1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,24- ДӘРІС. Тарихи-салыстырмалы және компаративистік әдістер



бет13/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

23,24- ДӘРІС. Тарихи-салыстырмалы және компаративистік әдістер


Жоспар:
1.Тарихи-салыстырмалы әдіс.
2. Компаративистік әдіс.


1.Тарихи-салыстырмалы әдіс. Осы әдістер бағытының негізгі теориялық қағидалары ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында А.Веселовскийдің зерттеулерінен белгілі болды (Тіл бағытында салыстырмалы әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф.Бопп, Р.Раск, Я.Гримм сынды зерттеушілер қалағанмен, жүйесіз жүргізіліп, айтарлықтай мәнге ие болмады).
Көптеген халықтардың фольклоры мен әдебиетіндегі формулалар мен мотивтерді салыстыра қарастырып, әдеби, тұрмыстық, әлеуметтік элементердің қайталанып отыратынын байқаған ғалым А.Веселовский олардың арасындағы қатынастарды генетикалық және типологиялық тұрғыдан зерттеу барысында өзінің «Тарихи поэтика» атты атақты еңбегін жазған.
Алғашқы кезде А.Веселовский өзінің мәдени-тарихи мектепке жақын екендігін айта келіп, әдебиет тарихы-образды-поэтикалық түрде берілген қоғамдық ойдың тарихы деген тоқтамға келген. Поэтикалық категориялардың негізі тарихи категорияларда жататындығын орасан көп материалдың негізінде дәлелдеген ғалым осы құбылыстардың теориялық мәселелерін зерттеуге кіріскен. Алдымен «мәдени қатарларды» діттеп алып, оларды синхрондық тұрғыдан қарастырған, «қайталауларды заңдылық деп шешкен Веселовский «европацентристік» көзқарасқа қарсы шықты. Әр мәдениеттің өзінің даму ерекшеліктері бар, сондықтан мәдени өмірде «мешеулік» пен артта қалушылық» деген ұғымдардың ғылыми орынсыз екендігін қадап айтқан ғалым «ұқсас фактілердің параллель қатары, «типологиялық түйісу» сияқты түсініктер арқылы типологиялық сәйкестіктер мен ұқсастықтардың түп төркінін өзінше сараптаған. Оның ойынша, көркем әдебиеттердегі ұқсас деректер қатарын салғастыру үшін алдымен қайталау қағидаттарының қай дәрежеде көрінетіндігін анықтап алу керек екен.
Қарапайым поэтикалық формулаларадың, теңеулердің, символдардың, мотивтердің пайда болуы мен қалыптасу механизмін жіті зерттеген ғалым олардың төркініде ұқсас психикалық процестер мен ырғақтар жатқанын айқындаған. Сонымен бірге А.Веселовский поэтикалық ойлаудың генезисі психологиялық паралеллизм мен параллель ырғақтарға тәуелді екендігін көрсеткен ұқсастықтар мен сәйкестіктердің образдар арасындағы «қарым-қатынас сапасына» да байланысты болатындығы туралы пікірдің әдебиеттанудың дамуына әсері мол болды. «Категориялар», «белгілер», «қозғалыс», «жігерлі қызмет» сияқты ұғымдарды бір-біріне сәйкестендіріп тұратын «коллективтік автор» және «реалдылық» деген терминдер екендігіне тоқталған ғалым туыстас сюжеттер бар екі әдебиетті жай салғастыра салудың қисынсыз екенін де ескерткен.
Жеке шығармашылық пен дәстүрдің арасындағы қатынастарды қарастыра келіп ғалым дәстүрге басымдық бере отырып, «ұжымдық автор» мен «оқырман ұжымы» арасындағы байланыстың ілгерінді-кейінді сипатына назар аударудың өзектілігін атаған. Шығармашылық үдеріс пен қабылдау үдерісі арасындағы байланыстарды сараптағанда академик сөз, образ бен сжеттің басқа заманның оқырманына «жаңа мағына» дарыта алатын «суггестивтілік» категориясына сүйенген. Қабылдаудың типтік ұқсастықтарына зер салған ғалым А.Веселовский әдебиеттегі концептілерді зерттеудің бағдарламасын ұсынған.
Қазіргі кезде тарихи-салыстырмалы әдіс аударматануда да жиі қолданылып жүр, ол көркем түпнұсқа мен аударма мәтіннің араларындағы сәйкестіктің әр түрлі деңгейлерін зерттеумен шұғылдануда. Әдеби мәтіннің көркем мазмұнының бірегейлігі мен тұтастығының сырын ашу үшін «жаңа сын», «швецариялық интерпретациялық мектеп» сияқты бағыттың өкілдері мәтінді көп ретте формальдық тұрғыдан қарастырып жүр. «Жаңа сын» аналитикалық оқу мен формальдық-стилистикалық талдау арқылы мәтіннің жаңа қырларын ашуға әрекеттенуде. 1950 жылдары бұл бағыттардың негізінде әдеби структуализм дами бастады: ол мәтінді структуралық-семиотикалық белгілердің жүйесі деп таниды. Аталмыш ғылыми ұстанымдар көркем мәтінді зерттеуге біршама үлес қосты, бірақ олар шығармашылық үдеріс пен оқырманның шығарманы қабылдау үдерісіне жеткілікті көңіл аудармады. Бұл олқылықтың орнын толтыруды мәтіннің субъективтілік-шығармашылық негіздерін зерттейтін психологиялық мектеп қолға алды. Оның өкілдері әдеби туындының мәнін образ бен сөзден іздеді, оқырманның қабылдауына баса назар аударды.
Жалпы, теориялық негізі бар тарихи салытырмалы әдістің шектеулі тұстары да бар. Теориялық модельді қолдану үшін ұзақ уақыт қалыптасқан кезеңді қамту керек болды, сондықтан оларды нақты әдеби үдеріспен, жанрлармен байланыстыру үшін компаративистика өз алдына бөлініп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет