№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет77/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қойдан жуас мал болмайды. Қой­аузынан­шөп­
алмас,­қойдан­қоңыр­тіркесі адам мінезіндегі 
жайлылықты, төзімділікті «қой» жануарына 
ұқсату нәтижесінде туған. 
Міне,­ ауыл­ дегеніңді­ қазір­ танымайсың,­
Естайжан.­ Коммуна­ құрылып,­ ақ­ түйенің­
қар­ны­ жарылып­ жатқан­ кезде­ жақсы­ кел-
дің...­ («Соңғы­ көш»).­ Тілдегі молшылыққа 
ке не лу мағынасын білдіретін «ақ­ түйенің­
қарны­ жарылу» деген тұрақты тіркесінің 
қалыптасуы халықтың мал шаруашылығымен 
байланысты туындағыны мәлім. Бұл тіркестен 
ерте кездегі дәстүр байқалады: қанды жорық-
тан ең жақын туысы аман оралса, не әйелі 
көптен күткен ұл тапса, өрісте жүрген ақ 
түйенің қарнына пышақ тығып алып оны 
құрбандыққа шалатын дәстүр болыпты. Сонда 
даланы басына көтеріп боздаған түйенің дауы-
сын ел естігенде, қуанышты жаңалықтың бол-
ға нын біліп, бір жерге жиналады екен. Жалпы 
ақ боз түйенің қазақ танымында алатын орны 
туралы тарихшы Б.Кәмалашұлы былай деп 
жазады: «Түйені қазақ халқы киелі, қасиетті 
мал деп қастерлеп, «ұлық мал» деп көреді. 
Оны қазақтар пайғамбар, әулиелер, әмбиелер 
мінген, әр түрлі қызметтерді атқарған, «тарих-
тың жүгін арқалаған» деп біледі. Соның ішінде 
қазақ халқы ақ түйені ерекше қастерлейді. Ақ 
түсін пәктіктің, адалдықтың, қасиеттіліктің, 
киеліліктің белгісі деп көретін қазақтар ақ 
түйені ерекше құрметтейді. Қазақ халқында 
ақ­боз­түйе,­ақ­түйені­құрбандыққа­шалатын­
дәстүр бүгінге жеткен. Түйені ерекше қуаныш-
қа шалған. Ол алдымен ақ түйенің қарнын 
жарып жібереді» [7, 626-627]. Содан қазақта: 
«ақ түйенің қарны жарылған күн» деген 
тіркестің бүгінгі күнге жеткенін айтады.
Бұдан шығатын қорытынды халықтың 
өткен өмірін, тіршілігін сипаттайтын тұрақты 
тіркестер оның мәдени өмірінен де хабар 
беріп, әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшелігі 
бар екенін көрсетеді. Өзін қоршаған ортаны 
әр ұлт өзінше қабылдайды және ол оның 
тілінде және мәдениетінде көрініс табады. 
Мәдениет дүниетанымға негізделеді, ал тіл 
– ең басты көрсеткіш. Демек, тіл – ұлттық 
дүниетанымның айнасы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
2. Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда: монография. – 
Алматы: Арыс, 2010. – 280 б.
3. Кемелханұлы М. Түлік атаулары – тарихтың айғақтары. (Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі 
баба, Шопан ата) // Білім. №4 (22). 2005. 34-40-бб.
4. Авакова Р.А. Фразеологиялық семантика.–Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 152 б.
5. Байтелиева Ж. Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің 
этномәдени уәждемесі.Филол. ғылым. канд. дисс. -Алматы, 2007. - 120 б.
6. Өмірзақов Т. Мал түгіне байланысты қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тілі тарихи 
лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б. 
7. Кәмалашұлы Б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ұлаанбатыр, 2013.-988 б.
8. Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат.– Алматы: Жалын, 1990. – 128 б.
9. Уәли Н. Қамшы сөзі қайдан шыққан? // Қазақстан әйелдері. 1985, №7.–23-б.


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет