1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,16-ДӘРІС. Салыстырмалы талдау



бет8/18
Дата27.11.2023
өлшемі219,97 Kb.
#129950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік-emirsaba.org

15,16-ДӘРІС. Салыстырмалы талдау

Көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын сараптағаннан кейін оның сыртқы байланыстарын қарастаруға көшуге болады, мұндай еңбек салыстырмалы талдауды қажет ететіндігі аян.


Көркем мәтінді салыстырудың мақсаты, әдістері сан алуан болуы мүмкін. Біріншіден, салыстыру – кез келген әдеби зерттеудің міндетті сәті, сондықтан ол – методикалық тәсіл. Басқа жағынан алғанда, салыстыру –тарихи-салыстырмалы әдістің негізінде жатқандықтан, әдеби құбылыстарды жүйеден зерттеудің бір кезеңі деп есептеледі.
Әдебиеттануда бір жазушының шығармаларын салыстыра тексеруге де болады, бір кезеңнің, болмаса бір әдеби ағымның мүшелерінің шығармашылығын, әр ұлттың сөз өнерінің өкілдерінің туындыларын да салыстыра талдау үлгілері бар. Мұндай зерттеулер барысында әсер ету, еліктеу, ұқсастық, айырым мәселелері көтеріледі. Жеке тақырып пен идеяның көрініуі, ортақ мотивтердің көркемдік қызметі, образдар әлеміндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер жеке стильдер арасындағы байланыстар, бір шығарманың бірнеше нұсқасы арасындағы өзгерістер табиғаты – міне, осы мәселелердің қайсысы болмасын салыстыру арқылы көрсетіледі.
Әр түрлі әдеби тектер мен түрлерді де салыстыра зерттеуге болады. Мысалы, О.Бөкеевтің «Сайтан көпір» повесі мен осы тақырыптағы пьесасын, ол бойынша түсірілген кинофильмді салыстырып қарастыру арқылы да көп ой түюге болады.
Салыстыру арқылы сюжет құрудағы, композиция түзудегі, образ жасаудағы, троптың түрлерін қолданудағы автордың өзіндік ерекшеліктеріне де талдау жасауға болады.
Әдеби құбылыстарды салыстыруда олардың тек ұқсастықтарын іздемей, айырмашылықтарын да көруді мақсат еткен жөн. Осының арқасында әдебиеттегі жеке мен жалпы, дәстүр мен жаңашылдық сияқты күрделі құбылыстардың табиғатына үңілуге болады. Осылардың барлығы қосылып әдеби заңдылықтардың тууы мен қалыптасуын көрсетеді.
17,18-ДӘРІС. Әдеби-герменевтикалық әдіс
Әдеби герменевтика-көркем мәтіндегі талқылау, түсіндіру жайындағы арнайы ғылыми сала, мұндай зерттеулер көбінесе шығарма-оқырман-дәстүр атты жүйеге сәйкес жүргізіледі.

Бұл ұғымның негізінде ертеде адамдарға басқалардың түсініксіз сөздерін түсіндіріп беретін көне грек құдайы Гермес образы жатыр деп есептеледі. Әулие мәтіндерді талқылаудан басталған герменевтикалық әдіс өз ережелерін дамыта отырып XX ғасырда өз алдына бөлек филологиялық пәнге айналды, ол XIX ғасырдағы түсіну өнері, талдау өнері мен қолдану өнерінің бірлігіне негізделген әмбебап герменевтикадағы көптеген қағидаларды қабылдамады. Жаңа замандағы көзқарастар герменевтиканың өнер екендігіне біржақты қарамай, енді оны ғылымға айналдыруға көп күш салды, көркем мәтінді интерпретациялаудан тың жолдары іздестіріле бастады.


Көркем мәтінді терең түсінудің алғашқы әмбебап теориясын неміс профессоры Ф.Шлейермахер (1768-1834) ұсынды. Ғалымның әдеби мәтінді оқу барысындағы сұрақтарға жауап іздеуді негізгі үдеріске айналдыру қажет деп түсінген ол герменевтика арқылы осыны шешудің жолдарын қарастырады.
Ф.Шлейермахер көркем мәтінде автордың қалыптасқан ережелер мән дәстүрлерге бағынуы және оны кейбіреулердің саналы түрде бұзуы сияқты бір-біріне кереғар екі құбылысқа нанзар аударған. Дана қаламгер әдебиетте өз образын жасайтынын және оның өзі орнатқан тәртіпке ғана бағынатының байқаған ол көркем мәтінді түсіну үшін оқырман өзін автордың орнына қойып көруі керек, салыстырудың осыдан кейін жүргені орынды, осындай «дивинациялық» интерпретация, яғни көкейкөзі ашылу арқылы оқырманның авторға айналуы ғана көркем мәтінді түсінуге жәрдемдеседі деген ғалымның пікірі дами түсті. Сонымен бірге Шлейермахер түсіну деген бір ғана актіден тұрмауы керек, дивинация әр түрлі деңгейде жүргізілсе «герменевтикалық шеңбер» пайда болатынын, ол шеңберді айнала жүру құбылысты жан-жақты тануға септігін тигізетінін көп айтқан. Нәтижесінде Шлейермахер «автор-шығарма-дәстүр» деген жүйе мәтінді түсінудің тиімді жолы екеніне тоқтаған.
В.Дильтей (1833-1911) көркем мәтінді түсінудің өзіндік іргелі теориясын ұсына отырып, Шлейермахердің көзқарастарының осал тұстарын «түсіну методынан» тапты. В.Дильтей көркем мәтінді түсіну үшін интроспекция (өзін-өзі бақылау) арқылы өзгенің әлеміне, сезіміне енудің, ортақтасудың қажет екендігіне баса назар аударды. Ол да «герменевтикалық шеңберді» термин ретінде қабылдап, оны өзінше «түсіну шебері» деп атаған. Ғалым мәтінінің бір бөлігін түсіну арқылы жалпы мағынаны танып алып, бөлікке қайта оралуға кеңес берді, сөйтіп осындай әрі-бері ізденіс арқылы түсіну шеңберін кеңейтуге негіз бар деп есептеді.
«Герменевтикалық әдіс» ұғымына деген көзқарас Г.Гадамердің «Ақиқат және метод философиялық герменевтика негіздері» деген еңбегінен кейін түбегейлі өзгеріске ұшырады, өйткені бұл ғалым шеңбердің не обьективті, не субьективті екендігіне назар аудармай, оны бір-біріне байланысты екі әрекеттің дәстүрді түсіну жәнк оны талқылаудың ортақ нәтижесі деп есептеді. Оған қоса түсіну шеңберінің онтологиялық сипаты барлығын анықтаған Гадамер түсінудің мынадай басқа жүйесін ұсынды: «шығарма-оқырман-дәстүр». Бұл жүйенің элементтері арасында ілгері-кейінді байланыстар көп екендігі көрініп тұр. Гадамер жалпы мен жекнің арасындағы байланыстар негізінде мәтінді алдын ала түсінудің кейінгі түсінумен тығыз қарым-қатынаста екендігіне басаназар аударудың қажеттілігін бөлікті түсіну арқылы бүтінді ұғудың тиімді жолдарын көрсеткенімен тарихат қалған.
XX ғасырдың соңғы жылдары Г.Яусс пен В.Изердің зерттеулерінде «рецептивтік эстеткианың» негізгі теориялық тұжырымдары айқындалған, оның басты зерттеу нысаны «шығарма–оқырман» атты жүйе болатын. Көркем ақпарат бағытталған адресаттың, яғни оқырман қауымның енжар еместігіне сүйенген Г.Яусс әдеби шығарманың «мазмұны мен пішіні» оқырманның «түсінуі» арқылы анықталады деген пікірді ұстанды. Бұл ойын ғалым жазушылардың өз шығармаларын саналы түрде кәсіби филологтарға арнап жазбайтындығы арқылы дәлеледеуге күш салды.
Герменевтика – мәтіндерді талқылау, түсіндіруді алдына мақсат етіп қоятын ғылымның арнаулы бір саласы. Бұл ілімнің атауына Герместің есімі негіз болған. Өйткені бұл ілім діни мәтіндерді түсіндіруге бағытталған зерттеулер мен ізденістерден бастау алып, бертін келе жалпы филологиялық зертттеулердің басын біріктірді.
Көркем мәтінді түсінудің алғашқы әмбебап теориясын ұсынған неміс профессоры Ф.Шлейермахер (1768-1834) көркем мәтін авторының көркем шешімін түсіну үшін оқырман өзін автордың орнына қойып көруі керек деп біліп, мәтінді түсінудің «автор –шығарма-дәстүр» түріндегі герменвтикалық шеңбер арқылы жүргізілуі қажет екеніне тоқталды.
В.Дильтей (1833-1911) көркем мәтінді түсінудің өзіндік іргелі теориясын ұсына отырып, Шлейермахер көзқарастарының осал тұсын «түсіну әдісіннен» іздеді. Ол көркем мәтінді түсіну үшін интерспекция (өзін өзі бақылау) арқылы өзгенің әлеміне, сезіміне енудің, ортақтасудың қажет екендігіне баса назар аударып, оны өзінше «түсіну шеңбері» деп атаған. Ғалым содан кейін мәтінге қайта оралуға кеңес берді, сөйтіп, осындай жолмен түсіну шеңберін кеңейтуге негіз бар деп есептеді.
Бұл мәселе жөніндегі көзқарас Г.Гадамердің «Ақиқат және әдіс. Философиялық герменевтика негіздері» атты еңбегі жарық көрген соң түбегейлі өзгерді. Гадамер түсінудің «шығарма-оқырман-дәстүр» тәртібіне негізделген жүйесін ұсынды.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы Г.Яусс пен В.Изердің зерттеулерінде рецептивтік эстетиканың негізгі теориялық тұжырымдары баяндалған, ол тұжырымдар негізінен «шығарма-оқырман» атты жүйеге сүйенеді. Олар көркем ақпарат бағыталған адресаттың, яғни, оқырманның енжар еместігін басты назарда ұстайды. Г.Яусс әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні оқырманның түсінуі арқылы анықталады деп пайымдаған. Бұл ойын шығарманың кәсіби филологтарға арнап жазбайтындығы арқылы дәлелдеуге күш салған.
Рецептивтік эстетика ең алдлымен оқырманның алдыңғы «әдеби тәжірибесін» есепке алу керектігіне көңіл бөледі. Олардың ойынша, көркем мәтіннің «рецепциясын», яғни, оның оқырманға әсерін бағалау үшін оқырманнның сұранысы, жанрдың танымалдығы, мәтіннің дәстүрге қатысы сияқты мәселелер ескерілуі қажет.
В.Изер оқырманның «экплициттік» және «имплициттік» түрлері болатынына тоқталып, мәтіндегі көзқарас көбінесе осы тұлғалардың соңғысының деңгейін, сұранысын ескерудің нәтижесі екенін дәлелдеген. Г.Шпет имплициттік пішіндер экспликация жасауға негіз болатынына тоқталған.
Әдеби герменевтика қарқынды дамып келе жатқандықтан, онда бұдан да өзге теориялық қағидалар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет