Қорытынды. Димастин және бромтимол сынамалары теріс нәтижелі.
Зерттеліп отырған сүттен коккалық микрофлора табылды және де ол
морфологиялық, культуральды, ферментативті қасиеттері жағынан айырмашылығы
бар. Олар: стафилококтар, диплококкталар, сарциналар және монококкалар.
Барлық сынамалардағы микробтын жалпы саны нормаға сай. Демек сүтті ішуге
жіберуге
болады.
Бірінші
сынамадан
бөлінген
стафилококкалардың
сахоролитикалық (лактоза мен глюкозаны ыдыратады) және протеолитикалық (Н2S
пайда болады) қасиеттері бар. Стафилококкалар көбінесе стрептомицинге және
тетрациклинге сезімтал, ал диплококкалар тетрациклинге және неомицинге сезімтал.
Сүт бағалы қоректік өнім болып табылады. Сонымен қатар сүт туберкуллез,
бруцеллез, аусыл, қарасан сияқты сиырдан жұқпалы аурулар қатарын жұқтырудың
қауіпті себепшісі болуы мүмкін. Санитарлық норманы, жеке бас гигиенасын бұзған
жағдайда сүтке түскен микрофлора сақталу процесінде сүттің ақауларының дамуын
тудырады. Дені сау сиырдан алынған сүтті бактериалды ластануға зерттеу сүтте тек
коккалық микрофлора бар екенін көрсетті. Бұған қоса жеке сынамаларда
микроағзалардың жалпы саны нормативті мәліметтерге сай.
Ұсыныстар. Сүтті сауу процесінде, базарға тасымалдау кезінде гигиеналық
ережені мұқият сақтау және сүт құйылатын ыдыстардың санитарлық жағдайын
қадағалау керек. Сиырды сату – сатып алу актісін іске асырған кезде сүттін
микробтық ластануына бактериологиялық зерттеу жүргізуді ұсынамын.
Әдебиеттер
1 Фролов В.П., Макаров В.А., Шуклин Н.Ф.. Ветеринарно-санитарная
экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. –
М., 1991. – С. 327-329, 325-327.
2 Любашенко С.Я. Санитарная микробиология. – М., 1980. – С. 352.
3
Житенко
П.В.
Ветеринарно-санитарная
экспертиза
продуктов
животноводства. – М., 1989. – С. 233-235.
4 Шуклин Н.Ф. Экспертиза молока и молочных продуктов. – М., 1989. – С. 239-
240.
5 Шоқанов Н. Микробиология. – Алматы, 1997. – 320 б.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
70
МАРАТҚЫЗЫ Ұлдана,
Жеңістің 30 жылдығы атындағы №38 орта мектебінің
10 «А» сынып оқушысы, Қаратау мөлтек ауданы, Тараз қаласы,
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ДЖУБАТКАНОВ Қуаныш,
Жеңістің 30 жылдығы атындағы №38 орта мектебінің
9 «Б» сынып оқушысы, Қаратау мөлтек ауданы, Тараз қаласы,
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АЛАШБАЕВА Зейнеп Бақытжанқызы,
Жеңістің 30 жылдығы атындағы №38 орта мектебі
«Математика» пәнінің мұғалімі, Қаратау мөлтек ауданы,
Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАРАҢҒЫЛЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты – өмірде кездесетін кейбір қызықты жағдайларды
геометриялық заңдылықтар арқылы зерттеу. Жұмыс барысында адамдардың тік
жолдан ауытқу жолы тәжірибе жүзінде қарастырылды және геометриялық
ықтималдылыққа байланысты есептер көрсетілді.
Кілт сөздері: қараңғылық, адасу, ауытқу траекториясы.
Ғажайып айналу. Қараңғы бөлмеде немесе көздері байланған адамдардың
жүрісінен бір жұмбақ құбылысты байқауға болады: олар тура бағытпен жүре
алмайды, доға жасап, бір жаққа қарай бұрыла береді, бірақ өздері тұп-тура жүріп
келе жатырмыз деп ойлайды. Далада немесе тұманды күндері саяхатшылар немесе
жолаушылар жолдан шығып, адасып, шыркөбелек айналып (дөңгелек сызып), бір
жүріп кеткен жеріне қайтып келетінін білеміз. Жаяу жүрген адамның жасаған
шеңберінің радиусы 60-100 метрге жуық болады және неғұрлым тез жүрген сайын
шеңбердің радиусы да соғұрлым кішірейе береді [1].
Жұмыс барысында адамдардың тік жолдан шығып, айнала беретіндігін зерттеу
үшін бірнеше тәжірибелер жасалды. Дене шынықтыру сабағында мұғалім
оқушыларға жасырынбақ ойынын ойнатты. Көзі орамалмен байланған оқушы
ағашқа тура жету үшін алға қарай түзу жүрді, сосын оңға қарай, қисайып шыға
бастады (1 сурет), одан әрі дөңгелене жүріп, өзінің бұрынғы орнына қайтып келді.
Дәл осындай тәжірибе сынып оқушыларымен дене шынықтыру залында
қайталанды. Көздері байланған екі оқушы 10 метр жерге жүру керек болды. Ол екі
оқушының екеуі де тура жүріп бара алмады. Бір жағына қарай бұрылып доға жасап,
бөлменің бір қабырғасына барып тірелді (2 сурет).
Норвегия физиологы Гульдверг осындай айналуға әдейі зерттеулер жүргізіп
(1896 жыл), одан бірнеше мәліметтер жинаған.
Осыдан мысал келтіре кетейік:
Үш жолаушы қыстыгүні боранды түнде, күзетшінің үйінен шығып, ені 4
шақырым алаңның арғы жақ шетінде тұрған үйлеріне бармақшы болады. Жүріп келе
жатып, олар оңға қарай, стрелкамен белгіленген қисық сызық бойымен, бұрылып
кеткенін байқамай қалады. Біраз жер жүргеннен кейін, олар уақытты шамалап,
үйлеріне жақындаған болармыз деп ойлады. Бірақ олар бұрынғы өздері шыққан
жерге қайтып келді. Осылай бірнеше рет қайталаған. Нәтижесі өзгермеді.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
71
1 сурет – Қараңғыдағы адамның жолдан ауытқу траекториясы
Жұлдызсыз қараңғы түнде немесе қалың тұманда теңіз бетінде тура жүзу өте
қиын.
Хайуанаттар да осындай жағдайға кездеседі. Солтүстіктің саяхатшылары
шанаға жегілген жануарлардың қарлы далада шыркөбелек айнала беретінін айтады.
Көзін байлап, суға түсірген ит те осыны істейді. Көзі көрмейтін құс та айнала ұшады.
Қуғын көріп, зәресі ұшқан, есінен танған аңдар да тура (түзу сызық бойымен)
қашпайды, айнала (спираль бойымен) қашады.
2 сурет – Адамның қараңғыдағы ауытқу траекториясының шамасы
Итбалықтардың, теңіз шаяндарының, медузалардың және амебалардың да
айнала қозғалатындығын зоологтар анықтаған.
Адам мен жануарлардың қараңғыда тура бағытты ұстай алмай, айнала
қозғалуға бейімділігінің жасырын сыры неде?
Бұл сұраққа жауап беру үшін біз жануарлар неге айнала қозғалады және
олардың тура бағытпен жүруіне (түзу сызық бойынша) не қажет деп ойланайық.
Егер тірі жәндіктердің оң жақ бұлшық еттері мен сол жақ бұлшық еттері дәл
бірдей жұмыс істесе, олар көзінің көмегінсіз тура (түзу сызық) жүре алады. Бірақ
адам мен жануарлардың дене құрылысы дәл симметриялы емес. Адам мен
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
72
жануарлардың көпшілігінің оң жақ бұлшық еттері мен сол жақ бұлшық еттері бірдей
жетілмеген. Жаяу адам әруақытта оң аяғын сол аяғына қарағанда көлбеулетіп
отырса, көзінің көмегінсіз тура бағытта жүре алмайды. Осы сияқты, тұманды күні
қайықшы бағытты ажырата алмаса, оның оң қолы көп жұмыс жасаса, ол қайықты
сол жаққа қарай еріксіз бұра береді.
Бұл – геометриялық қажеттілік. Мысалы, жаяу адамның сол жақ аяғының
адымы оң жақ аяғының адымынан 1 мм ұзын дейік. Сонда, ол әр аяғымен 1000 адым
жасаса, сол аяғының жүріп өткен жолы оң аяғының жүріп өткен жолынан 1000 мм
немесе 1 м ұзын болады. Бұл – параллель жолда мүмкін емес, бірақ концентрлі
шеңбер жолында мүмкін жағдай.
3 сурет – Жолаушылардың боранды күні адасқан жолы
3-ші суреттен жолаушылардың адасқан жолына қарап отырып, олардың оң аяқ
пен сол аяқтың адымдарының қаншалықты ұзын екендігін көруге болады. Оны мен
олардың жолы ылғи оң жаққа қарай бұрыла бергендігінен, сол жақ аяғының адымы
оң жағына қарағанда үнемі артық болатындығынан көрдім.
Осы ұзындықты есептеп шығаруға болады. Мысалы, жүргенде оң жақ пен сол
жақ аяқтың ізінің шамасы 10 см немесе 0,1 м өзгеретінін 4 суреттен көруге болады.
Адам толық бір шеңбер жасап жүргенде, оның оң аяғы 2πR сол аяғы 2π(R+0,1) жол
жүреді. R – ол осы шеңбердің метрмен алынған радиусы. 2π(R+0,1) – 2πR=2π•0,1,
яғни 0,62 м немесе 620 мм айырым сол аяқтың барлық жүрген адымынан қанша
ұзын екендігін көрсетеді. 3-ші суреттен біз жолаушылардың шамамен диаметрі 3,5
км, яғни ұзындығы 10000 м жуық шеңбер жасайтындығын есептеп көруге болады.
Адымның орташа ұзындығы 0,7 м болса, барлық жүріп өткен жол 10000/0,7=14000
адым болады, әр аяқ 7000 адым жасаған. Осыдан біз 7000 «сол» адымнан 7000 «оң»
адымнан 620 мм артық болатынын көрдік. Осыдан сол жақ аяқтың бір адымы оң жақ
аяқтың бір адымынан 620/7000 мм немесе 0,1 мм шамадай ұзынырақ болады. Бұл
көзге ілінбейтін шамадан өзіміз таң қалатындай нәтиже шығатынын көреміз!
4 сурет – Адамның жолдан ауытқу шамасы
Адасқан адамның айналып жүрген жолынан пайда болған дөңгелектің радиусы
«оң» адым не «сол» адымның ұзындығының айырмасына байланысты. Оны білу
үшін, адымның ұзындығы 0,7 м болса, бір шеңбер бойындағы адым саны 2πR/0,7
болады (R – метрмен алынған шеңбер ұзындығы). Мұнда «сол» адым саны
2πR/2•0,7, «оң» адым саны да осындай.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
73
Бұл санды ұзындығы х деп алынған адым шамасының айырмасына көбейтсек,
сол аяқ пен оң аяқ жасаған концентрлі шеңберлердің ұзындығының айырмасы
шығады, яғни 2π•Rх/2•0,7=2π•0,1 немесе Rх=0,14, R және х метр есебімен алынған.
Адымдардың айырмасы белгілі болса, осы формуладан шеңбердің радиусын есептеп
шығару оңай.
2-ші суреттегі тәжірибеге қатысушылардың жүрісіндегі жасалған шеңбер
радиусының ең үлкен шамасын анықтай аламыз. Ешкім де үйдің тура қабырғасына
(ДЕ) жетпеді. Сонда 41 метрге тең АС бағыты мен 175 м аспайтын ВС хордасы
бойынша,
АВ
доғасының
ең
үлкен
радиусын
есептеп
шығарамын.
2R=ВС
2
/АС=175
2
/41=750 м, осыдан R≈370 м. Осыны біле отырып, Rх=0,14
формуласын пайдаланып, адымдар ұзындығының айырмасының ең кіші шамасын
табамыз.
370х=0,14, осыдан х=0,4 мм. Бұл тәжірибеден адамдардың оң адымы мен сол
адымының айырмасы 0,4 мм-дей болатынын көрдім.
Жүрістегі мұндай айналу оң аяқ пен сол аяқтың ұзындықтарының әртүрлілігіне
байланысты, өйткені көп адамдардың оң аяғы сол аяғына қарағанда ұзынырақ,
сондықтан олар жүрген кезде түзу жолмен жүрсе де, оңға қарай бұрылып кетеді. Бұл
түсінік – геометриялық қателесу.
5 cурет – Адам аяқтарының ұзындығының әртектілігі
Бұл жердегі маңызды нәрсе аяқтардың емес, адымдардың ұзындығының
әртүрлілігі. 5 суреттегі аяқтардың ұзындығы әртүрлі болса да, әрбір аяқты бірдей
бұрыш жасап отырса, яғни <В
1
=<В болса, адымдар тең болады. Себебі А
1
В
1
=АВ
және В
1
С
1
=ВС. Сондықтан ΔА
1
В
1
С
1
=ΔАВС, олай болса, АС=А
1
С
1
. Керісінше әр
аяқтың ұзындығы дәл бірдей болса, жүрген уақытта бір аяқ әрдайым көлбей
басылып отырса, адымдардың ұзындықтары әртүрлі болуы мүмкін.
Осы сияқты, сол қолға қарағанда оң қолмен қайықты күштірек ескен қайықшы,
қайықты шеңбер бойымен еріксіз солға бұрып әкетеді. Сондықтан қолдың да, аяқтың
да күшіне аз ғана айырмашылық болғаны жеткілікті.
Сонымен, жоғарыдағы айтылған фактілердің жасырын сыры – дененің өте дәл
геометриялық симметриялы болуы. Ал тірі табиғатта бұлай болып жаратылуы
мүмкін емес. Математикалық дәл симметриядан ауытқу, оның салдары есебінде,
доға бойынша қозғалысқа әкеледі. Мұндағы біздің оған таңданатынымыз емес,
біздің оларды табиғи нәрсе деп санайтындығымызда.
Тура бағытпен жүріп отырудың мүмкін еместігі адамдарға соншалықты кедергі
емес, өйткені бұл кемшіліктерді компас, жол, карта т.б. жояды [1].
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
74
Есеп. Франциядағы Гавр қаласынан АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласына почта
таситын кеме жолға шықты және тура сол күні осы уақытта Нью-Йорктан Гаврға сол
компанияның басқа кемесі жолға шықты. Осы кемелердің әрқайсысы жолда дәл 7
күн жүреді. Гаврдан Нью-Йорк қаласына қатынайтын кеме жолда өз компаниясының
неше кемесін кездестіреді? [3].
Шешуі. Бұл кеме айдың 8-і күні жолға шықты деп алайық. Онда ол сол күні
Нью-Йорктан 1-і күні шығып, Гавр портына жеткен кемені кездестіреді. Ал жолда ол
2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 күндері шыққан кемелермен кездеседі де, 15-і
күні Нью-Йорктағы портта Гаврға қарай жолға шыққалы тұрған кемені кездестіреді.
Жауабы: 15 кеме.
Геометриялық ықтималдық.
Есеп. Квадрат формалы стол бетінде квадрат сызылған. Бұл квадрат боялған.
Көзді жұмып тұрып стол үстіне лақтырылған фишканың кішкене квадраттың үстіне
түсу ықтималдығы қанша? [2].
Шешуі: Бұл ықтималдық боялған және стол бетінің аудандарының қатынасына
тең.
Мысалы, стол бетінің ауданы 0,6 м
2
, боялған квадраттың ауданы – 0,04 м
2
болса, онда:
Ықтималдылық шамасы: Р=0,04/0,6=1/15.
Бұл мысалда фишканың геометриялық өлшемдері ескерілмеді, себебі оның
өлшемі өте аз шама болып есептеледі. Оны жермен салыстырады. Осы есепке сүйене
отырып, не себепті ізделінді ықтималдық сәйкес аудандардың қатынасына тең
екендігін білуге болады. Боялған квадрат «қолайлы» жағдай, ал стол – «барлық
мүмкіндіктердің жалпы саны» болады.
Әдебиеттер
1 Перельман Я.И. Қызықты геометрия. – Алматы: Қазақтың Мемлекеттік оқу
педагогика баспасы, 1954.
2 Дорофеев Г.В., Суворова С.Б. Математика // 8 сынып оқулығы. – Алматы:
Дрофа – «Кітап баспасы», 2004.
3 Нагибин Ф.Ф. Математическая шкатулка. – М.: Просвещение, 1988.
Резюме
Цель исследовательской работы: исследование интересных жизненных
ситуации через геометрические законы. Изменение траекторий направления людей
при работе рассматривалось в практике и даны задачи, связанные с геометрической
вероятностью.
Summary
The aim of project work is to research interesting situations through geometrical
rules. Changes of trajectory direct consider through decisions of geometrical problem and
practical direct.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
75
МУСАХМЕТ Камила,
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар
дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: КЕМЕЛОВА Динара Анарбекқызы,
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар
дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі «География» пәнінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Ғылыми жетекші: НАЗАРОВА Гүлмира Асылбековна,
Педагогика ғылымының кандидаты, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ
ҚҰРАМ БӨЛІГІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Тақырыптың өзектілігі. Қатаң климаттық жағдайда қоршаған ортаның
ластануы, Арал маңы бақылауындағы, яғни жеке тұлғаның бейімделу мүмкіндігін
және ондағы артықшылықтарды төмендетеді және өзгеру факторына бейімделу үшін
экологиялық жағдайды әлдеқайда ауырлатады.
Қызылорда облысы өңірінде әртүрлі аймақтарда жүргізілген зерттеулер
бойынша Арал теңізінің шөлді жерлерінде жақын орналасқан сайын осы өңірдегі
адам ағзасы және жануарларға әсер ететін қоршаған ортаның айрықша ықпалы ұлғая
түседі. Олардың потологиялық өзгерісінің дамуына дейінгі аралықта, организм
жүйесі мен басқа дене мүшелерінде қызмет атқару жағдайында және Арал теңізі
бассейнінде үнемі тұратын адамдардың ағзасында бар екені дәлелденген. Сонымен
қатар оқшауланбаған жерлер жиі кездеседі, ал адам ағзасына әсер ететін әртүрлі
жиынтықты токсиндар жеткілікті түрде зерттелмеген, ал қоршаған ортамен тірі
организмдердің өзара байланысы туралы білімді көптеген ғалымдар айтқан.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
76
Қызылорда облысында жүрек-қан тамырларының, қанайналым органдарының
және ішек-қарын жолдары ауруының саны артып келе жатқаны байқалады. Арал
аймағында экологиялық және әлеуметтік жағдайы сипатталғанда табиғатта және
адамда экоцид-геноцид деген сөздер жиі айтылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Байқоңыр ғарыш айлағындағы топырақ
жамылғысының динамикасын зерттеу.
Ғылыми жұмыстың міндеттері: Байқоңыр ғарыш айлағына жақын
орналасқан экологиялық жағдайдың мәселесімен танысу; Қызылорда облысындағы
және Жаңақорған төңірегіндегі топырақ жамылғысының динамикасын зерттеу және
оған
баға
беру;
Топырақтағы
симметриясыз
диметилгидразиннің
трансформациялану процессін зерттеу.
Теориялық бөлім. Қызылорда облысының экологиялық географиялық
жағдайының сипаттамасы. Қызылорда облысы жартылай шөлді және шөлді
аймақта орналасқан. Алдынғы уақытта Арал теңізінің түбі болған аймақ, қазіргі
таңда жылына 40 млн. тоннадан – 160 млн. тоннаға дейін тұз бен шаңның
жеткізушісі болып табылады.
Атмосфераға тұздың шығуының көбеюі Арал маңында атмосфералық жауын-
шашынның минерализациялануын 6-7 есеге кобеюіне алып келді. Бұл – экологиялық
дағдарысты аймақта адам ағзасына кері әсерін тигізетін маңызды факторы, адам
және жануар ағзасына тамақ, су, ауа, шаң арқылы тарайтын, осы аймақтағы жер мен
судың құрамындағы үлкен мөлшердегі токсиканттар.
Биосфераны ластайтындар арасында металдар маңыздысы болып табылады
(оның ішінде ең бірінші ауыр металдар, атомдық мөлшері 40-тан жоғары), олар
сапаны тексеруші қызметтердің қызығушылығын тудыруда. Негізінен бұл олардың
көбісінің биологиялық белсенділігінен. Соңғы жылдары күшән, кадмий, қорғасын,
никель, сынап сияқты токсикалық элементердің әсері қоршаған ортаны қорғау және
денсаулық сақтау мәселерінің маңызды проблемасы ретінде қарастырылып жүр,
өйткені осы элементердің көбісі қоршаған ортаға түседі.
Ауыр металдардың арасында кейбіреулері адамның және де басқа тірі
организмдердің өмірін қамтамасыз ету үшін өте маңызды, олар биогенді деп
аталатын элементтер қатарына жатады. Басқалары кері әсерін туғызады, тірі
организмге түскен жағдайда оның улануына немесе өліміне әкеліп соғады. Бұл
металдардың түрі ксенобиотиктер классына жатады, яғни тірі ағзаға бөгде болып
табылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандар токсикантты металдар
арасынан басым тобын бөліп шығарған. Оның ішіне кадмий, мыс, күшән, никель,
сынап, мырыш және хром адам және жануар денсаулығына аса қауіпті болып
есептеледі. Оның ішінде сынап, қорғасын және кадмий ең улы болып табылады.
Арал маңы аймағындағы ауыр экологиялық жағдай жер асты сулардың құрамы
мен деңгейінің өзгеруін туындатып отыр: судағы токсикалық қосындылардың күрт
өсуі Сырдария өзенінің жоғарғы және төменгі ағысына коллекторлық сулардың
төгілуіне байланысты.
Сырдария өзенінің құрамында сульфаттардың 140-тан 780 мг/л, нитраттардың
18,2 мг/л, хлорорганикалық қосындылар шектелген зиянсыз концентрациядан екі есе
асады. Сырдария өзенінде мыстың, кобальттың, кадмийдың, күшәннің мөлшері екі
есе, ал қорғасын мөлшері үш есе өскені көрсетілген. Жер асты суларында стронций
элементінің мөлшері шектелген зиянсыз концентрациядан 1,3-тен 1,8-ге өскен, ал
темірдің мөлшері – 2 есеге өскен. Қоршаған ортаның ластануы улы химикаттардың
өзгерілген өнімдерінің әсерінен болып отыр.
Жерде токсиканттар неғұрлым көп жиналса, соғұрлым оларды өсіп келе жатқан
өсімдіктер өзіне жинап, оларды жануарлар жеу арқылы жануаралар ағзасына түседі.
№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
77
Әдеби мағлұматтарға сәйкес Арал маңындағы жиналған жер үсті өсімдіктерінің
үлгілерінде ионның Zn2+, Cu2+, Cd2+ және PB2+ жалпы құрамы 12.7-22.3, 4.51-6.32,
0.48-0.75 және 0.2-0.96 мг/кг шикі салмағы тең болды. Арал маңындағы жауын
құрты 0,94 мкг/кг гексахлорциклогексан және 0,59 мкг/кг ДДТ шоғырланатыны
анықталған. Олардың денесінде ионның Zn2+, Cu2+, Cd2+ және PB2+ шикі салмағы
40.5, 4.51, 1.76 және 2.4 мкг/кг дейін жеткен. Белсенді түрде өсімдіктермен
қоректенетін және де жермен байланыс жасайтын тасбақаның бұлшық етінде 7,61
мкг/кг гексахлорциклогексан, 5.5 мкг/кг ДДТ, ал ионның мөлшері Zn2+, Cu2+, Cd2+
және PB2+, 38.5, 1.3, 0.68 және 1,68 мг/кг-ге тең жетті. Тасбақаның бауырында 1,89
мкг/кг гексахлорциклогексан, 3.2 мкг/кг ДДТ және де 14.2, 3.38, 0.54 және 0.9 мг/кг
тиісінше Zn2+, Cu2+, Cd2+ және PB2+ иондар табылған.
Соңғы жылдары осы аймақтағы санитарлы-гигиеналық және басқа жағдайларға
қатысты және де тұрғындардың денсаулығының күрт көтерілуі туралы мәліметтер
кеңінен жиналған.
Сөйтіп жоғарыда көрсетілгендей, Арал маңы аймағында күрделі экологиялық
жағдай сипатталады, судағы, жердегі, өсімдіктердегі шектелген зиянсыз
концентрацияның көбеюіне және «Байқоныр» ғарыш айлығынан ғарышқа ұшу
көбеюіне байланысты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |