№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата03.03.2017
өлшемі4,95 Mb.
#5593
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Әдебиеттер  
Абай Құнанбаев. Қара сөздер. – Алматы, 1993. – 21 б. 
2 Әбділдин Ж.М. Қазак энциклопедиясы. – Алматы, 1996. – 245 б. 
3 Матюшкин А.М. Загадки одаренности. – М., 1993. – 42 с. 
4 Галлаир Дж. Возрастная одаренность // Семья и школа. – №1. – 1997. 
5 Лейтес Н.С. Способности и одаренность в детские годы. – М., 1984. – 546 с. 
 
 
 
 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
99 
НУРКЕНОВ Руслан Бигазыевич, 
№11 «Ертөстік» ясли-бақшасы КМҚК дене тәрбиесінің нұсқаушысы, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ДЕМЕСИНОВ Мирхат Тугельгельдинович, 
РАХЫМБЕКҰЛЫ Жұлдызбек, 
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Дене шынықтыру» 
пәнінің мұғалімдері, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА БАЛАНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІН ДАМЫТУ 
ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
 
Аңдатпа 
Авторлар мақалада балабақша мен бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру 
сабақтарында  баланың  дене  бітімін  дамыту  мен  денсаулығын  нығайту  мәселелерін 
қарастырған.  Таңғы  жаттығу,  қимылды  ойындар,  сергіту  сәттері,  серуен  кезіндегі 
спорттық  ойындар  мен  жаттығулар,  спорттық  мерекелер,  ойын-сауықтар  бала 
сымбатын  қалыптастырады.  Сондықтан  дене  жаттығуларына  ерекше  мән  беру 
керектігін айтады. 
 
Білім мен тәрбие беру  саласының алғашқы сатысы балабақшаларда басталып, 
мектепте  дене  шынықтыру  сабағында  баланың  дене  бітімін  дамыту  және 
денсаулығын  нығайту  жалғасын  табады.  Бала  сымбатын  қалыптастыруда  дене 
тәрбиесі  маңызды  орын  алады.  Ол  мектеп  жасына  дейінгі,  мектеп  жасындағы 
балалардың  денсаулығын  нығайтуға  және  өз  беттерімен  қимылдар  жасай  білуді 
үйретуге бағытталған. 
Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде, сабақта балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана 
жетілмейді, адамгершілік қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рөлдерге 
бөліседі,  ұйымдастырушылық  қабілеттері  жетіледі,  жарыс  кезінде  өздерін  ұстау 
қабілеттері дамиды. 
Бала денесінің сымбатты да сұлу болуы балабақшадан басталады десек, артық 
емес. Әр кезеңді жекелеп қарастырып көрейік: 
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаты, міндеті мынадай: 
-  Өмірді  қорғау,  денсаулықты  нығайту,  бала  ағзасының  қызметін  жетілдіру, 
оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру; 
-  Балалардың  қозғалыстарын  жетілдіру,  қимылдық  дағдыларын  және  дененің 
икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру. 
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негізгі мақсаты, міндеттері: 
-  Денсаулықты  нығайту,  дене  бітімін  жетілдіру,  дене  шынықтыруды  жан-
жақты дамыту; 
- Қозғалыс әрекетін толық меңгеру; 
-  Қозғалыстың  кеңістігін  үйлестіру  уақыт  және  күш,  тепе-теңдік,  ырғақ, 
дыбысқа  тез  және  дәл  жауап  қайтару,  қозғалыстарды  үйлестіру,  кеңістікке  бағдар 
ұстау; 
- Шапшаңдық, күштілік, қайраттылық және икемділік қабілеттерін дамыту; 
-  Жеке  өзінің  тазалығы,  күн  тәртібі,  жөніндегі  қарапайым  білімдерді 
қалыптастыру; 
- Дене шынықтыру  жаттығуларының денсаулық  жағдайына,  жұмыс қабілетіне 
және қозғалыс қабілеттерін дамытуға әсері; 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
100 
-  Дене  шынықтыру  жаттығуларымен  өз  бетінше  шұғылдануға,  қозғалмалы 
ойындарға қосылу, бұларды бос уақытта пайдалану; 
-  Оқушылардың  спортпен  шұғылдануға  қызығушылығы  мен  икемділігін 
арттыру. 
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану 
жолдары және ғасырлар бойы сұрыпталып келген озық тәжірибелер де ескерілген. 
Жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп 
өсіру  үшін  тәрбие  жүйесінде  дене  тәрбиесінің  алар  орны  орасан  зор.  Ал  оны 
неғұрлым  ерте  кезінен  бастап,  дұрыс  жолға  қойып  жүргізсе,  соғұрлым  нәтижесі 
жемісті  болатыны  анық.  Өйткені  болашақ  азаматтың  денсаулығы  мықты,  мүсін 
тұлғасы  дұрыс  қалыптасқан,  жігерлі  де  қайратты  болып  өсуіне,  көпшілдік 
дағдыларын  бойына  терең  сіңіруіне  нақ  осы  мектепке  дейінгі  кезеңде  тереңірек 
көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. 
Балабақшаға  таңертеңгі  келген  уақыттан  бастап  күн  тәртібі  бойынша 
сауықтыру  шараларын  (таңғы  жаттығу,  қимылды  ойындар,  сергіту  сәттері,  серуен 
кезіндегі  спорттық  ойындар  мен  жаттығулар,  спорттық  мерекелер,  ойын-сауықтар) 
өткіземіз.  Дене  шынықтыру  оқу  іс-әрекеті  балаларды  қимылды  үйретудің  негізі 
болып  табылады.  Жыл  бойы  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  тақырыптық 
жоспардың мақсаттарына орай жүргізіліп отырады. 
Қазіргі  уақытта  біздің  балабақшамызда  талапқа  сай  спорт  залы  жақсы 
жабдықтылған  және  ойын  алаңдары  бар.  Оларда  түрлі  жарыстар,  әр  бағыттағы 
спорттық  ойындар  жиі  жүргізіліп  тұрады.  Күнделікті  ертеңгілік  жаттығулар  –  дене 
шынықтыру  жаттығулары  жасалады.  Осы  сабақ  барысында  балалардың  дене  бітімі 
дұрыс  қалыптасып,  іс-қимылдары  жетіліп,  бұлшық  еттердің  қатаюына  көңіл 
бөлінеді. 
Сабақтарда әр түрлі жаттығуларды, ойындарды қолданамыз. Сымбат пен дене 
бітімін дамытуда таңғы гимнастиканың алатын орны ерекше. Таңертеңгі гимнастика 
балалардың  жүйке  жүйелерінің  жұмысын  жақсартады,  ағзаның  жұмыс  жасау 
қабілетін арттырады. 
Мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін гимнастиканың ұзақтығы 4-5 минут 
болады. Оның бір бөлімінде 25-30 с уақыт жүру мен жүгіру түрлерін өткізуге кетеді. 
Екінші  бөлімінде  бұлшық  ет  топтарына  арналған,  жан-жақты  дамытатын  3-4 
жаттығу жүргізіледі. 
Үшінші  бөлімінде  өлең  мен  тақпақ  айтып  (20-25  с),  жай  жүріп  дем  алады. 
Тәрбиеші  өзі  таңдаған  жаттығуын  жүргізуіне  болады.  Тек  сабаққа  дейінгі 
гимнастиканы негізінен топта өткізілетінін есте сақтаған жөн. 
Бала  ағзасына,  көңіл-күйіне  физиологиялық  пайда  келтіру  үшін,  сабаққа 
дейінгі  гимнастиканы  музыка  әуенімен  көркемдеген  дұрыс.  Қысқа  мерзімді 
жоспарға  сай  жаттығулардың  топтамасын  құрастырып,  бір  топтаманы  бір  апта 
жүргізіп, бір-екі ай өткеннен кейін, өзгерістер енгізіп, қайталауға болады. 
Ал мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады: жүгіреді, жүреді, 
ойнайды, әйтеуір, қозғалыста болады. 
Ұйқыдан тұрғаннан түнгі ұйқыға жатқанға дейін бала әдетте 6 сағаттан артық 
қозғалыста  жүреді.  Ал  мектеп  табалдырығын  аттағаннан  бастап  олардың  жүріс-
тұрысы,  қозғалысы,  таза  ауада  болатын  уақыты  әлдеқайда  азаяды,  тіпті  ұйқысы  да 
бұзылады.  Сөйтіп,  олардың  қозғалыс  белсенділігі  50  пайызға  дейін  кемиді  де, 
ағзаның дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Әрине, жұмасына өтетін 3 сағат дене тәрбиесі 
сабағы ағзаның күнделікті қозғалыс қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Ендеше, 
балалардың  күнделікті  дене  қозғалысының  орнын  толтырған  күнде  ғана 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
101 
бүлдіршіндерді  дені  сау  етіп  тәрбиелей  аламыз.  Осыған  орай  не  істеу  керек  деген 
сұрақ туады. 
Мектеп  табалдырығын  аттаған  бірінші  сынып  оқушысы  мектеппен  қалай 
танысса,  дене  тәрбиесі  сабағымен  де  солай  танысуы  қажет.  Мектепте  жалпы  дене 
шынықтыру  –  сауықтыру  жұмыстарынан  басқа  пәндермен  салыстырғанда  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Оқушылар  спорт  залына,  алаңға  арнайы  киіммен  ғана  шығуға 
болады десек, бұл оларға қойылатын – алғашқы басты талап. 
Дене  шынықтырумен  шұғылданудың  бастамасы  таңертеңгілік  бойжазу 
жаттығулары  болып  табылады.  Таңертеңгілік  бойжазу  жаттығуларын  қанша  уақыт 
аралығында  өткізуге  болатындығын  дәл  кесіп  айту  қиын.  Себебеі  әркім  уақытын 
өзінше  пайдаланады.  Бір  оқушы  20  минут  уақытын  кетірсе,  екіншісі  30-40  минут 
жасайды.  Сондықтан  таңертеңгілік  бойжазу  жаттығуларын  өткізу  –  әркімнің  өз 
қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны дұрыс. 
Таңертеңгілік  бойжазу  жаттығуларын  (әрине,  мүмкіндік  болғанша)  далада 
өткізген  дұрыс,  кейінгі  жылдары  мектептерде  де  өткізіліп  жүр.  Бұл  жылдың  жылы 
маусымдарында  ғана  емес,  қыс  кезінде  де  қатал  сақталуы  тиіс.  Жаттығу  керіліп-
созылудан  басталады,  олардың  түрлері  үй  жағдайында  басқаша  да,  далада  бөлек 
болады. 
Ата-аналар  өз  балаларының  таңертеңгілік  бойжазу  жаттығуларының  дұрыс 
орындалуын қадағалап, бақылап отыруы керек. 
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын орынға жеткенше алғашқыда 
тез  жүріп,  содан  жүгіруді  бастап,  бара-бара  жылдамдықты  үдете  түседі.  Ең  әуелі 
жүруден  бастаудың  мәні  қан  айналу  процесі  мен  ішкі  мүшелерді  жүктемеге 
даярлайды.  5-10  минут  жүгіріп,  одан  кейін  тұрып  қалмай,  керіліп-созылу 
жаттығулары  басталады.  Кеудені  кере  дем  алып,  иық,  кеуде,  белді  қозғайтын 
жаттығуларды орындайды да, содан ары қарай күрделендіре түседі. 
Мектепте  өткізілетін  дене  шынықтыру  –  сауықтыру  жұмыстарының  ең 
алғашқы  бастамасы  күнделікті  сабаққа  дейінгі  бойжазу  жаттығулары.  Мұндай 
жаттығуларды  орындаудың  мақсаты  –  бала  ағзасын  алдын  ала  жұмысқа  дайындап, 
жұмыс  қабілеттілігін  арттыру  және  олардың  сыныпта  дұрыс  отыруларын 
қалыптастыру. 
Айта кетсек, жалпы дамыту жаттығуларын кешендермен әр сабақтың алдында 
өткізіледі, түрлі құрал-жабдықтарды қолданамыз. 
Балалардың  аяқ  бұлшық  еттерінің  дамуына  түрлі  әдістерді  балабақшада  да, 
мектептегі  бастауыш  сыныпта  да  қолданылады.  Мысалы:  аяқ  ұшымен,  өкшемен, 
аяқтың  ішкі  қырымен,  сыртқы  қырымен,  тізені  биік  көтеріп,  аяқты  қайшылап 
үйретеміз.  Тепе-теңдік  сақтап  жүру  үшін  гимнастикалық  орындықта  қолды  жан-
жаққа  созып,  қапшықты  басқа  қойып,  затты  ұстап  жүру,  заттарды  аттап  жүру 
жаттығуларын пайдаланамыз. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуде  түрлі тәсілдерін 
қолданамыз.  Сондай-ақ  спорттық  құралдар:  доп,  доғалар,  секіртпе,  құрсау, 
кедергілер  тағы  да  басқа  заттармен  жаттығуларды  орындауға,  ойындар  ойнауға 
болады. 
Соңғы  уақыттарда оқушыларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әртүрлі дәстүрлі 
емес  әдістер  қолданылуда.  Ол  әдістердің  көздеген  мақсаты  оқушылардың  өз 
денсаулықтарына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. 
Дәстүрлі емес дене жаттығулары дене тәрбиесін түрлендіру үшін емес, сондай-
ақ,  жеке  шығармашылық  ерекшеліктерді  қалыптастырады.  Мақсатқа  жетудің 
әдістері мен мүмкіндіктерін табуға көмектеседі. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
102 
Дәстүрлі  емес  тәсілдерге  халықтың  әдістердің  енгізілуі,  баланың  бойындағы 
жеке психологиялық денсаулығын қалыптастырады, осының негізінде әрқилы ойлау 
қабілеті артады, өзін-өзі тану процесі басталады. 
Жоспарлы бағдарламаға сай гимнастика бөлімін өткенде жоғары және төменгі 
иілу, омыртқаның тік және бүгілген қалыпта созылуы, аяқ-қол буындарын бүгу, ию, 
мойын  омыртқаны  әртүрлі  бағытта  қозғалту,  таяқпен,  доппен,  гимнастикалық 
дөңгелекпен  қимыл-қозғалыстар  жасату  дәстүрлі  емес  әдіс-тәсілдерге  жатады.  Бұл 
әдістерді сабақ арасында қосымша пайдаланып отырудың оқушының көңіл-күйі мен 
денсаулықтарын нығайтуда маңызы зор. 
Мысал ретінде төмендегі сабақ үлгісін ұсынып отырмыз. 
Білім беру салалары: Денсаулық. 
Бөлімдері: Дене тәрбиесі. 
Тақырыбы: «Біз – шыныққан баламыз». 
Мақсаты: Заттармен жалпы дамыту жаттығуды үйрететін қабілеттерін дамыту, 
дәлдеп алысқа лақтыруды, төрт тағандап жүруді, секіртпеден секіруді үйрену. 
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сергіту, жаттығу. 
Көрнекіліктері: Кедергілер, баскетбол, үлкен доп. 
Балаларды сапқа тұрғызу. 
Психологиялық дайындық (хормен): 
Денсаулық ол шыныққан,   
 
Денсаулық ол – күлуің, 
Барлық дене мүшесі,   
 
 
Көңіл-күйің жадырай. 
Денсаулық – ол тыныққан,   
 
Денсаулық – ол жүруің, 
Жүйке, тамыр жүйесі, 
 
 
Ешбір жерің ауырмай. 
Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру. 
Аяқтың ұшымен қол белде. 
Өкшемен, қол – желкеде. 
Қаздар секілді отырып жүру. 
Жай жүру. 
Бір жанымен жүгіру. 
Екі қатарға бөліну. 
«Кім биік?»: 
- Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп допқа қарау; 
- Қолды артқа тіреп, аяқты сәл жинап тізені оңға, солға түзу бұру; 
- Екі аяқ бірге, қол кеудеде бір орында тұрып секіру; 
- Жай жүру, демалу жаттығуы. 
Екі қатарға бөліну. 
Жұмбақ шешу, тазалық достары жайлы сұралады. 
Ертемен күнде сен, 
Қолыңды сүйкесең, 
Кетіп кір, ласың, 
Тап таза боласың (Сабын). 
Аю мен қасқырдай, 
Ұзын менің тістерім. 
Бірақ жыртқыш аң емеспін
Шаштарға мен сән беремін (Тарақ). 
Екі топқа бөлініп жарысу. 
Екі топтың балалары гимнастикалық төсеніштен айналу. 
Секіргішпен жарысу жаттығуы. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
103 
Командалар сөре сызығының жанында бір лекке сапқа тұрады. Командадан 12 
метр қашықтықта көмекшілер (командаға – екі ассистент) ұзын секіргішті айналдыра 
бастайды. 
Команданың  барлық  қатысушылары  кезекпен  көмекшілерге  дейін  жүгіріп 
барып,  шырқ  айналып  тұрған  секіргіштің  астынан  жүгіріп  өтуі  қажет.  Қате 
жібермей, осылай қалған қатынасушы бір ұпай алады. Секіргішке тиіп кеткен немесе 
оның алдына кідіріп қалған қатынасушы өз командасына ұпай қоса алмайды. 
Үлкен  доптың  үстіне  отырып  кедергілер  арасынан  межеге  жетіп,  кері 
қайту. 
«Кім тез?». 
Балалардың  осы сайысқа арналған арнайы түбі тесік үйшіктен өту. 
Екі  команданың  капитандары  бастайды.  Екі  қатарға  тұрып,  жаттығуды 
орындау. 
Сергіту сәті. 
Сәби шақтан бастап біз, 
Шынығуды сүйеміз. 
Ашық күнмен достасып, 
Жалаң аяқ жүреміз. 
Қыста, жазда әрдайым, 
Айырмаймыз бәріміз, 
Шынықтыру жасап біз, 
Мықты болып өсеміз. 
«Тез лақтыр, дәл лақтыр!» 
Баскетболдық доппен жарысу. 
Команданы екі қатарға тұрғызу. 
Екі командаға баскетболдық доп беру. Доп лақтыруға арналған арнайы құралға 
дәлдеп допты кезекпен лақтырады. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі:  Заттармен  жалпы  дамыту  жаттығуларды  біледі,  дәлдеп  алысқа 
лақтыруды, төрт тағандап жүруді, секіртпеден секіруді үйренеді. 
Түсінігі бар: Дамыту жаттығуларын жасау жайлы түсінігі бар. 
Орындай  алады:  Затты  дәлдеп  лақтыра  алады,  секіртпемен  жаттығуды 
орындай алады. Мұндай оқу әрекетін көптеп келтіруге болады. 
Қорыта  айтқанда.  Бала  –  біздің  болашағымыз,  тәуелсіз  еліміздің  тұғырын 
ұстап тұратын келешегіміз. Дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз десек, ең 
алдымен ұлт саулығына, бала денсаулығына баса назар аударуымыз керек. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  та  жыл  сайынғы  халыққа  жолдауында  денсаулық 
мәселелерін  басты  назарда  ұстап  отырады.  «Қоғам  құруымызға  қарай 
азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және олар қоршаған табиғи 
ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Ауруды болдырмау және салауатты өмір 
салтын қалыптастыру», - делінген «Қазақстан – 2030» бағдарламасында. 
Балалар  –  біздің  болашағымыз,  дені  сау,  қабілетті,  дамыған  бала  –  қоғамның 
баға  жетпес  байлығы.  Біздің  балалардың  денсаулығы  мықты  болса,  бақытты  әрі 
қоғамға  пайдалы.  Халықтың  денсаулығы  ел  дамуына  аса  маңызды  тұтқасы, 
болашағымыздың кепілі. 
 
Әдебиеттер 
1  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарты. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына 1-қосымша. 
2 «Қазақстан – 2030» бағдарламасы. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
104 
3 «Валеология дене тәрбиесі спорт» журналы. 
4 «Қазақстан – 2030» стратегиясы. 
5 Икіманова Г. Саулық пен сымбат. – Алматы: Қайнар, 1991. 
6 «Қазақстан мектебі» журналы. – №3. – 2011. 
7 Уацбаев Е. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. – Алматы, 2000. 
8 «Мектептегі дене шынықтыру» журналы. – №№1-2. – 2004. 
 
Резюме 
Авторами статьи рассмотрены проблемы в детском саду и в начальных классах 
телосложение  ребенка  и  здоровье.  Утренние  разминки,  игры,  физминутка, 
спортивные  игры,  конкурсы  способствуют  на  правильную  телосложению  ребенка. 
По этому особенно важно использовать физические упражнения на уроках. 
 
Summary 
The  authors  of  the  article  deals  with  the  problem  in  kindergarten  and  in  primary 
school child’s physique and health. Morning exercise, outdoor games, physical moments, 
games and gymnastic events creates a child posture.  It is necessary to develop much time 
to charge. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
105 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ 
ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН 
ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
МАХАТ Ислам Азаматұлы, 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы, 
Белбасар ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: УТАРБАЕВА Кулайша Раймбековна, 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Белбасар ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ТАЛШЫН АҒАШЫНЫҢ ТЫЛСЫМ ҚҰПИЯЛАРЫ 
 
Аңдатпа.  Талшын  –  жылы  қоңыржай  климат  ағашы.  Емен  ағашымен  сыртқы 
келбетімен  және  қасиеттерімен  өте  ұқсас.  Талшын  ағашын  медицинада, 
парфюмерияда, жиһаз жасауда, тамаққа қолданады. 
Кіріспе.  Жұмыстың  өзектілігі.  Талшын (латынша  Castanea)  –  әдемі 
жапырақтарымен 
ерекшеленетін 
жалпақжапырақты ағаш. 
Қазақстанда 
тек 
көгалдандыру  мақсатында  өсірілсе,  шетелдерде  талшынның  тамаққа  да 
қолданылатын  сұрыптары  өсіріледі.  Оңтүстік  Еуропада  жемісін  ас  мәзірінде 
пайдаланады және кепкен жемісінен ұн тартып, нан пісіреді. Парсылар талшынның 
дәнінен күлше пісіреді. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
106 
Талшынның  жемісі  бұлшық  еттерді  нығайтып,  қан  айналымын  реттейді.  Ол 
дененің және мидың шаршағанын басады, қан аздыққа көмектеседі. Қазіргі кезде кең 
тараған тамыр, холестерин және жоғары қан қысымы ауруларына қолданады. 
Талшынның  балы  да  пайдалы.  Жиһаз  жасауда  кең  қолданылады.  Желімдеуге 
ыңғайлы болғандықтан, діңінен музыкалық аспаптар жасайды. 
Талшыннан  жасалынған  жәшіктерде  заттар  жақсы  сақталады.  Сондықтан 
қымбат  мата,  темекі  секілді  заттарға  жәшіктер  мен  қораптарды  осы  талшыннан 
жасайды.  Ал,  тұқымын  кептіріп,  квас  араласқан  ұнға  салу  арқылы  желім  жасайды. 
Жаңбыр жауардың алдында жапырағының ұшында тамшылар пайда болады. Халық 
мұны «Талшынның көз жасы» деп атап кеткен. 
Жұмыстың мақсаты: 
-  Талшын  ағашының  пайдасы  мен  күнделікті  өмірдегі  маңызын  тереңірек 
зерттеп білу; 
-  Талшын  ағашының  медицинада  қолданылуын  және  емдік  қасиетін  ашып 
көрсету; 
-  Қазақстанда  талшын  ағашын  қалай  өсіретінін  және  тұрмыста  пайдаланылуы 
туралы ақпарат беру. 
Зерттеу  бөлімі.  Талшын  ағашының  сипаттамасы.  Талшынның  биіктігі  25 
метрге дейін жетеді. Бізде оны «Ат талшын» деп те атайды. Жер жүзінде табиғи 30-
дан астам түрі бар, көгалдандыруда 500-ден астам сұрпы қолданылады. 
Талшын ағашы 200 жылға дейін өмір сүреді және 10 жылдан кейін жеміс бере 
бастайды. 
   
 
Жапырағының  пішіні  күрделі  қауырсын  тәрізді.  Ерте  көктемде  шырақ  секілді 
ақ,  қызыл  түсті  гүл  жарады.  Гүлдері  әдемі,  бірақ  иісі  болмайды,  көлемі  10-20  см. 
Талшынның гүлінде 65-75% қант бар. Гүлдеп біткен соң, жеміс салады. Қоңыр түсті, 
жылтыр,  диаметрі  шамамен  3  см,  жалпақтау  келген  домалақ  жемісінің  сыртында 
тікенекті жасыл қабығы болады. 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
107 
  
 
20 жылдық талшын ағашының саясында 
 
 
Талшын ағашының өсу уақыттары 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
108 
 
Талшын қышқыл қоңыр топырақта өседі. Жемісін жас күйінде қуырып жейді. 
Одан  кофе  жасалады,  кондитер  өндірісінде  пайдаланылады.  50  жастағы  талшын 
ағашы 70 кг жеміс береді. Жарық, жылу ылғалды қажет етеді. Діңінен бағалы түрлі 
бұйымдар жасалады. Талшын ағашы – пайдалы өсімдік. 
  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет