Әдебиеттер
1 Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері. –
Өскемен, 2001.
2 Алдамұратова Т.А. Математика. – Алматы: Атамұра, 2001.
3 Әлімбай Т.Р. Математикадан тыс жұмыстар. – Алматы: Рауан, 1992.
4 Көпбеев А. Математика тарихы.
5 Нұрсұлтанов Қ.Н. Жүлдегер жүз есеп.
6 Елубаев С. Қазақтың байырғы қара есептері. – Алматы: Қазақстан, 1996.
7 Доспамбетов Ә. Қырық қазына. – Алматы, 1997.
8 Қазақ халқының салт-дәстүрі. – Алматы, 1994.
АМАРОВА Карина,
К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің 9 сынып оқушысы,
Талдықорған қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: СЕЙИТОВА Бахтихан Нурвяговна,
К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің «Химия» пәнінің мұғалімі,
Талдықорған қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ТҰЗКӨЛ КӨЛІ БАЛШЫҒЫНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ТИГІЗЕТІН
ЕМДІК ҚАСИЕТІ
Кіріспе. Ізденіс жұмысының өзектілігі. Жалпы мемлекеттік маңызы бар
негізгі міндеттің бірі Қазақстан халқын салыстырмалы түрде арзан әрі тиімді
отандық табиғи емдік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Ондай заттардың
қатарына емдік құндылығы жоғары суда жақсы еритін натрий, калий, магний,
кальций, хлор иондары мен органикалық заттарға бай болуымен ерекшеленетін көл
табанына шөккен балшықтар (пелоидтар) мен тұздарды жатқызуға болады.
Қаратал өзенінің сағасындағы жазда құрғап қалатын Тұзкөл сияқты аумағы
шағын көлдерде емдік балшықтар кең тараған. Оларды зерттеп зерделеу болашақта
туризм мен демалыстың ірі аймақтарының біріне Алакөл жағалауында емдік
сауықтыру рекреациясын дамытып, балшықпен емдейтін сауықтыру орындарын
салуға мүмкіндік береді.
Сондықтан ғылыми-ізденіс жұмысы еліміздің экононмикалық даму
стратегиясына сәйкес Тұзкөл көліндегі емдік балшық пен минералдық тұздарды
жан-жақты зерттеу негізінде Балқаш көлінің жағалауында емдік туризм мен
демалысты дамыту мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.
Зерттеудің мақсаты: Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінің табанына
шөккен минералдық заттарға қаныққан емдік балшықтар мен тұздарының түзілу
жолдарын,
химиялық
құрамын
емдік-сауықтыру
рекреациясын
дамыту
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
29
Алға қойған мақсатқа сәйкес ізденіс жұмысы төменде көрсетілген міндеттерді
айқындап, оларды шешуді көздейді:
- Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінің шипалы балшықтары мен
тұздың емдік-сауықтыру рекреациясын дамытуға мүмкіндік беретін табиғи алғы
шарттарын анықтау;
- Ізденіс жұмыстары жүргізілген аумақтың ауа температурасы мен жауын-
шашынның таралуының, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының емдік
балшықтар мен тұздардың түзілуіне тигізетін әсерін;
- Зерттеу барысында Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінен алынған
емдік балшық, тұз бен су сынамаларына арнайы мамандандырылған зертханаларда
химиялық талдаулар жасау арқылы құрамындағы микроэлементтердің адам ағзасына
тигізетін жағымды әсерін;
- Зертханалық зерттеулер негізінде алынған деректерге сүйеніп, Қаратал
өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінің емдік-сауықтыру рекреациясын дамытуға
мүмкіндік беретін қолайлы және тежейтін қолайсыз факторларды анықтау;
- Ізденіс жұмыстарының барысында жинақталған ақпараттарды бір жүйеге
келтіріп, тиімді ұсыныстар енгізу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл
көлінің емдік балшықтары мен тұздары алынды.
Зерттеу жұмысының пәні ретінде Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл
көлінің балшықтары мен тұздарын емдік-сауықтыру рекреациясын дамытуға
пайдалану мүмкіндіктері алынды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Ұсынылған ізденіс
жұмысының теориялық негізі ретінде Д.Н. Вайсфельд пен Т.Д. Голубтың «Лечебное
применение грязей», Р.Т. Омаровтың «Содержание микроэлементов в поверхостных
водах Алматинской области» оқулықтарындағы ғалымдардың тұжырымдары
басшылыққа алынып, салыстырмалы талдау, экспедициялық зертханалық талдау,
камералық өңдеу, жинақтау, жүйелеу әдістерін қолдану қарастырылуда.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеулер барысында
жүргізілетін бақылаулар мен жинақталатын деректер негізінде Қаратал өзенінің
сағасындағы Тұзкөл көлінде емдік-сауықтыру рекреациясын дамытуға мүкіндік
беретін табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттар анықталады.
Ізденіс жұмысының практикалық маңызы. Ұсынылатын жұмыстағы жазба
деректерді туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының
мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Ғылыми-ізденіс жұмысындағы деректер Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл
көлінде емдік-сауықтыру рекреациясы мен демалысты дамыуға мүмкіндік беретін
бағыттар мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда үлкен
әсерін тигізеді.
Ғылыми-ізденіс жұмысының мерзімдік шегі: ізденіс жұмысы 2015-2018
жылдардың аралығын қамтиды.
Негізгі бөлім. «Тұзкөл» көлінің емдік балшық кен орнының физикалық,
географиялық орны. Емдік балшық пен табиғи минералдық тұздардың мол қоры
сақталған Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлі орналасқан аумақтың
табиғатының ерекшелігін, емдік-сауықтыру рекреациясын дамыту мүмкіндіктерін
анықтауды көздейтін ізденіс жұмысы 2015 жылдың қыркүйек айынан басталды.
Жоспар бойынша ізденіс жұмысы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Қаратал өзенінің сағасындағы көктемде еріген қар суының
әсерінен пайда болып жазда саязданып немесе құрғап қалатын Тұзкөл көліне жорық
ұйымдастырып, табиғатының ерекшеліктерін, суының, теригенді емдік балшық пен
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
30
тұз сынамаларын алу жұмыстары жүргізіліп, ара қашықтығы, жер бедері мен
климатының ерекшелігі, көліктік қол жетімділігі, ем қабылдауға қолайлылығы
анықталады.
Екінші кезеңде Талдықорған қаласындағы мемлекеттік санитарлық-
эпидиемиологиялық бекетінің мамандандырылған зертханасында кен орнынан
алынған емдік балшық, тұз және су сынамаларының физикалық және химиялық
құрамына спекторлық талдау жасалады.
Үшінші кезеңде арнайы мамандандырылған зертханада өңдеу жұмыстары
жүргізіліп, алынған мәліметерді ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі деректермен
салыстырып, дәрігерлердің кеңестеріне сүйеніп, Тұзкөл көліндегі емдік балшық пен
тұз құрамындағы микроэлементтердің адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері, тері
және буын ауруларын емдеу мақсатында қолдану мүмкіндіктері анықталады.
Тұзкөл – емдік балшық кен орнының орналасқан аумақтың географиялық
орыны. Тұзкөл Қаратал өзені құятын Балқаш көлінің жағалауынан Байшегір
ауылының шығысында 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Тұзкөл көлінің
көктемде су деңгейі көтерілгенде пайда болып, жазда саязданып, басым бөлігі кеуіп
қалатын шағын сорларының орынында түзіледі.
Емдік балшық пен тұз кен орнының аты жазда деңгейі төмендеп, жер бетіне
шығып жататын тұз қабаттарына байланысты қойылған. Автомобиль жолына жақын
орналасуына байланысты Талдықорған қаласы мен Көксу, Ескелді, Қаратал
аудандарынан келетін туристердің рекреациялық қажеттілігін өтеу мақсатында
пайдалануға мүмкіндік береді.
Балшық пен тұз құрамындағы химиялық элементтер буын, тері басқа да
көптеген ауруларға ем болып табылатыны белгілі.
Тұзкөл көліндегі балшық пен судың құрамындағы макроэлементтердің
емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы маңызы және адам ағзасына әсері.
Емдік балшықтың, тұздың құрылымы мен химиялық құрамы, емдік-сауықтыру
туризмін дамыту мақсатында экспедициялық зерттеулер барысында біз Тұзкөл
көлінің табанына шөккен тұз бен судың сынамаларын алып, алынған су мен тұз
сынамаларына У.М. Ахметсафин атындағы гидрогеология және геоэкология
ғылыми-зерттеу институтының химиялық зерттеулер орталығының зертханасы мен
Талдықорған қаласындағы мемлекеттік санитарлық-эпидиемологиялық бекеттің
мамандандырылған зертханасында физикалық-механикалық және химиялық
құрамына спекторлық талдау жасалып, құрамындағы микроэлементтердің құрамын
анықтаймыз.
Жетісу өңірі көлдерінің химиялық құрамын зерттеген П.П. Филонец пен Т.Р.
Омаровтың «Содержание микроэлементов в поверхнностных воды Талды-
Курганской и Алма-Атинской областей» атты еңбектеріндегі деректерге сүйенсек,
Балқашқа жақын орналасқан, жазда кеуіп қалатын шағын саяз Тұзкөл сияқты көлдер
табанына шөккен тұнбалар мен тұздардың химиялық құрамы оны қоректендіретін
жер үсті және жерасты еспе сулардың құрамына, су жинайтын ауданының
литологиялық құрамына, топырақ қабаттарының тұздану дәрежесіне тәуелді болады
[7].
Біз жүргізетін зертханалық талдау жұмыстары «Қоссор» кен орнындағы емдік
балшықтардың минералдық және химиялық құрамының қалыптасуына көктемде
жиналатын судың жазда буланудың қарқынды жүруі күшті әсер ететінін көрсетеді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің арнайы химиялық
зертханаларда емдік балшыққа жасалған спектрлік талдау қорытындыларына сәйкес
балшық құрамында марганецтің, мыстың, қорғасынның, никельдің, кадмидің,
стронцийдің, хромның мөлшері 1 дм
3
0,0007 мг-нан 0,1 мг/дм
3
аралығында
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
31
ауытқитынын және олардың санитарлық-эпидимеологиялық талаптарға сәйкес
келетінін көрсетті [8].
Тұзкөл көлінің табанына шөккен емдік балшықтарын экспедициялық
зерттеулер барысында Алакөл көлінің оңтүстік жағалауларына жақын орналасқан
сорлар мен жазда кеуіп қалатын шағын лиманды көлдердің тұздары (рапалары) мен
тұз ерітінділерінің түзілу заңдылықтарын, қалыптасуына әсер ететін орта
жағдайларын оқып үйрендік.
Жиналған нақты материалдар төменде көрсетілген қорытындыларды шығаруға
мүмкіндік берді:
- Аридті климат жағдайында судың булануы күшеюінен, суда еріген химиялық
элементтердің концентрациясы артып, көл суларының табанында тұз қабыршағы
мен тұз ерітіндісі түзіледі;
- Тұздың мөлшері мен концентрациясы, гидрометеорологиялық жағдайлар мен
жыл мезгілдеріне сәйкес өзгереді. Тұздың (рапаның) минералдануы өте жоғары
болып 300-350 г/л дейін жетуі мүмкін.
Рапаның құрамына әр түрлі минералдық тұздардың иондары, әсіресе
сульфатты, гидрокарбонатты, хлоридті аниондар мен натридің, кальцидің, магнидің,
калидің және басқада металдардың катионлары басым болады. Рапа, бұл шамалы
ылай, майлы, хош иісті немесе иіссіз болуымен ерекшеленетін судағы жоғары
концентрациялы әлсіз сілтілі тұз ерітінділері.
Химиялық зерттеулер орталығының зертханасында «Қоссор» емдік балшық
кен орнының тұз ерітінділері рапаның сынамаларына жасалған талдау нәтижелері:
Катиондар
Аниондар
Құрамдас бөліктер г/100
г
мг-
экв/100 г
Құрамдас
бөліктер
г/100 г
мг- экв/100 г
Натрий
31,10
1352,22
Хлоридтер
1,70
48,00
Калий
0,01
0,22
Сульфаттар
63,76
1327,44
Кальций
0,18
9,00
Магний
0,17
14,00
Құрамындағы тұздардың үлесі, %
CaSO
4
0,61
MgSO
4
0,84
MgCl
2
92,66
NaCl
2,79
KCl
0,02
Ерімеген
қалдықтар,
%
2,86
Зертханалық талдау нәтижелері бойынша тұз ерітіндісінің құрамында
сульфаттар (63,76г/100г), хлоридтер (1,70г/100 г), калий (0,01г/100г) кальций
(0,18г/100г) бар. Натрий магниге қарағанда басым (магний 0,17г/100г, натрий
31,10г/100) [3 кесте]. Сонымен қатар, CaSO
4
(0,61%), MgSO
4
(0,84%), NaCl (2,79%),
KCl (0,02%), MgCl
2
(92,66%).
Бальнеолог ғалымдар мен дәрігерлердің пікірі мен өзіміз көрген «Тұзкөл көліне
келуші емделушілердің көптігі рапа, белшық сияқты сыртқы, жалпы және жергідікті
тұз ерітіндісі қауыздарын қабылдау мақсатта кеңінен қолданылатынын айғақтайды.
Тұздың қаныққан ерітіндісінің сыбағалы салмағы адам денесіне қарағанда
ауыр болғандықтан көбінесе дененің орталық бөлігі батып бас, аяқ пен қол батпай
шығарып жатады. Тұздың қаныққан ерітіндісі құрамын ғылыми жазба деректермен
салыстыра отырып, Тұзкөл көл емдік балшық кенорынындағы сорлар табанына
шөккен тұз қабаттарын негізіне бишофит (MgCl
2
) құрайтынына көз жеткіздік.
Бальнеолог
ғалымдардың
пікіріне
сәйкес
бишофит
тірек-қимыл
аппараттарының (деформирмациялайтын артрозбен, ревматоидты артритпен,
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
32
құяңмен, басқа да созылмалы қабыну және жүйке бұлшық ет) ауруларына, орталық
және шеткі жүйке жүйесінің патологиясына, тері және жүрек қан тамырлар жүйесі
ауруларын емдеуге бишофитотерапия қолданады. Айтар ойымызды Тұзкөл көлде
буын, тірек қимыл аппараты, тері, құяң басқа да созылмалы аурударға шалдыққан
науқастардың көптігі айғақтайды. Бишофитті қабынуға қарсы, қалпына келтіруші,
ауруды басатын сыртқы зат ретінде қолданады [8].
Сонымен қатар, бишофит тұзының қаныққан ерітінділерін гидротерапия мен
физиоемдеу барысында жағу, озокеритпен қосып, қыздыру арқылы емдік қауыз
ретінде қолданады. Қазіргі кезеңде оның қаныққан ерітінділерін Украинаның, Ресей
мен Беларуссияның көптеген шипажайларында емдік мақсатта пайдаланады. Тұзкөл
көлде емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін кешенді зерттеулер жүргізіп,
болашақта сульфитті балшықпен, MgCl
2
тұзы бишофитпен емдейтін шипажай салу
қажет. Сонда ғана Алакөлді Шортанды, Бурабай сияқты емдік-сауықтыру аймағына
айналдыруға болады [9].
Ғылыми жазба деректерге жасалған талдауларға сәйкес магний хлориді
бишофиттің құрамына бром, йод, кали, кальций және 20 астам микроэлемент кіреді.
Бишофит – бұл жоғарыда аталған тұздардың кристаллданған өнімі.
Зертханалық талдаудың деректеріне сәйкес Алакөлдің суында да MgCl
2
бар
деген қорытынды шығаруға болады. Оның сулы ерітіндісі иіссіз, мөлдір, түссіз
немесе аздап сарғыш болады. Бальнеолог дәрігерлер мен ғалымдардың пікіріне
сүйенсек, бишофит деформирмациялайтын артрозды, ревматоидті артритті,
остеохондрозды, құяңды, жүйке жүйесінің вертеброгенді ауруларын, мойын-арқа
және бел омыртқаларының компрессионды және рефлекторлы (құяң), созылмалы
қабыну және жүйке-бұлшық ет, балалардың церебральды сал ауырулары бар
науқастарды кешенді емдеуге кеңінен қолданылады [9].
Қолданған жерінде терінің тітіркенуі мен аллергиялық әрекет белгілері
байқалған жағдайда бишофитті қолдануды тоқтату қажет.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар бишофитті төмендегі ретпен
пайдалану қажет екенін көрсетті. Дененің емдеуге тиісті бөлігін (иық, кеуде, арқа,
буын т.б.) алдымен үш минут бойы шаммен (көк) қыздырады немесе су құйылған
жылытқышпен жылытады. Табаққа 38º-40º дейін жылтылған 20-30 г бишофит
ерітіндісін құйып, 3-5 минут бойы ауыратын орынға саусақпен жайлап жағады.
Содан кейін қалған ерітіндіні дәкеге сорғызып алып, ауыратын жерлерге жапсырып,
қыздыратын компресс жасайды. Оны түнде жапсырып емдеуді 8-9 сағатқа созады.
Таңертең бишофиттің қалдығын жылы сумен жуып тастайды. Емделу көбінесе күн
аралатып, 14-15 рет жүргізіледі. Егер қабыну байқалса, емдеуді тоқтатып,
қайтқаннан кейін қайта жалғастырады. Компрессті 2-3 ауырған орынға ғана жасау
қажет. Жүрек-қантамыр қызметі бұзылған адамдарға емде 6-7 сағатқа дейін
қысқартылып, бір ғана ауыратын орынға ғана жапсырады [8].
Ғалымдардың пікірлеріне сәйкес рапаның тигізетін пайдалы әсерін тиімділігі
құрамында – бор, йод, бром, ванадий, молибден, мырыш, мыс, натрий, хлор, марганц
сияқты микроэлементтердің жақсы емдік тиімділігі қамтамасыз етеді. Бальнеолог
дәрігерлер магний тұздарының қауызын буын, тері, тағы да басқа ауруларды емдеу
үшін қолдануды ұсынады. Сондықтан болашақта Тұзкөл көлінде Ресейдегі Соль-
Илецк шипажайы сыяқты балшықпен емдейтін бальнеологиялық салу қажет.
Бальнеолог ғалымдар мен дәрігерлердің пікіріне сәйкес минералды сулардың
емдеу тиімділігін құрамына енетін еріген миералды заттар мен тұздар анықтайды.
Кейбір сулар үшін ем қабылдау температурасы мен уақыты да әсер етеді.
Минералдық сулардың құрамына көбінесе калий, натрий, кальций, хлор, магний,
сульфаттар, гидрокарбонаттар, кейде темір мен алюминий енеді. Құрамында
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
33
гидрокарбонат (НСО
3
) бар сулар жиі кездеседі. Таралуына қарамастан олардың
құндылығы өте жоғары.
Бальнеологтардың пікіріне сәйкес хлор бүйректің бөліп шығару қызметіне әсер
етеді. Сульфат кальциймен, натриймен немесе магниймен бірге асқазан секрециясы
мен белсенділігін төмендетеді. Гидрокарбонат асқазанның секрециялық қызыметі
ынталандырады.
Калий мен натрий ағзадағы ұлпалар мен ұлпа аралық сұйықтыққа қажетті
қысымды ұстап тұрады. Калий жүректегі және орталық жүйке жүйесіндегі
өзгерістерге әсер етеді, натрий ағзалағы суды ұстайды. Кальций жүрек бұлшық
еттерінің жиырылу күшін арттыруды қолдайды, иммунитетті арттырады, қабынуға
қарсы әрекетті қамтамасыз етіп, ағзаны судан арылтады және сүйектің өсуіне әсер
етеді. Кальцилі ыстық су асқазан жарасы мен гастритке көмектеседі. Магний ағзаға
жақсы сіңіп, өт қабының ұғаюын кемітуге, қандағы холестерин деңгейін
төмендетуге, сонымен қатар, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді.
Жоғарыда аталған металдармен қатар минералды суда да бізге қажетті
микроэлементтер жиі кездеседі. Йод қалқанша без қызметінің белсенділігін
арттырады, сору және қалпына келтіру үрдістеріне қатысады. Бром тежеу үрдісін
күшейтеді, мидың қызметін жақсартады. Фтор – ағзада фтордың жетіспеуі сүйектің
әсіресе тістің бұзылуына әкеп соқтырады. Марганец бақуыздың алмасуын күшейтіп,
жыныстық дамуға қолайлы әсер етеді. Мыс темірдің гемоглобинге өтуіне
көмектеседі. Темір гемоглобиннің құрылымына енетіндіктен, ағзада оның жетіспеуі
қан аздыққа әкеп соқтырады.
Қазіргі кезде дәрінің қымбаттығына және әр түрлі аллергиялық аурулардың
пайда болуына байланысты емдік сауықтыру туризмінің маңызының зор екенін
көрсетіп отыр. Оны әрі жолдың нашарлығына қарамастан дерттеріне дауа іздеп,
«Қоссор» кенорынында емдік балшық пен тұз ерінділерін ем ретінде қолдану
мақсатында келушілер санының көптігі дәлел болады.
Болашақта «Қоссор» кен орнында емдік сауықтыру туризмін дамыту үшін
маусымдық емдеу орындарын салу қажет. Ол үшін жазда құрғап қалатын сорлар
табанына шөккен тұз бен тұнбалардың химиялық құрамы мен олардың адам
ағзасына тигізетін жағымды әсерін анықтау мақсатында Талдықорған, Алматы
сияқты қалалардағы мамандандырылған зертханаларда спектрлік талдау жасап,
оларды мұқият зерттеп, шипажайтанушы ғалымдар мен бальнеолог дәрігерлер өз
қорытындыларын шығаруы тиіс. Шығарылған қорытындыларға сай ем қабылдау
үшін арнайы білікті маман дәрігерлер кеңес беріп отыруы қажет.
Болашақта «Қоссор» кен орнында емдік сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін
Үшарал мен аталған емдік балшық кен орынын байланыстыратын жол салу,
мемлекет тарапынан немесе жеке инвесторлардың есебінен маусымдық сауықтыру
нысандарын салу қажет.
Климатының аридтігі мен тұщы судың тапшылығы аталған көлдің емдік-
сауықтыру туризмін дамытуды біршама тежейтінін анықтадық. Болашақта еріген
минералдық заттары мен адам ағзасына пайдалы микроэлементтердің қоры
жеткілікті «Қоссор» емдік балшық кен орнын шипажайтанушы ғалымдар жан-жақты
зерттеп, сульфитті балшықпен, MgCl
2
тұзы бишофитпен емдейтін шипажай салу
жөнінде өз қорытындыларын шығаруы тиіс.
Қорытынды. Ізденіс жұмысының өзектілігі мен жаңалығын және тәжірибелік
құндылығын анықтайтын негізгі қорытындыларды төменде көрсетілген тұжырымдар
арқылы сипаттауға болады:
1. Орындалған ізденіс жұмысы барысында шипажайтанушы ғалымдар мен
физиотерепевт дәрігерлердің кеңестеріне сүйене отырып, емдік балшық пен көл тұз
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
34
құрамындағы микроэлементтер адам ағзасына қолайлы әсер ететініне көз жеткіздік.
Айтар ойымызды келешекте жоспарланғандай, көл жағалауында жүргізілетін
бақылау барысында бізге тигізетін жағымды әсерін айғақтаймыз.
2. І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің химия-экология
кафедрасының зертханасында Тұзкөл емдік балшық кен орнындағы жерасты су
көзінен алынған сынамаға жасалған талдау нәтижелеріне жасалған сараптау
жұмыстарының деректеріне сәйкес балшық тұздарының негізгі массасын хлор,
сульфат және гидрокарбонат аниондары және натрий, магний, кальций катиондары
құрайтынын, құрамына қарай «Тұзкөл» кен орнының әлсіз қышқыл сульфидті емдік
балшықтардың қатарына жататынын анықтадық.
3. Облстық маңызы бар Үштөбе – Байшегір автомобиль жолына жақын
орналасуы, биоклиматтық жағдайының қолайлылығы және шипалы балшықтар мен
минералды су қорларының гидрологиялық және басқа ресурстарының жеткілікті
болуы Тұзкөл емдік балшық кен орнында емдік-сауықтыру рекреациясы мен
демалысты дамытуға қолайлы деген қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.
4. Қазақстан Республикасының Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен
сыртқы экономикалық байланыстарының қарқынды дамуына байланысты облыс
тұрғындары мен отандық және шет елдік туристер үшін емдік сауықтыру
рекреациясын дамытуда Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінің емдік балшық
пен бишофитті тұз кен орнының маңызы зор екені айқындалды.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін Талдықорған, Алматы
қалаларындағы мамандандырылған зертханаларда Қоссор емдік балшық пен
бишофитті тұздың химиялық құрамына спектрлік талдау жасап, олардың адам
ағзасына тигізетін жағымды әсерін шипажай танушы ғалымдар мен бальнеолог
дәрігерлер мұқият зерттеп, өз қорытындыларын шығаруы тиіс.
Болашақта Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінің минералдық заттарға
бай балшықтарын емдік-сауықтыру рекреациясын дамыту үшін Үштөбе мен
Байшегір ауылын байланыстыратын автомобиль жолды қалпына келтіріп,
демалушыларды маусымдық қабылдау нысандары мен демалыс үйлерін салу,
шипалы балшық кен орындарының қорын барлау жұмыстарын жүргізу мәселелерін
шешу қажеттілігі туындайды.
Ізденіс жұмыстарының барысында төменде көрсетілген бірқатар жаңа
нәтижелерге қол жеткіздік:
- Қаратал өзенінің сағасындағы Тұзкөл көлінде емдік-сауықтыру рекреациясын
дамытуға мүкіндік беретін табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттар
анықталды;
- Кен орнынан алынған емдік балшық, тұз және су сынамаларына химиялық
талдаулар жүргізіп, құрамындағы микроэлементтердің адам ағзасына тигізетін
қолайлы әсері айқындалды;
- Жасалатын зертханалық талдау қорытындылары мен кен орнындағы
емделушілерден алынатын сауалнамалар негізінде кен орнындағы емдік балшықты
пайдалануға қолайлы кезеңдер айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |