1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет14/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Маллори бояу әдісі.
1. Кесінділердің парафинін жою.
2. 0,1% қышқыл фуксинде бояу - 3 мин.
3. Дистилденген суда жуу - тез.
4. 1% форфорлы-молибден қышқылында бекіту -3-5 мин.
5. Ағынды суда жуу -5 мин.
6. Маллори қоспасында бояу - 2 мин.
- Суда шаю.
- 96° спирте саралау.
- Абсолютті спиртте - 2 мин.
- Ксилол - 2мин.
- Бальзам тамызып шыны мен жабу.
Қорытынды: коллаген, торлы және дәнекер ұлпалары қара-көк түсті; эритроциттер сары-қызыл түсті, ет талшықтары айқын-сарғыш; нейроглия және ганглиозды жас торшалар-күлгін; хроматин қызылдан қоңыр-сарыға дейін.
Буэн және Ценкер бекіткіштерінен кейін кесінділер өте жақсы боялады. Егер материал формалинде бекітілген болса, кесінділерді бояу алдында, 3% калий бихроматында 20 минут ұстаған дұрыс болады.
Ван-Гизон альциан көмегімен бояу.
1. Кесіндінің парафинін жою.
2. Вейгерт гематоксилинімен бояу 5-7 мин.
3. Ағынды суда жуу - 10 мин.
4. Альциан көгімен бояу (0,1 г альциан көгін 100 мл 2% сірке қышқылында еріту) 1-2 мин.
5. Сүзгіш қағазбен құрғату.
6. Пикрофуксинмен бояу (1% су қышқыл фуксинге суға 1:10 мөлшерінде қаныққан пикрин қышқылын қосу керек.
7. 96° этил спиртінде шаю.
8. Дегидратация, ксилолда түссіздендіру, бальзамға салып қатыру.
Қорытынды: қоңыр-қара -ядро, дәнекер ұлпалары - қызыл, бұлшық еттер сап-сары, кілегей – көгілдір түске боялады.
Ван-Гизон әдісімен дәнекер ұлпаларын және бұлшық еттерді бояу.
1. Кесіндінің депарафиницациялануы.
2. Вейгерт гематоксилинімен бояу 2-5 мин.
3. Дистилденген сумен жуу мен бастап, ағынды суда жуу -10 мин (ағынды су болмаса суды 2-3 рет ауыстыру керек).
4. Пикрофуксинмен бояу (5-10 мл 1% су қышқылы фуксинді суға 100 мл қаныққан пикрин қышқылын қосу керек (1:10). Сүзгіш қағазға бояуды тамызғанда қан түсті болу керек.
5. Кесінділерді тез дистилденген суда (5-10 сек) шайып жіберу керек.
6. 96° этил спиртінде шаю.
7. Абсолютті спиртте дегидратациялау.
8. Ксилолда түссіздендіру.
9. Боялған кесінділерді бальзамға қатырып, үстінен жабынды шынымен жабу.
Қорытынды: коллагенды ұлпалар -қып-қызыл, ет және эластикалық талшықтар - күңгірт-сары немесе жасыл-сары, ядро - қызыл, қара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет