Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Валиханов Ч.Ч.. -Собр.соч.-Т.3. Алма-Ата 1964, -б.161-163.
2. Бөкейханов Ә. Казахи Адаевского уезда. Таңдамалы. -Алматы.,1995.б.477., Қаратаев Б. Обзор
материалов по истории колонизации казахского края 186-1870 гг.Рукописный фонд национальной
библиотеки Республики Казахстан, инв. № 257.- л.150-167., Марғұлан Ә.Х. Адайда // Еңбекші қазақ
1927.,№113.-22 мамыр. -б.2.
147
3. Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР.-М.: Госполитиздат, 1941.-Б.320., Шахматов В.Ф.
История Казахской ССР.-Т.1. -Алма-Ата, 1957.-Б.394-398.или //Вестник АН КазССР 1953.№1., Якунин
А.Ф. Восстание казахов на Мангышлаке в 1870 г //Большевик Казахстана 1941, №5., Сонікі, Народы
Средней Азии и Казахстана во второй половине ХІХ века. //Лекция, прочитанная в Высшей партийной
школе при ЦК КПСС.-М., 1954.-б.19-21.
4. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней // Под ред. М. Абдыкалыкова и А.
Панкратовой. -Алма-Ата: Казогиз, 1943. -Б.671.
5. Шалабаев Е., Өмірбаев Е., Сыдиқов Қ. Маңғыстау. -Алматы: Қазақстан., 1973.-Б.220., Тлепов С.Т.
Страницы истории Мангышлака. -Алма-Ата; Казахстан, 1980. Б.166.
6. Турсунова М.С. Казахи Мангышлака во второй половине ХІХ века. -Дисс. на соиск.канд.ист.наук. -
Алма-Ата, 1967., Сонікі., Казахи Мангышлака во второй половине ХІХ века. -Алма-Ата: Наука., 1977. -
Б.184.
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. -Алматы.,1987.-Б., Сонікі., Қазақ халқындағы семья мен
неке. -Алматы.,1973., Востров В.В. Новые материалы по этнографии казахов-адаевцев //Новые
материалы по древней и средневековой истории Казахстана.-Алма-Ата., 1960.-б.-158-176., Востров
В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ-начало ХХ в) –Алма-
Ата,1968.-б.84-89,238-254., Мұқанов С. Халық мұрасы.-Алматы., 1974., Сонікі., Қазақ жерінің тарихы. -
Алма-Ата.,1994., Масанов А.Э. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. -
Алма-Ата, 1966. -б.117.
8. Кыдыралин У. Бронислав Залесский-исследователь быта казахов Мангышлака //История. Сборник
статей аспирантов и соискателей. -Выпуск № 4.-Алма-Ата: Наука., 1970. -б.154-157., Сонікі., Неміс
ғалымы Маңғыстау туралы //Коммунистік еңбек 1972., 8-сәуір.,-б.3.,Сонікі., Культура и быт казахов
дореволюционного Мангышлака. -Афтореферат дисс. канд. ист.наук. -Алма-Ата., 1975., -Сонікі.,
Шоқанды қызықтырған Маңғыстау туралы құнды еңбек //Жалын., 1974.№ 5., Сонікі., Маңғыстау
қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы., -Ақтау.,1995. -Б.239., -Сонікі., Қазан төңкерісіне дейінгі
Маңғыстау
қазақтары
(Тарихи-этнологиялық
зерттеу)
-тарих
ғылымдарының
докторы
ғыл.дәр.дисс.авторефераты.
–Атырау.,1997.-б.44.,
Сонікі.,Маңғыстау
қазақтарының
дәстүрлі
шаруашылығы.-Атырау : Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасы., 1999. -Б.166.
9. Медоев А.Г. Подземная архитектура кочевников полуострова Мангышлак //Простор., 1969.-№ 6.,
Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлака и Западного Устюрта. -Алма-Ата.,
1956., Сонікі., Памятники народного зодчества Западного Казахстана. -Алма-Ата: Өнер., 1987. -Б.160.,
Самашев З.С., Веселовская Е.В., Жетибаев Ж.М., Население Арало-Каспийского региона в сарматскую
эпоху //История исследований культуры Казахстана. -Алматы., 1997.
10. Әжіғали С.Е. Каспий қайраңы тарих тағылымы. -Алматы: «Жолдас және К баспасы»., 2000.-б.19.,-
Б.328.
11. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты: оқу құралы. -Алматы., 1992. -Б.203., Касымбаев Ж.К.
Казахстан-Китай: караванная торговля в ХІХ-ХХ вв.-Алматы: Өлке, 1996.-Б.205., Сонікі., Главный
девиз-обьективность. О проблемах истории Казахстана ХІХ-начала ХХ вв. //История Казахстана:
белые пятна. Сб.статей. -Алматы: Казахстан,1991., -С.332-346., Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің
отарлық саясаты. -Алматы: Санат.,1994. -Б.136., Галиев В.З. История Казахстана. Дореволюционный
период. -Алма-Ата, 1988. -Б.438., Сонікі., Осада Форт-Александровска казахами в начале апреля 1870
г. //Народно-освободительные движения в Казахстане. -Актюбинск, 1992. -Б.59-63., Жиреншин К.А.
Политическое развитие Казахстана в ХІХ-начале ХХ веков. -Алматы: Жетіжарғы, 1996. -Б.352.
12. Қалиева Е.Т. Қазақтардың 1969 жылғы Орал, Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы
азаттық үшін көтерілісі. Автореф.дисс.к.и.н. -Алматы, 1998. -Б.27., Жұмашева Г.С. Колониальная
политика на Мангышлаке. Автореф.дисс.к.и.н. –Алматы., 1998. -Б.26., Идрисов Р.А. Историческая
география Западного Казахстана в первой половине ХІХ века. Автореф.дисс.к.и.н. -Алматы., 1999-
Б.27., Сариева Р.Х. Колониальная политика царизма в Казахстане на примере Тургайской области
(1868-1917гг.) Автореф.дисс.к.и.н. -Алматы, 2002-Б.32.
13. Жумашева Г.С. Политика царизма на Мангышлаке (30-е годы ХІХ-нач. ХХ вв.) -Алматы: Печатный
Дом «Домино» 2003., -Б.175.
14. Омарбеков Т. Зобалаң /Күштеп ұжымдастыруға қарсылық. 1929-31 жылдары болған халық
наразылығы/. - Алматы: Санат., 1994. -Б.272., Сонікі., 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. -Алматы:
Санат., 1997.- Б.320., Сонікі., Адай көтерілісі //Жұлдыз 1992 №7, Б.157-171., Алдажуманов К.
Крестьянское движение сопротивления в Казахстане в 1929-1932 гг. //Адилет. Материалы «круглых
столов» и семинаров. ХХІ век.-Алматы 1996.-Б.158., Алдажуманов К., Жумагулов Б. Восстание
казахских шаруа в Адаевском округе. // Социально-политическое развитие Казахстана и его
взаимосвязь с сопредельными странами. Сборник научных трудов.-Алматы 1994.-Б.112., Жаулин К.М.
Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыру: тарих және тағылым /1928-1933
жж/. -тарих ғыл.канд.дисс.авторефераты. -Алматы., 1997.-Б.24., Жұмағұлов Б.С. Кеңес өкіметінің
148
аграрлық саясаты және Адай көтерілісі /1922-1933жж/. -тарих ғыл.канд.дисс.авторефераты. -Алматы.,
1999. -Б.28.
15. Спанов Ә. Тобанияз. Ақтау: Маңғыстау облысының әкімшілігі, 1995.-Б.109., Хайдарұлы С. Қанды
асу. -Алматы: Өлке., 1997. -Б.164., Омаров М. Расстрелянная степь. -Алматы: Ғылым., 1994.-Б.104.,
Сариев І., Омаров М.Ойрандалған Адай даласы. -Алматы: Атамұра., 1995. -Б.160., Жаңаев Т. Тобанияз
қыстауы. -Алматы: Жазушы., 1998. -Б.144.
Резюме
В статье рассмартивается степень изученности истории казахов Мангистауского полуострова
казахстанскими учеными. Историографию данной темы автор разделил на три этапа:
дореволюционный, советский, и постсоветский независимый период Республики Казахстан.
Summary
In this article is considered degree of level scrutiny of Mangistau Kazakhs's history sky peninsula by
the Kazakhstan scientists. The author has divided a historiography of the given theme into three stages: pre-
revolutionary, Soviet and before Soviet independent period of the Republic of Kazakhstan.
ӘОК 37.035.6
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Ү.Еділбаева, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінінің ізденушісі
Өзін-өзі бағалау саналы түрде, өзін-өзі басқарудың ядросы екені белгілі. Өзін-өзі бағалауда екі
өзара байланысты аспектілер органикалық түрде қосылады: операциялық-процессуалды және
құрылымдық. Өзін-өзі бағалаудың екі жақты табиғаты психологиялық әдебиеттерде, оған берілген
анықтамаларда көрінеді. Оларда өзін-өзі бағалау не операциялдық сипаттама, не тұлғалық құрылым
болады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы кіші мектеп жасындағы балаларда қарқынды жүретіні
белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптағы жеке тұлғаның өзін-өзі бағалаудың тиімді әдістемелік жүйесін
жасау жұмысын олардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу
қажет.
Мектепке алғаш келген балалардың ой-өрісіне, сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер
олардың психологиялық даму себептері мен жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет-
қасиеттердің негізгі мектепке дейінгі кезеңнен қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология,
педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелденіп
негізделген.
А.Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін
өзі жақсы білуі керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек.
Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар, ойы арқылы қалай кіретін жолын
білу керек»,- деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, сондай-ақ жеке тұлғаның өзіндік табиғатына
көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.
Демек, оқытудың психологиялық негіздерін білу әр оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға
да көмектеседі. Ал оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу – оның даму бағытын
айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының саналы
әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында.
Ендеше, мұғалім жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы үшін олардың психологиялық жас және жеке
ерекшеліктерін ескеруі қажет.
Оқу іс-әрекетінде бастауыш сынып жасындағы бала зейінінің белсенділігіне қарай ырықсыз,
ырықты, үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысына
өзіндік мән, мағына тән. Оқу үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі көрнекі заттар,
шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға
біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөлу керек. Сондықтан оқу материалының нақтылығы,
мазмұндылығы, тартымдылығы, ал сабақтың эмоциялық сезімге толылығы, маңызды шарт.
149
Мектептегі оқу іс-әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ
білуге тиіс қажет материалдар да аз емес. Сондықтан да, оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты
зейінін жиі пайдалануға тура келеді, сол себептен оның ырықты зейінін қалыптастырып, дамыту
қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті
ұйымдастырылуы тиіс. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-
әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырып отырады.
Жалпы, зейінді балалар жақсы оқиды, ал зейіні нашар қалыптасқан балалардың үлгерімі
ырықты зейіннің көрсеткішіне тәуелді. Зейін қасиеттерінің деңгейлері төмен дамыған балаларда оқу
міндеттерін
атқару
мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан
зейіннің
қасиеттерін жаттықтыру,
психологиялық қызмет көрсетудегі өзекті бағыт ретінде, үлгерімін жақсартуға ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда таным үрдісінің бірі -
түйсіктің маңыздылығына тоқталамыз. Адамның қоршаған ортаны танып білуі түйсіктен басталады.
Түйсік танымның алғашқы үрдісі болып табылады. Түйсік үрдісі тітіркендіргіштер тікелей қатынасқа
түскенде пайда болады, оның нәтижесінде бала заттар мен құбылыстардың тек жеке сапасы немесе
жеке белгілері, жеке қасиеттері жайлы таным алады. Сонда бала ащы, тәтті, ыссы, салқын, ауыр,
салмақты, тағы басқа қасиеттерге жіктеуді үйрене бастайды. Соның нәтижесінде қоршаған орта
заттарының қасиеттерін бағалауы бастау алады.
Егер оқушы сурет салумен әуестенсе, салғандары сәтті шықса, бояу біткеннің қасиетін білуге
ынталанып тұратын болса, оның түсті айыру қабілеті басқалардан жоғары болады. Қалыпты жағдайда
көру қабілетін дамытуға болады. Мәселен, бала партада отыру тәртібін бұзса, оқығанда не жазғанда
қисайып жатып алса, кітапқа не дәптерге көзін жақын ұстаса, оның көру қабілеті нашарлайды. Жатып
оқу көру ағзасына қатты зиян келтіреді. Ұстаздар қатты бақылап, мұндай әрекеттерден сақтандыру
тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгілермен салыстырғанда, дыбыс естуі жоғары
болады. Бірінші сынып балалары кейде дыбысты ажырата алмайды, сөйтіп жазу дағдыларына кедергі
келтіреді. Шет тілі, ана тілі сабақтарында сөйлетуге үйрету арқылы фонемалық естуді қалыптастыруға
болады. Ән айту – есту түйсігін, сурет салу – көру түйсігін, еңбек сабақтары – қозғалыс, сипай сезу
түйсіктерін кемеліне келтіреді. Мұғалім бала түйсігін үнемі іс-әрекет үстінде, оқу үрдісінде
қалыптастырып отыру керектігін еске алу керек.
Абай өзінің 43-қара сөзінде: “Адам баласы екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан… Көзбен көріп,
құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады…
Әрнешік өз суретімен көңілге түседі… бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып суреттемек. Ол –
жанның жибили қуаты дүр”-деп, түйсіктің дүниені танудағы рөлін атап көрсетеді .
Түйсік жөнінде Ш.Құдайбердиев:
“Тән сезім, құлақ естіп, көз көрмек,
Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы – жаман әр істі сол тексермек”,
-дейді .
Бірақ түйсіну жекелеген сезім мүшелерінің қызметі арқылы іске асатын болғандықтан, әсер
еткен тітіркендіргіштің мазмұны жөнінде бала ештеңе білмейді. Сол себепті сабақта берілетін
мағлұматтар тек қабылдауға жеткенде ғана, әсер еткен тітіркендіргіштің қасиеті санада тұтастай,
толық бейнеленеді. Сондықтан оқушылардың ұсынылған материалдарды дұрыс қабылдауы үшін
баланың сезім мүшелерінің бәрін (иіс, дәм, есту, көру, сипап сезу) әрекетке түсіру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 1995. – 355 б.
2. Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1990. – 201 б.
3. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 560 б.
4. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
5. Якунин В.А. Психология управления учебно-познавательной деятельностью
Резюме
В этой статье рассматриваются психологические особенности в самооценке учащихся
начальных классов
Summary
This article is about the psychology’s characteristic of elementary school’s student’s self appraise.
150
ӘОК 37.035.6
МЕКТЕПТЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ БОЙЫНША
«ҮЙ ЖҰМЫСЫН МӨЛШЕРЛЕУ» ТУРАЛЫ
М.Ж. Илясова, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Мектепте анализ бастамаларын оқыту кезеңі, білім берудің жоғары сатысына көшу кезеңінде
жүзеге асырылады. Жоғары сынып оқушысы ретінде өздерінің алға жылжығанын, ересек болғанын,
күрделі де қызықты курсты оқуға көшкенін түсініп, олардан жауапкершілік пен өзбетінше көбірек
жұмыс жасау талап етілетінін мойындаған тұста оқушының өзіндік жұмысын жүйелі, орынды
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тәсілді таңдау қажеттілігі туады. Оқытуда барлық оқушылардың
міндетті білім деңгейіне жету кепілдігін жүзеге асыратын тәсіл-технологиялық тәсіл негізінде жобалау
болып табылады.
10-11 сынып оқушыларына анализ бастамаларын оқытуды технологиялық тәсіл негізінде
жобалаудың қорытындысы технологиялық карта болып табылды. Технологиялық карта төмендегідей
компоненттерді қамтыды: мақсат қою, болжау, үй жұмысын мөлшерлеу, сабақтың логикалық
құрылымы, түзету. Зерттеу нәтижесінде, технологиялық картаның оқу үрдісі жобасын кескіндеудің
көрнекі түрі, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша мұғалімнің жаңа қуатты құралы
екендігі анықталды.
Технологиялық картаны жобалауды төмендегідей іс-әрекеттермен жүзеге асырдық:
1) «Мақсат қою» бөлігін толтыру;
2) Әрбір шағын мақсат үшін болжау жүйесін құрастыру;
3) Болжауға дайындау үшін оқушылардың үй тапсырмасының мөлшерін таңдап, өзіндік жұмыс
жинағын құрастыру;
4) Мүмкін болатын, типтік қателер мен қиындықтарды болжау; қателер мен қиындықтарды
болдырмауға арналған, интерактивті тақтада дайындалған тапсырмаларды құрастыру;
5) Оқытудың логикалық құрылымды моделі мен оқу материалын оқып үйренудің логикалық
жүйелі моделін біріктіру.
10-11 сынып оқушыларына анализ бастамаларын оқытуды технологиялық тәсіл арқылы
жобалаудағы «үй жұмысын мөлшерлеуге» тоқталайық.
Жоғарыда келтірілген іс-әрекеттердің алғашқы екеуі орындалғаннан соң, оқушы болжауды
жетістікпен өту үшін өздерімен таңдалған деңгейде «үй жұмысының мөлшерін» бекіту қажет, басқаша
айтқанда үй жұмысын жобалау жүзеге асырылды.
Үй жұмысының мөлшерін құрастырудың технологиялық принциптерін өңдеу үй жұмысына
қойылатын талаптардан шығады. Оның негізгілерін атап өтелік:
оқушыларға берілетін үй тапсырмасы өтілген сабақтың толықтырылуы емес, көбіне оның
жалғасы болуы тиіс және ол оқылған сабақтан кейін беріледі.
үй жұмысы кездейсоқ болмай, мұғалім мен оқушының тиянақты іс-әрекеттерінен қыйсынды
шығуы қажет.
үй жұмысы әрбір оқушыны нақтылы тақырыпты оқып үйренудегі өзіндік жұмысқа күшейту
бағытының мүмкіндігін арттыру қажет.
бағдарлама материалын меңгеруде қабілетті және уақытша қиыншылықтары бар оқушыларды
ескеріп,
тапсырманың
қиындық
деңгейіне
байланысты
үй
тапсырмасының
дұрыс
дифференциациясы.
оқушылардың басқа пәндер бойынша жүктемесін ескере отырып, мұғалім берілетін үй
жұмысының (сол пәндермен өзара байланысы көзқарасында) орындалынуының және көп
еңбек сіңірілуінің туралы мақсатқа лайықтылығы қамын ойлау қажет.
ауызша материалды меңгеруге қатысты, жаттау және жазбаша жаттығулар арасындағы
орынды пропорционалдықты ескеру қажет.
оқушыларға үй жұмысын орындауды жеңілдету мақсатында мұғалім үй тапсырмаларын
орындауға қажетті ақыл ой еңбегі әдістерін оқушылардың меңгеруімен жүйелі жұмыс жасау
қажет.
мұғалім мен оқушының бірлескен үй жұмысы саласында ең бастысы-жылдам, тыңғылықты
тексеру, әділетті және әділ баға мен талдау.
егер үй жұмысын орындауда мұғалім оқушылардан келел көрсе, онда бұл құбылыстың себебін
талдап шығу және түзету жасауды бастау.
мұғалім өз пәніне оқыту деңгейін көтеру туралы ойлап, әрбір сабақта бағдарлама материалын
жүзеге асыру деңгейін көрсететін тартымды құрылған тақырыпты, дәл құрылған және
жазылған үй жұмысын ұсыну қажет.
151
үй жұмысының мақсатқа лайықтылығы және жиі оқу мен өз бетімен жұмыс жасаудың дұрыс
ұйымдастырылуы арқылы біруақытта жеке тұлғаның даму мүмкіндігіне, жауапкершілдігіне,
сеніміне, ұмтылысына әсері тигізіледі.
Оқушы қай деңгейдегі болжауды өтетіне байланысты үй жұмысының деңгейін өзі таңдайды.
Тапсырмалардың мөлшерін мұғалім бекітетіндіктен, оны анықтауда кейбір ескермеушіліктер болуы
мүмкін. Мөлшер артық немесе кем болуы мүмкін. Болжаудың білім беру стандарты деңгейіндегі
тапсырмаларын барлық оқушылар орындау керек, сондықтан да бұл деңгейдегі үй тапсырмаларының
саны көбірек. Егерде оқушы болжаудың алғашқы екі тапсырмасын орындауда қате жіберсе, онда осы
деңгейдегі үй тапсырмалары санының жеткіліксіздігі немесе болжауды орындау кезінде оқушының
ұқыпсыздығы деуге болады. Бұл жағдайда оқушыға болжаудан қайта өтуге тура келеді.
Әдетте, үй жұмысын беруде төмендегідей әдістемелік қателіктер жиі кездеседі:
1. үй жұмысының тапсырмалары терең ойластырылмай және өтілген сабаққа байланыссыз
берілуі;
2. үй жұмысы тапсырмасының жалпылама берілуі, олардың анық бөлінбеуі және орындауға
қажетті уақытқа талдаудың жасалынбауы;
3. үй жұмысы бойынша қатемен жұмысты кейінге қалдыру немесе осы тақырыпқа оқушылардың
қызығушылығы төмендеген кезде оған қайта оралуы;
4. үй жұмысына терең талдау жасалынбауы, оқушылардың үй жұмысын орындаудағы еңбегі
бағаланбауы, яғни ат үсті түзетілуі;
5. мұғалімнің сабақта жаңа материалды күрделі түсініксіз ұғындыруынан, берілген үй жұмысын
орындауға оқушылар дайындығының төмен болуы.
6. үй жұмысын оқу-әдістемелік үрдістің тұтастығымен байланыссыз, бөлек форма ретінде
қарастырып, оқыту мен тәрбиелеудегі оның мәнінің бағаланбауы;
7. үй жұмысының берілген пән бойынша оқушының өз бетімен білім алу деңгейін көтеру құралы
ретінде қолданылмауы;
8. ақыл ой еңбегіне сәйкес әдістері көмегімен оқушылардың өзіндік жұмыстарының мадақталуы
мұғалім тарапынан бағаланбауы;
9. тиянақсыз жазылған бақылау жұмыстарына мұғалімнің көңіл аудармауы.
Технологиялық тәсіл негізінде оқытуды жобалауда «үй жұмысын мөлшерлеу» мұндай
қателіктердің жіберілуіне жол бермейді. Оқушылардың «үй жұмысын мөлшерлеуіне» үш деңгейдегі
тапсырмалар енеді:
-
оқушыларды болжаудың бірінші, екінші тапсырмаларын табысты орындауға дайындау
үшін берілген есептер (стандарт деңгейі);
-
оқушыларды болжаудың үшінші тапсырмасын табысты орындауға дайындау үшін
берілген есептер («жақсы» деңгейі);
-
оқушыларды болжаудың төртінші тапсырмасын табысты орындауға дайындау үшін
берілген есептер («өте жақсы» деңгейі).
10-11 сынып оқушыларына анализ бастамаларын оқыту жобасын құруда, үй жұмысын
мөлшерлеуде тақырыптар бойынша білімді меңгертуге арналған есептер тобы талданылып, жоғарыда
келтірілген үш деңгейдегі есептер шағын мақсаттарға топтастырылып, жинақ ретінде тағайындалды.
Жинақта үй тапсырмаларының құрамына Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындыққа арналған
есептер де енгізілді, сондықтан мұғалім үй тапсырмаларын мөлшерлей отырып, оқушылардың ҰБТ-ға
дайындығын да ұйымдастыра алады.
Әр шағын мақсатқа бірнеше есептер келтірілді, айталық, М1 «Туынды ұғымын және оның
геометриялық, физикалық мағынасын білу» мақсатына жетуге бағытталған 25 есеп құрылды. Есеп
мазмұнының әр түрлілігі мен жеткіліктілігі, жобаны іске асыру кезінде үйге берілетін тапсырмалар
саны мен мазмұнын өзгертуге мүмкіндік береді.
Үй жұмысын мөлшерлеудің практикалық мақсаты-оқушыларды болжауға дайындау,
адамгершілік мақсаты- «Білім туралы» Заңға сәйкес оқушыға алғаш рет өз бағасын таңдауға құқық
берілгендігі. Сондай-ақ, басты мақсат-артық жүктелімді жеңуі.
Достарыңызбен бөлісу: |