1. 2лекция бойынша тапсырмалар Орындаған: Байсан Әсел 2\2 1-тапсырма



бет4/4
Дата23.04.2023
өлшемі20,78 Kb.
#85895
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1.2 практикалық тапсырма

5-тапсырма
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: - жалпыадамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық қасиеттері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Қазіргі таңда заман талабына сай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған. Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; 
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы; 
- педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; 
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек; 
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік. 
Педагог мәртебесі заңының 51-бабы бойынша Педагог қызметкер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
Орындаған:Байсан Әсел 2\2
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Орындаған:Байсан Әсел 2\2

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет