Байланысты: 1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)
Биопсиялық материалды өңдеу. Биопсия – тірі организмнен ұлпаларды патологиялық процесстің сипаттамасын морфологиялық зерттеу үшін кесіп алу. Бұл тәсіл диагнозды, патологиялық процесстердің морфологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған анықтамалардың негізінде дәрігер науқасты емдеудің ең дұрыс тактикасын таңдауға мүмкіндік алады. Биопсия қатерлі ісіктерді анықтауда өте маңызды орын алады, өйткені ең кіші деген байқаусыздық және нақсыздық үлкен қателікке ұрындырады. Биопсиялық материалмен жұмыс істегенде лаборант-гистологтан шекті жинақылық пен нақтылық талап етіледі.
Қазіргі кезде биопсияны жүргізудің бірнеше тәсілдері бар: 1) орган немесе ұлпаның бөлшегін қандай болсын хирургиялық аспаппен кесу; 2) зақымдалған аймақтың беткі қабаттарын қырнау (бұл жағдайларда материалды заттық шыныға бірден қойып, бекітеді); 3) пункция (немесе аспирация) – материалды арнайы инемен алу. Бұл әдіс кең қолданысқа ие болды. Қантүзуші органдардан басқа, бауыр, бүйрек және т.б тіршіліктік маңызды органдардың пункциясын жүргізеді; 4) арнайы құралдармен (гастроскоп, бронхоскоп, эзофагоскоп, цистоскоп) ішкі органдардың шырышты бөліктерін үзіп алу. Биопсиялық материалдарды, хирургиялық оталарда алынған органдар мен ұлпаларды зерттеуді дәрігер-патологоанатомдар аурухананың патологоанатомиялық бөлімдерінде жүргізеді. Патологоанатомиялық бөлімнің лаборантына қабылдау, тіркеу, биопсиялық және операциялық материалдың гистологиялық өңдеуіне және клиникалық бөлімдерге нәтижелерді жіберумен айналысу жауапкершілігі ілінеді.
Патологоанатомдық зерттелетін материалды патологоанатомиялық бөлімдерге фиксирлеуші сұйықтықта (10% формалин ерітіндісінде) клиникалық бөлімдердің персоналы жеткізеді. Ірі объекттерді (өкпе, жатыр қосалқы мүшелерімен) фиксирлейтін сұйықтықсыз операциядан кейін бірден патологоанатомдық бөлімге жеткізу керек. Зерттелетін материалы бар банкада науқастың тегі мен инициалдары, емдеу бөлімі, және ауру тарихы жазылған жапсырма болу керек. Егер банкаға бірнеше науқастың органдарын салса, бұл жағдайда әр орган науқастың тегі, жасы жазылған биркасы бар марлямен байланған болуы керек. Ерекше назар биопсиядан алынған материалға аударылады, өйткені зерттелетін объектінің бөлшектерін тіршілік жағдайында алады, көбінесе қол қиын жететін жерлерден алынады (бүйрек, бауыр, асқазан, ішек).
Егеи биопсиялық немесе операцилық материал патологоанатомдық бөлімге зерттеуге жарамсыз түрде жеткізілсе (құрғап кетті, шіріген) немесе объект жетекші бланкқа сәйкес келмесе, оны зерттеу үшін қабылдамайды және оы туралы бөлімнің жетекшісіне хабарлайды.
Қабылданған материалды лаборант биопсиялық және операциялық материалды жазу кітапшасына енгізеді. Бір науқастан бірнеше зерттеу объектісін жіберген жағдайда олардың әрқайсысын жеке нөмірмен биопсиялық және операциялық материалдар кітапшасына тіркейді. Әр жыл зерттеу нумерациясын басынан бастайды.
Зерттеу үшін жіберілген материалды дәрігер-патологоанатом (лаборант емес) макроскопиялық зерттейді, ал кейін бөлшектерді гистологиялық зерттеу үшін кесіп алады. Макроскопиялық зерттеуге қатысты алынған анықтамаларды лаборант дәрігердің айтуы бойынша жіберу бланкіне енгізеді. Кейбір объектілерден гистологиялық кесінділерді мұздатқыш микротомнан алады, басқа материалды целлоидин, парафин, кейде желатинге құяды, сосын сәйкес микротомда кесінділер жасайды. Кесінділерді гематоксилин-эозинмен, кейде басқа бояу әдістерін қолданады. Микроскопиялық зерттеу нәтижелерін дәрігер-патологоанатом жіберу бланкісіне жазып отырады.
Биопсиялық және операциялық материалды зерттеуді 3-4 күн ішінде жүргізген жөн, тек сүйек ұлпасы мен ізбессізденген объектілерді зерттеу мерзімі 6-7 тәул дейін ұзартылады, өйткені жіберілген материалды декальцинациялау қажет.
Жедел биопсия әдетте табиғаты белгісіз қатерлі ісікке жасалған операция кезінде қажет. Операцияның дұрыс тактикасын таңдау үшін дәрігер-хирург ісіктің қатерсіз, не қатерлі екенін білуі тиіс. Бірінші жағдайда операция ісікті кесумен ғана шектеледі, ал екінші жағдайда сау ұлпаларды, тіптен түгел орган немесе аймақтық лимфа түйіндерін кесіп алу қажет болады. Хирург қажет бөлшекті кесіп алып, зерттеуге жібереді. Операция бөлімінен материалды алған бойда дәрігер-патологоанатом керекті аймақтан жылдам бөлшекті кесіп алады, лаборант оны 10% формалин ерітіндісі бар пробиркаға салады және абайлап осыны спиртовкаға қыздырады (бу пайда болғанша, 2-3 рет). Кейін зерттеліп жатқан ұлпаны суық ағын сумен 1-2 мин жуады, мұздатқыш микротоммен кеседі, кесінділерді гематоксилин-эозинмен бояйды, жылдам сусыздандырады, жарықтандырып, бальзамға қатырады. Биопсиялық және операциялық зерттеулердің барлық анықтамасын жіберу бланкісінен биопсиялық және операциялық материалдарды тіркеу кітапшасына зерттеу жүргізген дәрігердің жауап мерзімі, аты-жөні жазып көрсетіп көшіреді.
Биопсиялық немесе операциялық материалды зерттеген соң зерттеуге жіберілетін бланкты емдеу бөліміне жібереді.
Жүргізілген зерттеуден және жауапты шығарудан кейін гистологиялық препараттарды патологоанатомдық бөлімнің мұрағатына сақтайды. Егер жағдайлардың ыңғайы келсе, мұрағатты гистологиялық препараттарды патологоанатомдық бөлімнің бүкіл өмір сүру мерзімінде сақтауға болады. Егер қажетті жағдайлар болмаса, кейбір гистологиялық препараттарды хирургиялық отадан 3 ай – 1 жылдан кейін жояды.
Гистологиялық зерттеуден қалған ұлпалар мен органдарды да патологоанатомдық бөлімде 10 % формалин ерітіндісінде банкаға сақтайды. Олардың құрғап кетпеуін бақылау керек. Әр объектіге зерттеу нөмірі жазылған бирка ілінеді.
Биопсиялық және операциялық материалды тіркеу кітапшасын патологоанатомдық бөлімнен шығаруға тиым салынады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. – Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии «МИА» 2002
3. Роскин Г. И. Микроскопическая техника. — М.: Государственное издательство «Советская Наука», 1946
4. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
5. Барыкина Р.П. и др. Справочник по ботанической микротехнике. Основы и методы. - М.: Изд-во МГУ, 2004. 312 с.
6. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
7. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.
Ғаламтор ресурстары:
1. http://elibrary.kaznu.kz/ru
2. https://studfiles.net/
3. https://www.litres.ru