1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік



бет16/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

2. Мәдени-тарихи әдіс. XIX ғасырда әдебиеттануда көркем мәтінде арнайы зерттейтін бағыттар пайда болды. Олардың алғашқысы – мифологиялық мектеп өкілдерінен тұрды. Олар мәтіннен мифологиялық таным мен ойлаудың көріністерін іздеді. Өркениет, нәсіл, орта, сәт, ұлттық мінез, халық рухы, әдеби дерек сияқты жетекші ұғымдары бар мәдени-тарихи ғылыми бағыттың негізін ХІХ ғасырда француз ғалымы И.Тэн (1828-1893) қалаған. Ол адам табиғатын физиологиялық, әлеуметтік, тарихи факторлардың тоғысуы арқылы түсіндіргісі келді, оның іс-әрекетінің жалпы идеясын табуды армандады. Позитивизмнің жақтасы болған Тэн натуралистік эстетикаға жақын болды, Сент-Бевтың теориясына сүйенді.
Көркем әдебиеттің сипатын айқындайтын үш негізді И.Тэн былайша белгілейді: Нәсіл. Орта. Сәт. Нәсіл деген ұғымды ғалым жалпы халыққа тән табиғи темперамент сипаты есебінде түсіндірген. Нәсіл әр елде өмір сүріп, түрлі континенттерге таралып кеткенімен бәрібір өзінің ортақ рухани дүниелерін ұмытпайды, яғни нәсіл Тэн үшін тұрақты ұғым, оны ұлттық мінез бен ұлттық ділге барабар мәнде қолдануға болатындығын ғалым қадап айтқан. Нәсілдің рухани құрылымын осылайша анықтап алған соң ғалым нәсіл өмір сүретін «ортаны» зерттеуге ден қояды, нәтижесінде географиялық әлеуметтік, тарихи орталардың өзгеруі, ауысуы мәдениет пен әдебиетке әсер етеді деген қорытындыға келген. И.Тэн «сәт» түсінігін мәдениет пен дәстүрдің тарихи деңгейі деп қабылдаған.
Мәдени-тарихи әдіс көркем әдебиетті халық тарихының кезең-кезеңдеріндегі халықтың рухын сақтаушы күш деп бағалайды, яғни әдебиет кезеңнің мәдени-тарихи құжаты. Аталмыш әдіс өз мүшелеріне қатаң талаптар қойды: жалпы мәдени танымның кеңдігі – зерттеушінің ғылыми интуициясының ғылыми-теориялық мықты негізі.
Мәдени-тарихи бағыттың көрнекті өкілі И.Тэн өз еңбектерінде мәтіннің «нәсіл, орта және сәтке» байланысты екендігіне баса назар аударғанда, оның жақтастары бұл тезисті негізге ала отырып, көркем мәтінде қоғамдық сананың көрінісі ретінде қарастырады. Көркем мәтіннің түрлерінің көбеюіне орай оларды салыстыра зерттеуге әдеби компаративистика белсене араласты, ол мәтіндегі ұлттық ерекшеліктердің көрінуін, ортақ заңдылықтардың берілу түрлерін ұзақ жылғы әдеби үдерістің негізінде қарастырды.
Жалпы, «тарихи деректің» әдеби дерекке айналуының астарына үңілуге ерекше назар аударған бұл әдіс ұлттық әдебиет және халықтық әдебиеттің негізгі қозғаушы күштерін саралаудың алуан түрлерін іздеді. Мәдени-тарихи зерттеулер, жалпы алғанда «көркем мәтінді байыпты оқу» әдісі деп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет