№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет80/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТІЛ
2.Шешендік­толғау
3.Шешендік­дау.
Р.Сыздық бұрынғы шешендік сөздерді 
мазмұнына қарай былайша топтайды [6, 
112]:

Әлеуметтік-саяси­мазмұнды­сөздер

Әлеуметтік-тұрмыстық­ мазмұнды­
сөздер

Билік­мазмұнды­сөздер.
1998 жылы шыққан «Қазақ тілі» энцикло-
педиясында қазіргі заманғы шешендік сөз-
дер ді мазмұнына қарай беске бөледі де, 
бесінші қылып діни қызметтегі шешендікті 
көрсетеді. Олар:

Әлеуметтік­саяси­тақырыптағы;

Академиялық­шешендік;

Сот­ісіндегі­шешендік;

Әлеуметтік-­тұрмыстағы;­

Діни­қызметтегі­шешендік;
Р.Сыздық «Сөз құдіретінде» (1997) ше-
шен дік сөзге қойылатын шарттардың төр-
теуін былайша таратып көрсетеді. Ол шарт-
тар: біріншіден, әлеуметтік мәні бар әңгіме 
болуы керек, ол белгілі бір жиын, топ 
көбінесе шаршы топ (көпшілік алдында) 
айтылатын сөз болуы қажет, екіншіден 
айтылатын сөздің дәлелі (кімге, неге, не 
мақсат көздей айтылғандығын түсіндіру, 
ойланту) болуы шарт, үшіншіден және 
қиыны – тыңдаушыға әсер ететін эсте тика-
лық қасиеті, тілінің айшықты, астарлы, 
әуез ді дегендей көрікті болуы қажет, 
төртіншіден басты шарттарының бірі – көп-
ші лікке қаратыла айтылған сөз баршаға 
түсінікті, ойы (идеясы айқын болып келуі). 
Осы шарттар орындалған күнде ғана 
шешендік сөз, яғни шаршы топ алдында 
айтылған сөз тыңдаушылардың ақыл-ойы 
мен еркіне әсер етіп, оларды белгілі бір іс-
әрекетке ұмтылдыратын сөз болып шығады. 
Соңғысын шешендік сөздің түпкі мұраты 
деп баса көрсетеді [6, 105].
Шешендік сөз түрлерін оқытуда баланың 
қызығушылығын арттыру мақсатында моти-
ва цияны қолданамыз.
Оқушылардың оқуға­ мотивациясын­ қа-
лып­тастыру дегеніміз бұл мектепте оқу-
ға деген ішкі ұмтылысты (мотив, мақ сат, 
эмоция) қалыптастыру, оларды оқу шы-
лардың саналы сезінуі, өздерінің моти-
ва ция лық сферасын одан әрі дамытуы [7, 
28]. Мұғалім бұл жағдайда оқушылардың 
мотивациялық сферасы стихиялы түрде 
қа лай дамитынын және қалыптасатынын 
салқынқанды бақылаушы позициясын ұс-
тан бай, керісінше психологиялық тәсілдер 
жүйесінің көмегімен оқу мотивациясының 
артуына дем беріп отыруы қажет.
Мотивацияның­ /стимулдаудың/­ шарт-
та­ры: білім мазмұнын жекелік бағытталған 
қызықты материалдармен байыту; барлық 
оқушыларға ізгілікті қатынас; танымдық 
сұраныстарын қанағаттандыру; қызықты 
қа рым-қатынас; ойлауды сезіммен байыту
білуге деген құштарлықты дамыту; белсенді 
өзін-өзі бағалау; өзін-өзі дамытуға ұмтылыс; 
балалардың бастамашылығын қолдау; оқу 
еңбегіне жауапкершілікті қатынас.
Мотивацияның­тәсілдері:

салыстыру, мысалдар;

оқушыны түсіну;

баланы қызықтыратын дүниелер 
тура лы сөйлеу;

істелінген қылықтардың неге соқ ты-
ра тынын көрсету;

баланың жақсы жақтарын мойындау;

талап қою арқылы стимулдау;

жетістіктерді көрсету;

мақтау;

баламен сезімдес болып сынау.
Балалар туралы жақсы сипаттама беріп
мүмкін болған жағдайда мадақтауды жиі 
қолдану керек, оларды өз күштеріне сенетін 
жағдайларды туғызған абзал.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқы-
ту дың тәрбиелеу жағынан тиімділігін арт-
ты рады, тұлғааралық қатынастарды қа-
лып тастыруға оң әсер етеді, сыныпта 
қолайлы жағдай орнатуға және ұжым-
дық психологияның қалыптасуына кө мек-
теседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыс-
тар барысында жолдастық, достық жә не 
ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақ-
тарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет