3-тапсырма Орындаған:Байсан Әсел 2\2
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктер жүйесі арқылы қарастырылады. Педогогтың іскерлік түрлері:
Педогогтың танымдық іскерлігі. Бұл іскерлік педогогтың интеллектуалдық ойлау қасиетін, танымдық қабілетін, дүниетанымының кеңдігін қамтиды.Танымдық іскерлігін дамыту үшін педогог ойлау, зейін, ес секілді психикалық қасиеттерімен жұмыс жасап, дамыту қажет. Педогог бойында танымдық іскерліктің болуының мәні кез-келген жағдайдан шығатын жол таба білу, оқушының ойлау процесінің дамуы үшін талдаулар жасау, нақтылау және қорытындылау сияқты қабілеттердің болуында.
Педагогтың конструктивтік іскерлігі. Бұл іскерлік педогогтың сабақты алдын-ала ойластыру, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сабақтарын ұйымдастыра білуін қамтиды. Конструтиктивтік іскерлікті дамыту үшін әр педогог өзінің интеллектуалдық ойлау қабілетін дамыту қажет.
Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі. Бұл іскерлік педогогтың әртүрлі категориядағы адамдармен яғни ата-анамен, әріптестермен, оқушымен жақсы қарым-қатынас орната білуін көрсетеді.Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін педогог өз бойында өзгені тыңдай білу, өзіңді таныта білу, өз ойын айқын жеткізе алу сияқты қасиеттерді қалыптастыру керек. Сонымен қатар сөздік қордың мол болуы да маңызды.
Педагогтың хабарлау (ақпараттық) іскерлігі. Хабарлау іскерлігі педогогтан сауатты және көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, дикциясының жақсы болуын, сөздерді мимикамен үйлестіріп сөйлеуін талап етеді. Бұл сабақты қызықты етіп өткізуге, сөйлеу арқылы балалардың зейінін өзіне аудартуға ықпал етеді.
Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Ұйымдастырушылық іскерлік педогогтың сабақта оқушылардың қандай жұмыспен айналысатындығын анықтап, яғни тапсырма, бақылау түрлерін таңдап, оқушылардың тапсырманы қызықты етіп орындауын ұйымдастырып және орындалған жұмысты тексеріп қорытындылай алуын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |