1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы


Бояу ерітінділерін әзірлеу. Темір ашудасты ерітінді



бет11/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Бояу ерітінділерін әзірлеу. Темір ашудасты ерітінді. 10 г темір ашудасты 100 мл дистилденген суда ерітеді. Темір ашудасының тек ашық қызғылт кристалын пайдалану керек. Сары, жасыл, ақшыл кристаллдарды қолданбаған жөн.
Гематоксилин ерітіндісі. 1 г гематоксилинді 96° спирттің 10 мл-де ерітіп, үстіне 100 мл дистилденген су қосады да, 4-5 аптаға ауа және күн сәулесі жеткілікті болатын жерге қояды. Бұл уақыт аралығында ерітіндінің түсі ашық-қоңыр түстен қою-қоңыр түске ауысады. Ерітіндіні қолданар алдында өлшеп алып, сонша дистилденген су құяды. Гематоксилин ерітіндісін тез арада дайындау үшін, жоғарыда айтылған әдіспен дайындалған ерітіндіге 0,1 г йодты қышқыл натриді (NaJO3) қосады, бұл қышқыл гематоксилинді гематейн қылып тез тотықсыздандырады және дайындалғаннан кейін 1 сағаттан соң қолдануға болады.
Гематейннен бояу ерітіндісін дайындау. Бұл бояу екі бөліктен тұрады:
- 50 мл 96° этилді спиртте 1 г гематейнді ерітеді.
- 1 л дистилденген суда 5 г (химиялық таза) калий ашудасын ерітеді. Екі ерітіндіні де химиялық ыдысқа құйып, сүзеді және 1-3 тимол кристалын қосады. Ерітінді мықтап жабылған ыдыста жақсы сақталады.
Эозинді дайындау. 100 мл дистилденген суда 0,1 бояғыш затты ерітеді.
Вейгерт темірлі гематоксилинін дайындау: Бұл бояу екі бөліктен тұрады:
- 1 г гематоксилинді 100 мл 96° этилді спиртте ерітеді.
- 4 мл 1,5 хлорлы темірге 1 мл тұз қышқылын және 95мл дистилденген суды қосады немесе 1,16 хлорлы темірге 1 мл тұз қышқылын және 98 мл дистилденген суды калий ашудасын ерітеді. Екі ерітіндінің мөлшерін бірдей (1:1) етіп, бір химиялық ыдысқа құйып қолдануға болады.
Гроат гематоксилинін дайындау: Бұл бояу да екі бөлімнен тұрады:
- 1г гематоксилинді 100 мл 96° этилді спиртте ерітеді.
- 50 мл дистилденген суға 1 г (химиялық таза) темір ашудасын, ерітіп оған 0,8 мл байытылған күкірт қышқылын қосу керек. Екі ерітіндіні сүзіп, мөлшерін бірдей қылып (1:1), бір химиялық ыдысқа құйып бір сағаттан кейін ғана қолдануға болады. Сақтау мерзімі үш айдан аспау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет