1)Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2. 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл
2) Босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте 30 жасар босанған әйел іштің төменгі жағындағы ауыру сезіміне, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 38.9ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Сүт бездері біршама қатайған. Босанудың ІІІ кезеңінде бала жолдасының кемістігіне байланысты жатыр қуысын тексеру мен қалып қалған бөліктерді шығару жүргізілді. Анамнезінде- 2 мед.аборт, созылмалы цистит, созылмалы пиелонефрит. Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?
А. мастит
Б. лохиометра
В. жедел респираторлық ауру
Г. эндометрит
Д. созылмалы пиелонефриттің өршуі
3)бимануалды жатыр компрессиясын көрсетіңіз
5-билет
1)Әйелдер консультациясына 25 жасар жүкті әйел ішінің төменгі жағы мен бел аймақтарындағы сыздаған ауыру сезіміне шағымданып келді. Жүктіліктің 11-13 апталық мерзімі. Анамнезінде жатыр мойнының І дәрежелі жыртылуымен асқынған 1 босану және жатыр қуысын қырумен болған ерте мерзімдегі 1 өздігінен түсік. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны ұзындығы 3,0 см, сыртқы ернеуі үңгірленіп тұр, жатыр мойны каналы 1 көлденең саусақпен ішкі ернеуден өтеді, жатыр жүктілік мерзіміне сай үлкейген, жыныс жолдарынан бөлінділері шырышты. Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?
А. басталған өздігінен түсік
Б. көпіршікті тығын
В. плацентаның жатуы
Г. истмико-цервикальдік жетіспеушілік
Д. дамымаған жүктілік
2) . Жүктiлiктiң нақты белгiсi:
1. Етеккiр тоқтауы
2. Жүктiлiкте оң биологиялық сынама
3. Жатырда ұрықтың болуы
4. Сүт бездерiнiң үлкеюi
5. Жатырдың үлкеюi
3)жатыр қуысын қолмен қолмен қарап тексеру тәсілін көрсетіңіз
6-билет
1)Жүктiлердiң iш өлшемi өлшенедi:
1. Кiндiк деңгейiнде
2. Шар тәрiздi өсiндi
3. Кiндiктен төмен
4. Кiндiктен жоғары
5. Симфиз деңгейi
2) Жүктi әйелді және ұрықты қарап тексеру тәсілдерін көрсетіңіз
3)Перзентханаға эклампсияның үш ұстамасынан кейін ес түссіз жүкті әйел жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Жүктіліктің 32 апталық мерзімі. Жағдайы өте ауыр. АҚ 180/120 мм с.б.б. Нәресте жүрек соғысы тұйық, минутына 142 рет. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны сақталған, каналы жабық. Жүкті әйелді жүргізу тактикасы?
А. Шүғыл түрде кесар тілігі арқылы босандырып алу
Б. бірнеше уақыт ішінде қарқынды терапиядан кейін кесар тілігін жасау
В. 1 тәулік бойы қарқынды терапиядан кейін босандыру әдісі туралы сұрақты шешу
Г. өкпелердің жасанды вентиляциясы мен интубация арқылы бірнеше сағат бойы операция алдында дайындықтан кейін оперативтік жолмен босандыру
Д. Кешенді қарқынды терапия мен босану жолдарын дайындау
7-билет
1)26 жасар қайта босанатын әйелде нәрестенің аралас қуйрықпен жатуы анықталды. Босанудың екінші кезеңінде кіндік бауының ілмегінің түсіп кетуі, нәресте жүрек соғысының минутына 100 ретке дейін сиреуі және жүрек тондарының тұйықталуы байқалды. Қынаптық тексеру кезінде нәрестенің қүйрығы мен аяқ бастары кіші жамбас қуысында екендігі және қынапта түсіп кеткен кіндік бауының ілмегі анықталынды. Сіздің тактикаңыз?
А. Кіндік бауының ілмегін қайта кіргізіп, босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру
Б. нәресте асфиксиясының емін жүргізу
В. Цовьянов көмегі бойынша босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру
Г. Жамбас жағы арқылы нәрестенің экстракциясын жүргізу
Д. Шүғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау
2) Плацентаның жатырға жабысуының жиi кездесетiн түрi:
1. Алдыңғы қабырғa
2. Артқы қабырғасымен
3. Төменгi сегмент
4. Жатыр түбi
5. Жатыр жаны
3)нәрестенің аяқпен келуіндегі медициналық көмек манекенде көрсетіңіз
8-билет
Достарыңызбен бөлісу: |