№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет79/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын жә-
не шебер сөйлеу мәнерін үйреніп үлгі алуға 
болады.[1, 53]
Шешендік сөздер, көбінесе, түсінік сөз-
бен басталады. Түсінік сөзде айтылмыш 
ше шен дік сөздің нендей мәселемен байла-
нысты, қандай жағдайда туғандығы және 
кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің 
көркем болуы шарт емес, тек ықшамды, әрі 
түсінікті болуы шарт. Шешендік сөз құра-
мының бұл бөлімін айтушы өзінің мүд десі 
мен мақсатына қарай қалауынша өзгертіп, 
уақиғасын алмастырып, кейіпкер лерін 
ауыс тырып жіберуге мүмкіндігі бар. Бір 
нұсқаның бірнеше «авторлы» болуы осыдан.
Қазақ мақалында шешендікті, осылай, 
шеберлікпен салғастырып бағалайды. Мұн-
да шешеннің сөзі нысанаға дәл тиетіні жа-
ғы нан анықтауда терең мағына бар. Ха лық 
түсінігінде шешеннің сөзі қынаптан су-
ы рылған қылыштай өткір, соқырға таяқ 
ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет 
болатындай терең мағыналы әрі көркем 
болуға тиіс. Тіл өнерінің салтанатты думаны 
сондай шешендік алаңында қызады да, оның 
от ауызды, орақ тілді шеберлері сол думанда 
көзге түседі. Соларды қазақ халқы «шешен» 
деген атаққа ие еткенде, өз өміріндегі 
ең қымбатты әрі өткір құралы – тілдің 
терең сырына, мол байлығына қанық, оны 
сілкілескенде сілтей білетін, аса дарынды 
кісілер деп құрметтейді.
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік 
өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыс-
тыра, тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, 
аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары 
жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып 
айтудамыз. Теңіз тербеп тереңінде шай-
қал ған інжу-маржандай ғасырлар бойы ха-
лық жадында сақталып, жұпталып көп тің 
көкейіне орнаған шешендік сөздер шешен-
дердің даналық сөздерінде ашылады, ай-
қын далады, ал шешендер әлденеше ұрпақ-
тың сана сезімін аралап, көптің көкейіне 
қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, 
жадында сақтайды, керекті жерінде жаңар-
тып кәдеге жаратады.
Қазақтың шешендік өнерінің піспегі 
– ше шен билер де, күбісі – халық. 
Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз 
үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, 
құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа 
жү гір тіп әркімдердің (шешен-билердің) 
атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, 
фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің 
заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер 
шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай 
татарлық дүниелер болып келеді.
Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі 
доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер 
атауының өзі осы қалыптан шығып отыр.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің же-
ке саласы ретінде қарастырған бұл тұс та-
ғы зерттеулер А.Байтұрсынов, М.Әуе зов, 
С.Сейфуллин есімдерімен ты ғыз бай ла-
ныс ты. Бұдан кейінгі кезеңдегі шешендік 
өнер тарихының зерттелуі Ә.Маметова, 
Б.Адамбаев еңбектерімен толықты. Сондай-
ақ фольклортанушы ғалым С.Садырбаев 
ше шен дік сөздерді ішкі үлгілерге жіктеуде 
өзіндік ой-өрнегін көрсете білді.
Шешендік сөз түрлері де қолданыстың 
бел гілі бір аясына бағытталған. Шешендік 
сөз түрлері өзіндік мазмұны мен түрлері 
тұрғысынан әр алуан. Тарихтың белгілі 
па рақ тарында түрлі ғалымдар шешендік 
сөздердің түрліше жіктемесін ұсынған 
болатын. Мысалы, қазақтың белгілі ғалым 
филолологы А.Байтұрсынов 1926 жылғы 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің «Ше-
шен сөздің түрлері» деген тарауында ше-
шен дік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық 
үлгі лерге жіктеді [3, 101]:
а)­саясат­шешен­сөзі;­
ә)­билік­(соттағы)­шешен­сөз;­
б)­қошамет­шешен­сөз;­
в)­білімір­шешен­сөз;­
г)­уағыз.
Ә.Мәметова екіге бөледі [4, 267]:
1.Шешендік­дау
2.Шешендік­толғау.
Б.Адамбаев та шешендік сөздерді 
тармағына қарай бөліп қарастырады [5, 30]:
1.Шешендік­арнау


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет