№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет71/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Аруағын айтып шақырды.
«Я, бабам!» дей берді,
Елінің қамын жей берді».
Бұл тұста қазақтың ежелден жауға шыққанда 
айтатын: «Я, Аруақ!» ұраны анық көрініп тұр. 
«Қамбар батыр», «Алпамыc батыр», «Қобы-
ланды батыр», «Ер Тарғын» және т.б. көптеген 
ауыз әдебиетінің үлгілерінде, тіпті қала бере 
тарихтан белгілі Абылай мен жоңғар батыры 
Қалдан Серенмен шыққан жекпе-жегіндегі «Я, 
Абылайлап» шыққан Сабалақ (Әбілмансұр) 
бейнесі қазақтың танымында, санасында ұяла-
ған діни көзқарасты айқындап тұр. Қазақтың 
бай ауыз әдебиеті үлгілері қатарында мұн дай 
этноменталды мәтін түрлері өте көп. Солар-
дың бірі халық арасында ең көп тараған 
мақал-мәтелдер. Олар этнолингвистикалық 
сала ның ең құнарлы әрі ең бай қайнар көзінен 
саналады. Әр мақал-мәтелдің бойында этнос 
дүниетанымына, салт-дәстүріне, ғұрып пен 
наным-сеніміне қатысты ұлттық код іспеттес 
ақпарат кешені жинақталғанын бір емес 
әлемнің бірнеше ғалымы айтқан болатын. 
Сондықтан олардың белгілі бір этностың 
жан-дүниесін ашып, болмыс-бітімін танып-
білуге қосатын үлесі де зор болып отыр. Ұлт 
тіліндегі мақал-мәтелдер алуандығы мен 
олардың санына қарай сол ұлттың танымдық 
санасының деңгейін анықтайды. Бұл тұста 
мақал-мәтелдер халық танымындағы ұғым-
дармен тікелей байланысты болып, ұлттық 
менталитетті танытатын тілдік көрсеткіші 
болып табылады [6].
Өз мәні тұрғысынан алғанда мақал-
мәтелдер ауыз әдебиетінің кіші жанры деп 
саналса да, академик Ә.Қайдар бастаған бір 
топ ғалымдар оны көркем сөз арсеналының 
аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі де 
әсерлі тіл құралы, тұрақтанған күрделі 
мағыналық бірлік» [7] тұрғысынан зерттеуге 
алып отыр. Себебі, белгілі бір социумның 
мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерінің жиын-
ты ғы сөздердің семантикасында көрініс 
бере тіндіктен, сол тілде сөйлейтін адамға 
мұндай ерекшеліктердің мағынасы айқын 
болып көрінсе де, басқа тілде сөйлейтін
өзге мәдениеттің өкілі мақал-мәтелдердегі 
берілетін мағынаға басқаша қарауы, өзгеше 
түсінуі мүмкін. Демек, белгілі бір халыққа 
ғана тән ұлттық реалийлердің болмыс-бітімін 
түсіну, ұғыну үшін де мақал-мәтел түріндегі 
ұлттық мәтіндердің этнолингвистикалық сипа-
тын зерттеу маңызды деуге болады. Қазақтың 
қай мақалын алсаң да оның болмысы ұлттық 
мінезге тұнып тұрады. Ұлттық тәрбие, әдеп-
тілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, этномәдени 
аспектілер, ел бірлігі және т.б. көптеген тақы-
рыптар осы этноменталды мәтін түрі – мақал-
мәтелдер бойына жинақталған. 
Мұндай мәтіндердің тағы бір түріне қа-
зақ ауыз әдебиетінің аса бір құнарлы, ауқым-
ды саласы айтысты айтуға болады. Бұл 
сала Кеңес үкіметі кезеңінде ауқымдырақ 
зерттеле бастады. Қазақтың айтысын зерттеу 
В.В.Радлов, А.В.Васильев, Г.Н.Потанин, 
Н.Рыч ков, А.Янушкевич, П.Н.Распопов секілді 
орыс оқымыстыларымен қолға алынған болса, 
қазақтың төл ғалымдары А.Байтұрсынұлы, 
Х.Досмағамбедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, 
С.Мұқа нов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, 
С.Бега лин, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қас-
қабасов, М.Жармұхамедұлы секілді тұлға-
лар оның жанрлық сипатын, синкреттік 
та би ғатын, көркемдік ерекшеліктерін то-
лық қанды ашуға тырысқан. Бұл тұста про-
фессор М.Жармұхамедұлы осы салаға 
қа тыс ты жасаған ұзақ жылғы зерттеу 
нәтижелерін айта кету керек. Ол өз еңбегінде 
айтыс өнерін бірнеше түрге жіктеп, оның 
этнолингвистикалық мәнін ашуға тырысқан. 
Ол айтысты бірнеше түрге бөліп, жіктеген [8]:
Салт-әдет және мысал айтыстар:
а) «Бәдік» айтысы, ә) «Жар-жар» үлгісіндегі 
айтыстар, б) Қыз бен жігіт айтыстары, в) 
Қайымдасу және қағысулар, г) Мысал айтыс; 
Ақындар айтысы: 
а) Дін айтысы, б) Жұмбақ айтыс, в) Жазба 
айтыс.
Айтыс өнерінің бұл түрлерінің қай-
қайсысын алсаң да, өн бойынан қазақ хал-
қы ның тұрмыс-тіршілігін, ой-санасын, мәде-
ни еті мен өмір сүру дағдысына қанығуға 
болады. Себебі бұл сала халықтың тұрмыс 
салтымен, этнографиялық болмысымен тығыз 


73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет