1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,28-ДӘРІС. Дискурстық талдау және м



бет15/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

27,28-ДӘРІС. Дискурстық талдау және мәдени-тарихи әдіс

1. Дискурстық талдау әдісі. Филологиялық зерттеулерде ХХ ғасыр соңында мәтінмен қатарласа «дискурс» термині де қолданыла бастады. (Дискурс теориясы антикалық риторикадан бастау алып, дербес сала ретінде ХХ ғ. 60 жылдарында қалыптасты). Осы дискурсқа қатысты қазіргі уақытта пікірлерде әр түрлі. Тірті, соңғы кезде мәтінді дискурс ұғымымен алмастыру жиі байқалады. Бұл терминді алғаш ғылыми айналымға енгізген Э.Бенвенист еді. Өзінің «Жалпы лингвистика» зерттеуінде ғалым discours және recit сөздерін функционалдық тұрғыдан бір-біріне қарсы қойды. Бұл дихотомиялық көзқарас әлі күнге дейін жалғасып келеді. Дискурс психолингвистика мен прагматикада кең қолданылып, мәтінге қарсы қойылды, өйткені ол өзіне мәтіннің пайда болу элементтері (прагматика) мен қабылдану барысын (психолингвистика) қарастыруды өзіне аударып алған. Сөйтіп, дискурс – мәтінге қарағанда кең ауқымды ұғым. Дискурс – мәтінді бағыты бар әлеуметтік әрекет деп қабылдайтын, оның пайда болуын, бағалануын, талқылануын қарастыратын ұғым. Дискурс айтушы мен тыңдаушының мінез-құлқын, ұлттық, әлеуметтік болмысын, олардың физиологиялық қарым-қатынасқа әсерін зерттейді. Дискурс коммуникация мүшелерінің ойлауы мен сөйлеуін ғана емес, оларға қатысты әлеуметтік, мәдени нормаларды, қоғамдық ортадағы мәніннің түсінілу деңгейін зерттейді. Демек, мәтін – дискурстық фрагменттің, материалдық бірліктің, зерттеу нысаны болса, дискурс – үдерістік бірлікті талдайды. Тойн А. Ван Дейк «Дискурс және коммуникация» (М.,1985) атты еңбегінде дискурстың әлеуметтік контексі барлығына және оның коммуникативті құбылыс екендігіне ерекше назар аударады.


Мәтін мен дискурстың байланысын, қарым-қатынастарының түрлерін бағалауда әр түрлі көзқарастар негіз болуда. Оның бірі «бірсәттілік» өлшем, оған сүйенетіндер, дискурс – нақты уақыт аралығында өтеді, оның ақпарат сақтауға мүмкіндігі жоқ, біткен соң жоғалады, ал мәтін өмір сүре беретінін алға тартуда. Кейбір ғалымдар дискурсты санамен байланыстырады, бұл жағдайда мәтін сөздер мен синтагмалардың бірлігі, ал дискурс әр түрлі пікірлердің тек қисынды бірлігі болып шығады.
Мәтін мен дискурстың айырмашылығы, мәтін – сөз актісінің жазудағы көрінісі болса, ал дискурс – қолданыстағы мәтін. Соңғы кезде «мәтін ұғымы бар жерде «дискурс» ұғымын да қатар алып жүру байқалады. Дискурс дегеніміз – дайын мәтіннің сөйлеу әрекетін туғызушылар мақсатына сай күрделі әрі нақты коммуникативтік жағдайға айналуы. Ғалымдардың дискурс терминіне берген анықтамалары түрліше болғанымен, олардың барлығының да дискурсқа тән деп көрсеткен белгілері бар: бұл – дискурстың диалогтік сипаты, сөз жағдаятына сай орындалатын сөйлеу әрекеті екендігі.
Дискурстың диалогтік сипатына коммуникацияға қатысушылар санының кем дегенде екеу болуы жатпайды, сөйлеуші түзіп, қолданысқа түсірген мәтіннің қандайда бір тыңдаушыға бағытталуы жатқызылады. Ал бұл тыңдаушы сөз түзушінің өзі болуы да ықтимал. Мысалы, адамның өзіне арнап жазатын күнделігі (сөзді түзуші де, түзілген сөзді қабылдаушы да бір субъект), өзімен-өзі кеңесуі, т.с.с.
Жалпы, мәтін мен дискурс жақын ұғымдар болғанымен, олардың арасында айырмашылықтар бар, оған қоса оларды зерттеудің тәсілдері де бөлек-бөлек. Мәтінде жасырын түрде болса да коммуникацияның көп астарлы элементтері болады, сонымен қатар оларды шешетін белгілер мен кілттер де сақталады. Мәтін арқылы бірін-бірі дұрыс түсіну үшін және дискурстық байланыс орнықты болу үшін партнерлердің тым болмаса кейбір білім саласындағы дайындықтарға сәйкес болғаны дұрыс деген қағиданы ұмытпау керек. Мәтін мен дискурстың тепе-тең ұғым емес екендігі ақиқат. Қандай да бір автордың көркем шығармасы біз қолға алып оқығанға дейін «тыныш күйінде» тұрып, мәтін ретінде танылса, оқырман қолына тиіп, коммуникациядағы тілдік құрылым – мәтіннің динамикалық күйіндегі сипатын дискурс деп тануымызға болады. Бұл жерде де тікелей болмаса да, автор мен оқырмен (адресат пен адресант) арасында «хабар алысу» жүреді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, мәтінді дискурстық аралық сатысы ретінде сипаттаған жөн. Өйткені дискурс ретінде екі бірдей коммуниканттың ойлау-сөйлеу әрекеттерінің жиынтығы деп түсінеміз.
Көркем мәтіннің ақпараттық деңгейін көркемдік, эстетикалық,
танымдық тұрғыда талқылау бүгінгі таңдағы әдеби зерттеу бағытындағы
дискурстық талдаудағы маңызды мәселелерінің бірі. Нақтырақ айтқанда
дискурстық талдауда мәтін құрылымы мен шығарма мазмұны, оның көркемдігі негізгі нысанаға алынады. Талұылауда әсіресе, басты орында түратын кейіпкер тұлғасы еді. (Көркем шығармалардағы кейіпкерлік өріске ауызша тоқталамыз...)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет