№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет70/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
«Ең бастысы – тілдік және аумақтық біре-
гейлік пен біртектілікті ғылыми тиянақтау, 
методологиялық басшылыққа алу түркі халық-
тарының этногенезін дұрыс ашуға, қоршаған 
ортаны игеруде, төл тарихымызды түзуде 
басқаның емес, өз қандастарымыздың сүбелі 
үлесін әділінен баяндауға асыл арна салады. 
Әлем таныған О.Сүлейменовтың сөзімен 
айт сақ, «егер біз сөзді оқуды үйренсек, жер, 
өзен, тау, арал аттарынан тілдердің материк 
және мұхит бойынша қозғалу бағдарын анық-
тауға болады. Сондықтан этимологияның 
рөлі артады», - дейді ол. Автордың осы ай-
тыл ған ойларымен толықтай келісе келе, 
этнотанымдық бірліктердің шын мәнінде өз 
ішіне тарихи, әдеби, географиялық, этностық 
ерекшеліктерді қамтитын үлкен айрықша 
кешен екенін атап өткен жөн деп санап 
отырмыз. Автор мақаласында үзінді келтірген 
О.Сүлейменовтің: «Ауызекі сөз өзінің мазмұны 
және құрылымында жарықшақтар мен 
асыл бұйымдардың мұражайлық жинағына 
қарағанда, көбірек тарихи шындықты сақ-
тайды» [3], - деген сөздері де бұл сөздердің 
шындыққа жанасатындығынан хабар береді.
Қазақтың ұлттық болмысына тән мәтін-
дердің этнотанымдық сипатын қарас тырғанда 
сонау көне түркілерден бастау алатын, 
осы күнге дейін тастағы жазбалар арқылы 
жеткен тайпалық поэзиядан сыр шертпеске 
болмас. Күлтегін-Тоныкөк деп аталатын жыр-
дастандар толығымен қазақ халқының тұтас 
ұлт ретіндегі айрықшалығын, қазақтың сонау 
түбін, тамырын қопсыта, қопаруға мүмкіндік 
беретін ерекше мәтіндер деуге болады. Бірнеше 
дастандардан тұратын бұл құндылықтың 
этноменталды мәтін ретіндегі рөлінің мәні 
оның терең халықтық философия, қазақ 
халқының болмысына сіңген, жаугершілік 
кездегі батырлық, ірілік, даналық секілді үлкен 
қасиеттердің негізін тереңінен көрсете, осы 
күнге дейін жеткізе білген. Бұл мәтіндердің 
құндылығы сонда: онда бүкіл түркілерге тән 
ортақ діни сенім-нанымдар, әдет-ғұрыптар, 
ортақ әрекеттік нюанстар жинақталып, тұтас 
сол кезеңге тән этностық болмысты бүтіндей 
қалап шығады. Күлтегін жырындағы басты 
кейіпкер Күлтегін батырдың інісін жоқтап 
жылауы [4]:
«Көрер көзім көрместей болды, білгір ақы-
лым білместей болды.
Жылай-жылай жұртымның қасы-көзі әз 
болар деп қайғырдым», - деген жазба ескерт-
кіш мәтінінен қазаққа тән жоқтау ғұрпының 
бір ұшы ғана көрінеді. Тек бұл ғана емес, 
«Күлтегін-Тоныкөк» жырларында қайтыс 
бол ған кісінің жетісін өткізу, жерлеу ғұрпы, 
батырларды мадақтау, елге, жерге деген 
ғасырлардан қалыптасқан махаббат деген 
сияқты психологиялық, тұрмыстық, діни 
сенім-нанымдық детальдар молынан кезігеді. 
Қазақтың ұлттық болмысына тән этноменталды 
мәтіндер болмысын қарастырғанда елдің 
рухани дүниетанымын көрсететін, рухы мен 
күш-жігерін бағамдайтын тағы бір мәтін түрі – 
жырлар. Жырлардың кез келген түрінен ұлттық 
психо-физиологиялық ерекшелікті аңғаруға 
болады. Лиро-эпостық жырлар арқылы 
халық тың эстетикалық талғамына үңіліп, 
сұлулыққа жаны құштар, махаббатты ұлықтау 
сезімін, ұлттық табиғатын танысақ, батырлық 
жырлар арқылы қазақ ерлерінің өр мінезін, ірі 
тұлғасын, жер мен елге деген сүйіспеншілік 
деңгейін, оның халық тағдырындағы рөлін, 
әдет-ғұрып, халықтың айналысатын негізгі 
шаруашылығы туралы молынан ақпарат алуға 
болады. Жырлар тек қана қазаққа тән қандай 
да бір этнотанымдық дүниауи көзқарасты 
танытады. Этноментальдылық болса тұтас 
ақпа раттық-мәдени ортада таныс мотивтер 
мен интонациялар, белгілер мен символдар, 
тіл мен бейнелерді табуға мүмкіндік береді. 
Міне, жырлардағы дәл осы белгілердің көрініс 
табуы оны жалпы ұлтқа ортақ, тағдырлас, 
үзеңгілес, ошақтас ұлт өкілдерінің басын 
біріктіруде үлкен рөл атқарады. Эпикалық жыр 
категориясына жататын «Ер Тарғын» даста-
нындағы ежелгі қазақтың жауға шыққандағы 
наным-сенімінен сыр шертетін мына үзіндіні 
келтіре кетсек [5]:
«Сыйынып жүрген Тарғынның
Бітуәже бабасы.
Желігіп келген Ер Тарғын,
«Алла!» деп сонда ақырды,


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет