№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет75/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
183]. Көшпенділердің бүкіл тұрмыс-тіршілігі 
төрт түлік малмен тығыз байланысты болған-
дықтан, қазақ фразеологизмдерінің ішінде 
тіл ге жиі оралатыны, күнделікті өмірде жиі 
қолданылатыны және ең көп кездесетіні де осы 
төрт түлік малға қатысты тұрақты тіркестер. 
Қазақ төрт түлік малдың ішіндегі жылқы 
малын ерекше құрмет тұтқан. Жылқының 
жaлын жастанып (жаугершілік замандарда), ат 
құлағында ойнаған қазақ халқы үшін мінсе – 
көлік, сауса – сүт, кисе – киім, жесе – ет болған 
жылқы малының күнделікті тұрмыста алатын 
орны ерекше болған. Оны «малдың патшасы» 
деп қастерлеген.
Г.Смағұлова: «Жылқы, әсіресе, жаугершілік 
көне заманның талабына сай өте құнды мал 
ретінде саналады. Себебі ол кезде жауды қу-
ып жетуге немесе одан қашып құтылуға 
жылқыдан қолaйлы мал болмаған. Бұл жерде 
ескере кететін бір жай, отырықшылар атқа 
оң жағынан, көшпелілер сол жағынан мінеді. 
Бұл – жаугершіліктен қалған салт. Ол кезде 
адамның қолы бос болу керек болған. Себебі, 
ол барлық қаруды осы қолымен ұстайтын 
болған» [2,184], - дейді. Сонымен қатар ғалым 
қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде ат/
жылқы сөзінің жүзден астам тұрақты тіркес 
жасауға негіз болғандығын айтады Оған мысал 
ретінде мына тұрақты тіркестерді ұсынады: 
ат­жалын­тартып­міну,­ат­кекілін­кесісу,­ат­
бауырына­ алу,­ ат­ төбеліндей,­ ат­ үсті,­ ат­
шаптырым,­ат­құлағында­ойнау,­ат­сабылту,­
ат­ізін­салмау­т.б.[2, 185].
Халық аузында қалыптасқан жылқы малы-
на байланысты тұрақты тіркестер де оған 
ерекше ықыластың айқын көрінісі. Мыңдаған 
жылдар бойы мал баққан көшпелі халықтарда 
оны өсіру, баптау, сұрыптаудың өзіндік дәстүрі, 
мол тәжірибесі ерекше сөз айшықтарының 
қалыптасуына негіз болған.
«Кең байтақ жерді алып жатқан еліміздің 
табиғаты жылдың әр мезгілінде жергілікті 
тұрғындарын көшіп қонуға мәжбүр еткен. 
Сондықтан да олардың басты шаруашылығы 
– мал шаруашылығы болған. Суы мол өзен-
дерден қолға суаруға болатын жерлерде ғана 
егіншілікпен айналысатын елді мекендер бол-
ған. Мал – көшпелі халықтың басты күн көрісі 
болғандықтан, қазақтар үнемі өздерінің малға 
тәуелділігін сезініп отырған. Соның ішінде 
жылқы малының көшпелілер тұрмысында алар 
орны ерекше. Сол себепті де сөздік қорымызда 
жылқыға қатысты ФТ-тер мол кездеседі» [5, 
42], - дейді Ж.Байтелиева. Ал Т.Өмірзақов 
«Ана тіліміздің ғасырлар бойы толассыз 
толығып, ұрпағына асыл мұра болып ауысып 
келе жатқан ұшан-теңіз сөз байлығының бір 
ұшығы біздің халқымыздың ата кәсібімен са-
бақтасып жатады. Ғасырлар талқысына өтіп, 
илеуі қанған бояуы қанық ең көне сөздер 
негізінен малға қатысты туындап, тіліміздің ең 
сүбелі, құнарлы қабаты ретінде қалыптасты. 
Ол дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Қай 
хaлықтың да сөздік қоры өз шарушылығына 
біршама тәуелді болатыны айқын. Кез келген 
этностың тілдік бірлік арқылы өзіне тән 
танымдық ой-пікірі қалыптасқан. Мысалы, 
Сібір халықтарында бір ғана қардың 80-нен 
астам, бұғыға қатысты 1000-нан астам сөз 
болса, араб елінде түйеге байланысты 1000-
нaн астам атау қалыптасқан» [6, 155], - деп, 
тұжырым жасайды.
Қазақ халқы жылқыларды таңбалайды, мал-
ды таңбалаудың тарихы тым ертеде. Қазақтың 
ата-бабaлары Ғұн, Түркілер дәуірінен таңба 
салу тарихы дамыған. Олар ең әуелі тау-тасқа 
тайпалар таңбасын қашап салса, кейін келе 
оны малдарына салған. Әр ру өз таңбасын 
салады. Ертеде басқа рудың малына араласып 
кетсе – ажыратуға, жоғалса – табуға жеңіл 
болу үшін әр ру өз руының белгісін жылқы 
малына күйдіріп таңбалайтын болған. Осыған 
орай, Б.Кәмалашұлы: «Қазақ халқының малға 
салатын таңбалары әр руда әр түрлі. Олар: нәлі,­
аша,­тұмар,­балдақ,­қос­көсеу,­ашамай,­арқар­
мүйіз,­тұтқа,­қайсы,­көсеу,­ай,­күл,­шаңырақ,­
қамшы,­ тұяқ,­ құрман­ таңба,­ арқар­ мүйіз,­
молқы­таңба,­үзеңгі,­тұтқыш,­дегіре,­садақ,­
айсадақ,­ күнсадақ,­ от,­ таға,­ арғын­ таңба 
т.б. таңбалар жататынын, малдың таңбасын 
арнайы таңба басатын темірлерді шоққа 
қыздырып, малдың беті, саны, қолы сияқты 
т.б. жерлеріне басады» [7, 614], - дейді.
Қазақтар жылқының санына, жағына, қо-


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет