1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет2/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

Дәріс 2. Тақырыбы: Лабораториялық материалды сою, кесу, материалды алу, өңдеу
Дәрістің мақсаты: Тәжірибелік практикада жануарларды жансыздандыру әдістерімен танысу және оларды сою әдістерін меңгеру
Жоспары және қысқаша мазмұны:
1. Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру
2. Лабораториялық жануарларды сою.
3. Химиялық өңдеу

Тәжірибелік жануарларды жансыздандыру (умерщвление).


Тәжірибелік практикада жануарларды жансыздандырудың түрлі әдістерін қолданады: басын кесу (декапитация), наркоздың көмегімен жансыздандыру, жануар денесі арқылы электр тогын өткізу, қантамыр жүйесіне ауа енгізу(инемен жүрегіне немесе венаішілік) немесе эфирдың плевралық қуысына (хлороформға).
Қай әдісті таңдау жануар түріне және зерттеу мақсаттарына байланысты, бірақ тәжірибелік практикада жансыздандырудың алғашқы екі тәсілі кең тараған.
Басын кесу (декапитация) майда лабораториялық жануарларды (бақа, тышқан) жансыздандырудың негізгі әдісі болып табылады және қайшының көмегімен іске асады.
Ірілеу лабораториялық жануарлардың(теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер) декапитациясы үшін арнайы станоктарды қолданады: олардың бас жағында жануар басын фиксациялайтын құрылғы және мойынға түсетін ауыр пышағы болады (гильотин).
Лабораториялық жануарларды сою. Жансыздандырғаннан кейін жануардың денесін арқасымен жатқан күйде бекітіп қояды. Бақаларды, тритондарды, тышқандарды және басқа майда лабораториялық жануарларды балауызды немесе пробкалық пластинкада, тақташаларда аяқтарын созып, шаншып бекітеді. Орташа немесе ірі жануарларды бекіту үшін арнайы станоктарды немесе сол мақсатпен жасалған тақталарды қолданады (цинктелген немесе шет жағынан ілгектермен, шегелермен қағылған және боялған). Кеуде және құрсақ қуыстарын сою техникасы барлық лабораториялық жануарларға бірдей. Бірақ түкті жабыны бар жануарлардан, алдымен, жеткілікті кең аумақты тері бөлігін кесіп алу керек. Бұл ішкі мүшелердің ластануының алдын алады. Ол үшін хирургиялық пинцеттың көмегімен іштің қабырғасының төменгі бөлігін көтеріп тұрып, пайда болған қатпарды бас жаққа бағыттап кеседі. Кейін қайшыны ауыстыру керек (немесе жабысқан түктен тазалау керек) және ылғалды тампонмен пайда болған «жолақтағы» түкті сүртіп тастау керек. Құрсақ қуысын сою. Іш қабырғасының төменгі бөлігін пинцетпен ортаңғы сызықтан көтереді (мүшелерді зақымдап алмау үшін), құрсақ қуысына кіре беріс жерді қайшымен кеседі, сонда браншеялардың бірін енгізеді (міндетті түрде өтпейтін ) және қабырғаны (стенку) жоғары қарай кеудеге дейін кеседі. Сонан соң қан тоқтататын қысқыштарды (зажимы) алады, онымен іш қабырғасының ішкі қабаттарын ішпермен қоса қысып, сыртқа қарай қайырады. Сол кезде құрсақ қуысы ашылады. Кеуде қуысын сою. Союды кеуденің екі жағынан, төменнен жоғарыға қарай, қабырға сіңірлері арқылы жүргізілген екі тіліктер арқылы іске асырады. Пайда болған сүйекті-шеміршекті бөлікті алып тастайды. Майда лабораториялы қ жануарлардың бір уақытта құрсақ та, кеуде бөлімін де сою дұрыс. Осылай істеу арқылы біз ішкі мүшелерге жету жолын жеңілдетеміз. Ал ірі жануарлардың тек керек орган алатын бөлімін сойған жөн.

Қолданылатын әдебиеттер:


1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.


2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет