
тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап күннен күнге асқақтап, биік шыңдардан
көрініп келе жатыр. Сол жылдардан бастап мемлекеттік тіліміздің де бұғанасы
қатайды. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі жоғары, мейілінше дамып, байып,
жетілді.
Қазақ тілінде жазылған өлеңдер қандай тамаша! Үздіксіз тыңдай бергің келеді.
Ана тілімізде жазылған шынайы көркем шығармалар халқымыздың тұтас тарихын,
ұлтымыздың кескін-келбетін бейнелейді.
Ұлы ақын, педагог, әдебиет зерттеушісі, ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай:
«Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады». Бұл қанатты сөздердің астарында маңызды да
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
22
мәнді ой жатыр. Ежелден келе жатқан ана тілімізді таза күйінде сақтап, оны кейінгі
ұрпаққа мұра қылып қалдыру әрбір қазақстандықтың парызы.
Менің ойымша, ана тілін сүймеген адам халқын да сүйіп, құрметтеп
жарытпайды. Әрине, тілді жасаушы ол халықтың өзі, сондықтан тіл халыққа қызмет
етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлттың
мәдениеті, ұлт әдебиеті болмайды.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы
байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің еліміз кез келген жұртпен иық
теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Орыс халқының ұлы жазушысы В.Г.
Короленко: «…Менің тілім өз баларыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам,
жаным түршігеді», - деген екен. Сол сияқты барлық елдің азаматтары өз ана тілінің
тағдырына немқұрайлықпен қарамаған.
Қазіргі таңда ана тіліміздің жағдайы мені де қатты алаңдатады. Университет
қабырғасында жүріп, қазақ тілімізді білмейтін студенттерді кездестіргенімде өзім
қатты ұялып кетемін. Қазақ жерінде тұрып, ұлты қазақ бола тұрып, ана тілімізді
білмеген мүлдем дұрыс емес. Алайда елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің қазақ
тілінде таза сайрап тұрғанын көріп, бір марқайып қаламын. Олар қазақтың ұлы
ақындарының шығармаларын оқып қана қоймай, оларды жатқа біледі. Адам баласы
қанша жерден білімді, шет тілдерін жетік меңгерген болса да, оның ана тіліне деген
құрметі жоғары болуы тиіс. Сонда ғана ана тіліміз мәңгілік тіл болып қалыптасады.
Менің ойымша, жер бетіндегі барлық елдердің ішінде біздің қазақ тіліміздің
мәртебесі жоғары. Мен ана тілімді сүйемін және оның қазақ тарихындағы орнын
асқақтату үшін өз үлесімді қосуға әрқашан да дайынмын!
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
23
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «САЯСАТТАНУ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ» АТТЫ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЕРМЕКБАЕВ Улугбек Тимурұлы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультетінің 1 курс студенті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: БАЙБОЛАТ Ләззат Байқоңырқызы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология
факультеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы,
филология магистрі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
САЯСАТТАНУ АДАМҒА КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАУДЫ ҮЙРЕТЕДІ
Өмірдің мәні не?
Айналаңа қызмет етіп,
көмек көрсету.
Аристотель
Бәріміз саясат деген сөзді қоғамда көп естиміз, себебі саясат қоғам үшін өте
маңызды. Саясатсыз қоғамды елестету өте қиын: саясат қоғамды реттейді, саясат
қоғамды басқарады. Ежелден билікке аса көрнекті, құрметті азаматар қатысқан.
Осыдан ғибрат мынадай: саясат – жай адам үшін емес, адамды басқара алатын,
жаупкершілікті өз мойынына жүктей алатын адамдар үшін.
Саясат адам өмірінде қай уақытта пайда болды? Бұл құбылыс адамзат
тарихында бір-бірімен қарым-қатынас басталғаннан бері бар. Сол күннен бастап
саясат күннен күнге күрделеніп және дамып келе жатыр. Адамзат саясатты зерттеуді
сараптама жасау арқылы бастаған. Бұл жөнінде Аристотель, Платон, Цицерондар
әлемге әйгілі философтар өз еңбектерінде мемлекет, патша тұралы айтып кеткен.
Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін саяси ғылымның негізін
қалаушы – гректің ұлы ойшылы, философ Аристотель болатын. Бұл ойшыл өз
заманына дейінгі саяси ойларды зерттеп, аса маңызды ғылыми тұжырымдамалар
жасады. Аристотельдің бұл еңбектері саяси ғылымның дамуына осы күнге дейін зор
әсерін тигізіп келеді. Ол дәуірде саясат философияның құрамында болған. Бүгінгі
күнде саясат өзі бір ғылымды құрайды.
Бірақ саясаттанушы деген кім? Жауап сөздің өзінде. Сөз екі түбірден тұрады:
саясат және тану. Бұл сөздің мағынасын түсіну өте оңай деп ойлаймын. Саясаттану –
саясатты зерттейді. Бұл жерде біз саясат, билік деген не екенін, оның қандай түрлері
бар екенін зерттейміз. Ал бұл жүйені білетін адам билікке өте жақын.
Саясаттанушылар көбінесе партия, болмаса мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.
Бірақ бұл жұмыста ең маңыздысы сараптау. Себебі дүниедегі болып жатқанды
оқиғаларға сараптама жасаусыз түсінуге болмайды, ал оқиғаларға сараптама жасау
тек қана саясатқа ғана қажетті құбылыс емес, ол адамзат үшін де өте маңызды. Әрбір
әрекеттерге сараптама жасауды меңгерген адам келешекте не болатынын, ол неге
алып келетінін де ойлайды. Былайша айтқанда, саясаттану адамды тек бүгінгі күнін
ғана емес, келешекті де ойлауға үйретеді.
Қазіргі заманда бәрі тез өзгеріп, дамып келе жатыр. Сол өзгерістерге тез
үйренген адам әрқашан ұтады. Себебі ол бәріне дайын, жұмысын жалғастыра алады,
ал дайын емес адам үшін өзгерісті қабылдауға, үйренуге ұзақ уақыты кетеді.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
24
Сондықтан әрбір өзгеріске теріс пікірлер айтып, қабылдай алмай жатады. Уақыт
дегеніміз – біздің ең қымбат құнды дүниеміз. Қоғамдағы өзгерістер мен
жаңалықтарға сараптама жасау адамды анық ойлауға және өз ойын анық жеткізуге
итермелейді. Сондықтан саясаттанушылар әлемде не болып жатқанын, ол неге алып
келетінін айта отырып, адамзат баласына ақпараттар беріп отырады.
Әр саясаттанушының өз ойы, өз пікірі болу тиіс. Сондықтан олар көп оқып,
көп білу керек. Олар экономиканы, тарихты, заңнаманы білуі тиіс. Сонда ғана ол
кәсіби деңгейі жоғары маман болып шығады. Қазақстанның өз саясаттанушылары
бар, олар: Досым Сатпаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Карин, Константин
Сыроежкин және басқалар.
Қазақ халқы білімді, зиялы адамдарды өте қатты құрметтеген, әсіресе өз пікірі
бар адамдарды. Білімді адамдарды әрқашан барлығы құрметтеген, әсіресе
зерттеушілерді. Бұны біз қазақ халқының мақал-мәтелдерінен білеміз. Мысал үшін:
«Білім – арзан, білу – қымбат» деген көптеген мақалдар бар. Саясаттанушы болу өте
қиын мамандық, бірақ сонысымен де қызық.
Сөз соңында әлемге танымал философ Конфуцийдің сөзімен аяқтағым келеді:
«Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек».
Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты
Журналистика және саясаттану факультетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша
білім алып жүрген студент екенімді мақтан тұтамын.
Әдебиеттер
1 Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2 История политических и правовых учений. Под ред. О.Э. Лейста. – М., 1997.
3 Панарин А.С. Политология. Учебник. – М., 2002.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
25
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ
ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН
ЖҰМЫСТАР
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
АБДРАЙМ Мейіржан,
Құлан шағын орталықты орта мектебінің 5 сынып оқушысы, Құлан ауылы,
Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДЖУМАГУЛОВА Мая Альменовна,
Құлан шағын орталықты орта мектебі «Математика» пәнінің мұғалімі,
Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
АУЫЗЕКІ ТАРАҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Кіріспе. Замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, көк шыбықтай
майысқақ, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі – ауызекі тараған
математикалық есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның өз қыры мен сыры бар.
Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге
араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін, қазақ халқының тәлімінің
сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның өз үні, өз лебі, өз көз жасы, өз лебі бар.
Қалай болғанда да екшеліп, бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа
орам, иіріммен қайыратын қағидалар келешекте де кәдеге жарайтын асыл тас.
«Керек тастың ауырлығы жоқ» дейді халық.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шегесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің
көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу – есепті шешудің алтын
балдағы. Алтын балдақ – қарашық біреу емес. Ол көп. Із кессең – табасың. Есеп
осыдан да сан қилы жауап табады. Ол қазақ халқының ауызекі тараған есебінің
кемшілігі емес – артықшылығы.
Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол
осынысымен құнды. Осылай десек те, қазақтың білімінің тамыры терең. Олар қазіргі
тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
26
пайдаланған. Бұрынғы қара есептерді қазіргі есептеу құралдарымен де шешуге
болады. Зекет есебі, құмалақ есебі – өз алдына әңгіме.
Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең
озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге
Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты
міндеттерінің бірі – ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші
факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші
адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда
ғана адамда бәсекелестік туады.
Ғылым жұмыс та осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды,
сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді.
Зерттеу жұмысының маңызы: оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
- Ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру;
- Мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту;
- Әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға,
саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
- Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған,
шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру;
- Байырғы қара есептердің математика курсында алатын орнын анықтау;
- Тақырыпқа сәйкес есептерді іріктеу және оларды шешу әдістерін қарастыру;
- Қосымша мағлұмат қарастыру;
- Математика пәніне деген қызығушылығын ояту;
- Математиканы оқып-үйренуге құмарлығын арттыру;
- Математикадан алған білімін тәжірибеде қолдана білу;
- Логикалық ой қорытындысын жасау, идеялар, болжамдар ұсыну қабілетін
қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже. Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар
математикадан қосымша сабақтарда кеңінен қолданылса, оқушылар логикалық ой-
өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға болып
қалыптасады.
Зерттеу барысында мынадай болжам ұсынылды: оқу процесінде қазақтың
байырғы математикасын, есептер жүйесін қолдану математиканы оқып үйренудің
тиімділігін арттырады.
Зерттеу нысаны – байырғы қара есептердің қолданымдары.
Жоғарыдағы болжамды дәлелдеу үшін жекелеген бірқатар мәселелерді
тұжырымдау қажет.
Негізгі бөлім. Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрліше.
Олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қарасөз, біресе ертегі, біресе ілмек, біресе
дұзақ, біресе сиқырлы ой айту тағы басқа түрде кездеседі.
Халық есептерінің өзімен туыстас, жалғас, көршілес елдердің салт-санасымен
астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы бар.
Қазақтың байырғы математикасында пәнаралық байланыс өте кең дамыған.
Соның ішінде әдебиет пәнімен байланысты байқауға болады. Қандай есепті алсақ та,
мақал немесе нақыл сөзбен түйінделген. Бұл түйіндеулерге зер салсақ,
әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Тәрбие – сан қырлы. Ата-тегінің табысын айту,
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
27
халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру
тәрбиенің бір көзі.
Жеті ата – ғұрып. Әр адамның жеті атасын білу парыз. Ол көргенділік пен
білімділікті білдіреді. Қазақ жеті атасын білмесе: «Жеті атасын білмеген жетесіз», -
деп сөгеді. Жеті атаға: өзі, әкесі, атасы, бабасы, бабасының әкесі, оның әкесі, бабасы
және оның әкесі. Қазақта «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген
мәтел бар. Жеті – ежелгі атау. Оның бір мағынасы – апта. Өлген адамның жетісі
беріледі. Тағы да басқа мағыналары кездеседі.
Дүре салу – жазаның масқара, ең ауыр түрі. Жазалының құйрығын түріп
қойып, қамшыны суға салып, 25, 0, 75, 100 рет дүре соғу. Мұндайда қамшы 4, 8, 16,
32 өрме де болуы мүмкін. Оны би анықтайды. Дүре салу кезінде адам өліп кетсе,
құны сұралмайды. Дүре саны мен өрме санына зейін аударсақ, әуелі сан екі есе
артып отырады. Бұл – арифметикалық қатар мүшелері.
Зекет жинау – VI ғасырдан бері келе жатқан салық түрі. Мал өнімінен,
табысынан берілетін зекет шамасы мынандай: 40 қойдан – 1 қой, бес түйеден – 1
түйе, отыз сиырдан – 1 сиыр беріледі. Егер табысың болмаса зекет жиналмайды.
Сонымен, табысыңның қырықтан бір бөлігі зекет деп аталады.
Тоғыз – тақ сан. Тоғызға байланысты қазақ арасында түрлі өлшемдер туған.
Соның бірі – айып өлшемі. Ел арасында ас бергенде, дау-шарада бір тоғыздан үш
тоғызға дейін төленетін зат болған. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған
сегіз үсақ мал, 8 сом күміс бастаған ақша. Қыз жасауы да тоғыз шапан, тоғыз ішік,
тоғыз бешпет, тоғыз білезік, тоғыз көйлек т.т. түрінде болған.
Бес жақсы – қалыңмал төлеуі. Бес жақсыға түзу мылтық, берік сауыт, бәйге ат,
қамқа тон, оқалы камзол, шағи шапан, күміс ер-тұрман береді.
Қазақтың ұлттық ойындары. Он құмалақ. Он құмалақты суреттегідей
томен қараған үшкіл ретінде орналастырайық. Үш құмалақты қозғап, үшкілді
жоғары қарату керек. Ойланбаса ми сасиды, Қозғалмаса су сасиды.
Бесжұлдыз. Қамауға алынған мүсәпірге сүлтан бір есеп берді. «Егер шешсең
босатам да, шеше алмасаң басыңды алам», - деп үкім шығарды. Сұлтан талабы:
«Мына бес таяқшаны көзіңше жартылай сындырамын да, суреттегідей қоямын.
Қолмен қозғамай, осыдан бесжұлдыз жасасаң бас бостандығыңды аласың», - деді
Найранбаз. Әрі ойланып, бері ойланып көз жасы көл болған мүсәпір бесжұлдыз
құрастырды. Қалай?
Тоғызқұмалақ. Бұл ойынды екі адам ойнайды. Әрқайсысының 9 кіші, бір
үлкен отауы болған. Әрбір отауда 9 құмалақтан салынған. Жүрісті бастаушы өз
отауындағы құмалақтың 8-ін алып, біреуін орнында қалдырып, солдан оңға қарай
бәріне бірдей етіп, отауларға салады. Ең соңғы құмалақ түскен отауда жұп санды
құмалақ болса, сол ұя босатылады да, құмалақ жүруші жақтың қазанына салынады.
Егер жүрушінің құмалағы өз отауына түссе, құмалақтар алынбайды. Құмалақты өз
қазанына көп жинаған ойыншы ұтады.
Қорытынды. Математика – адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты
қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз –
адамзат өзін айнала қоршаған ортадан күнкөрістік тағамдық заттардың қорын
жинағанда олардың мөлшерін білу үшін санауға мәжбүр болған.
Санаудың нәтижесінен сан ұғымы қалыптасқан. сонымен, сан адамзаттың
ақыл-ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған
ұғым. Сандар – математика ғылымының түп қазығы.
Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі
Роджер Бэкон (1214-1292): «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы әрі
оларға пайдалы да, қажет те», - деп бекер айтпаған.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
28
Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың
маңызын: «...ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те – математика», - деп жоғары
бағалаған.
Математика құралдық ғылым ретінде басқа ғылымдардың негізі болып
қалмастан, ғылыми зерттеуде маңызды рөл атқарады. Ол толып жатқан
ғылымдардың, мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу,
логика ғылымы, т.б. ғылымдардың дамуына негіз бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |