№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет9/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
маңызды. Оған: ұқыптылық, іскерлік стиль, 
мәнер, әдеп, күлкі жатады. Ұстаз өзін қалай 
көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? 
Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін 
және іс оңға басу үшін не істеу керек? деген 
мәселені нағыз ұстаз әрдайым жадында ұстап, 
өзін-өзі үнемі жетілдіріп, толысып отырады.
Сыртқы имиджді құраушылар:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Сыртқы бейненің үйлесімді әсер қалдыру 
үшін вербалды және вербалды емес қатынас 
қажет:
• Мәнерлі сөйлеу;
• Көндіре білу;
• Стиль мен киім түсінің психологиялық 
әсерін білу;
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге 
көңіл бөлу;
Шыдамдылық;
• Көргіштік.
Қазіргі біздің қоғамда ұстаздар өзі мәрте-
бе сін жоғалтып отыр. Кезінде мұғалім – асқан 
құрмет иесі болса, бүгін ол өз тұғырынан түсіп 
тұр. Қай заманда да, қандай ел болмасын елдің 
бесігін түзеп, болашағын жарқын етер ұстаздар 
қауымын лайықты жоғары құрмет жасалуы 
тиіс. Мемлекет тарапынан да, жеке адамдар 
тара пынан да, әрине. Мемлекет тарапынан 
мұғалім нің мәртебесін көтеру жұмыстары 
(бұдан бұрынғы мақалаларымызда айтып 
жүрген дей әлеуметтік-экономикалық және 
құқықтық дәрежелерін әлемдік стандарт 
деңгейіне дейін көтеру) жүргізілсе, соған 
сәйкес қоғамның да ұстазға деген құрметі 
асатын болады.
Бірақ, ұстаздық имидждің және ата-аналар 
мен оқушылардың педагогқа деген көзқа расын 
тек экономикалық фактор ғана анықтай алмай-
тыны рас. Осыған орай педагог та өз тарапынан 
педагогикалық этикасы мен эстетикасы үнде-
сіп, үнемі жетілдіріп отыратын білім мен білік, 
жан-жақтылық, жоғары адамгершілік сыр-
сипаттарымен астасқан маман иесі болуы тиіс. 
Демек, педагогтың мәртебесі мен беделі оның 
жеке имиджіне де байланысты болмақ.
Мұғалімнің кәсіби имиджінің табысты 
болу құпиясы, сол мұғалімнің жасаған бол-
мы сы (имиджі) басқа адамдардың нағыз 
педагог тан күтетін ой-тұжырымдарымен 
сәй кес шығуында. Шынайлылыққа сәйкес 
кел мейтін имидждің еш маңызы болмайды. 
Педагог үшін, кәсіби маман ретінде қоғаммен 
етене байланысы өте маңызды. Сондықтан 
да, оның психологиясы мен имиджінің негізгі 
құрамдары болып:

Өзіне деген сенім мен жоғары 
бағалаушылық;

Әлемге позитивті көзқарас;

Шынайы іске әлеуметтік және жеке 
жауапкершілік;

Жаңа 
заман 
талабына 
сәйкес 
өзгерістерге бейімділік;

Тәуекелдікке дұрыс бел буу болып 
табылады.
Мұғалімдік оның қалай көрінуінен баста-
лады. Кәсібилілік имиджінің құрылымы келе-
сідей компоненттерден тұрады:

сыртқы мәдениеті

іс жүргізуі қабілеті

ішкі болмысы
Сыртқы мәдениетін: ым, ишарат, ырғақ 
және даусы қарқыны, киім киюі, мінез-құлқы, 
жүріс-тұрысы құрайды.
Оқытушының сыртқы түрі сабақ барысында 
жұмысқа деген құлшыныстың болуы немесе 
болмауына әсер етеді. Педагогикалық қарым-
қатынасты жеңілдететін не қиындататындай 
өзара түсінушілікке жол ашады, не керісінше 
кедергі болады. Оның оқушылармен, әріптес-
терімен қарым-қатынасында өзін табиғи 
ұстануына және шапшаң шешім қабылдауына 
көмектеседі.
Ішкі болмысын құрайтындар – адам ның 
жалпы тұлға ретінде танытатын құндылық та-
рын, қызығушылығын, рухани және интеллек-
туалды дамуын сипаттайтын ішкі әлемі.
Педагогтың сыртқы мәдениетіне қойыла-
тын талаптар.
Киім кию мәдениеті мұғалімнің визиткалық 
карточкасы болып табылады.


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет