1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,14-ДӘРІС. Типологиялық тұрғыдан талдау



бет7/18
Дата27.11.2023
өлшемі219,97 Kb.
#129950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік-emirsaba.org

13,14-ДӘРІС. Типологиялық тұрғыдан талдау
Өнер туындысына тарихи көзқарас көркем нұсқаның әдеби-тарихи процестегі орнын, сөз өнерінің басқа құбылыстармен көркемдік-идеялық байланысын анықтауды қажет етеді, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін әдеби ағым, әдеби бағыт, әдеби мектеп, жанр, стиль сияқты ғылыми категориялар қолданылады. Бұлар сан алуан әдеби құбылыстарды ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде пайда болып, орныққан, әдеби құбылыстардың дамуын уақыт пен кеңістік бірлігінде қарастыру барысында қалыптасқан әмбебап терминдер. Бір авторды, жеке шығарманы типологиялық тұрғыда зерттеу олардың әдеби үрдіспен қарым-қатынасын, әрқилы байланысын да қоса қарастыруға мәжбүрлейді. Қанша дегенмен де жазушы әуелі әдебиеттегі қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерді жан-жақты меңгеріп барып өзіндік бет-бейнесін толық аша алатынын мойындау керек, яғни типологиялық жалпы және ортақ ұғымдардың жазушы шығармашылығындағы орнына назар аударған дұрыс.

Әдеби туындыларды, жазушылар шығармашылығын, сөз өнеріндегі көптеген құбылыстарды салыстыра, салғастыра қарастыру барысында өзара ұқсастықтарды байқауға болады. Оларды тек творчестволық ауыс-түйіс, біржақты әсер ету деп қана қабылдауға болмас. Әдеби мәтінді оқу, қабылдау, түсіну, талдау, бағалау барысында аналогиялық ойлау, салыстыру, топтау, жүйелеу, диалогқа бару, ынтымақтастық, ортақтастық, жалпылық қасиеттер мен сипаттарды жүйелеу мен жинақтау жүргізілгені дұрыс. Қазіргі кездегі типологиялық зерттеулер көбінесе ұқсастық төңірегін айналшықтайды. Ал теңдік, ыңғайластық, сәйкестік, айырмашылық, қосжарлық (контраст) та типологиялық мазмұн мен сипатта болатындығын дәлелдеген ғылыми зерттеулер жетерлік.


Көркем мәтіндегі образдардың, символдардың, күрделі метафоралық құрылымдардың өзгермелі мағынасы, ауыспалы мәні, тұрақты-тұрақсыз сырлары мен сипаттарын сараптау үшін типологияллық бірлік, тұтастық сияқты ұғымдарды қолдануға болады. Әдеби құбылыстар арасындағы типологиялық белгілерді анықтау үшін әдеби үдерістегі тенденцияны білудің маңызы көп, мазмұндас, мағыналас, пішіндес құбылыстарды жүйелеу үшін ортақ қасиет, еншілес сипаттарды тереңірек тану қажет.
Көркем мәтінді типологиялық зерттеудің жетекші идеяларының қатарына мәтінді қабылдау мен оның рецепиентке әсер етуінің деңгейлері туралы қағида да жатады. Әдеби шығарманы генезис тұрғысынан қарастырудың типологиялық мәні бар. «Әсер ету теориясын» пайдалана отырып автор мен оқырман арасындағы түрлі типологиялық байланыстарды қарастыруға болады, бұл жұмыста «айнала араласу» (Ю.Степанов) сияқты типологиялық қарым-қатынастырды арнайы саралау да көп көмек береді.
Типологиялық талдаудың тағы бір өнімді негізі – «қарама-қарсы ағыстар теориясы» (А.Веселовский), ол әдеби мәтіннің сыртқы және ішкі факторларының бір-біріне ықпалы мен ауысуындағы ұқсас, сәйкес құбылыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.
«Палимсест» (З.Константинович) термині де типологиялық зерттеуде жиі қолданылып жүр. Мәтіндердің арасындағы ауыс-түйістердің ортақ белгілер мен кодтардың типологиялық негіздерін анықтауға себін тигізетін аллюзия, емеурін, филиация, реминсценция, пастиш, коллаж сияқты амалдардың ұқсастыру мен ажыратудағы типологиялық қызметтерін де арнайы зерттеуге болады. Көркем мәтіннің типологиялық ахуалын толығырақ анықтау үшін оның репрезентативтік, экспрессивтік шама-шарқын зерделеп алған абзал.
Ұқсастықтар мен айырмашылықтардың түп-төркінін әдебиеттер дамуының, творчестволық принциптерден көркем шығарманың ортақ ішкі заңдылықтарынан іздеу керек. Демек, стильдер ұқсастығы мен жанрлар типологиясын әдеби бағыттар мен ағымдар арасындағы типологиялық байланыстар арқылы жеке қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет