ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ Киім кию стилі. Өте сәнді киімге қарағанда
классикалық үлгідегі, бірнеше консервативті
түр дұрыстау болмақ. Педагогтың сыртқы
әлпеті ұқыпты, таза, жинақы, сымбатты болу
керек. Мұғалімге қарап, кез келген адамның
бойында автоматты түрде құрмет пен сенім
ұялауы тиіс. Ал киімі ыңғайлы болуымен қатар,
жалпы қабылданған әдептілік стандарттарына
қайшы келмеуі қажет.
Киім үлгісі (стилі). Көптеген адамдар
сәйке сінше орнықты, сыйлы киім үлгісіне
қарап, сол адамды беделді мәртебелі кісі ре-
тін де қабылдайды. Орнықты (сыйлы) ки-
ім үлгісі – бұрыштары айқын, созылған
тік төртбұрыштыға жақын киімдер (әйел
адамдар мен ер адамдарға бірдей жарамды).
Жемпір, спорттық тоқыма жылы киім (әсіресе,
қалың), джинсы немесе жұмсақ материалдан
жасалынған шалбар, желбіреген шілтерлі
кең етекті көйлек сияқты киімдер орнықты
стильге жатпайды. Әдетте, адам болмысын
домалақ қылып көрсететін мұндай элементтер
сол адамның төмен әлеуметтік мәртебесін
білдіреді.
Киім түрі. Мұғалім үшін мінсіз киім оқушы-
лардың назарын киімнің ерекшелігін зерттеуге
емес, оқу материалын терең меңгеруіне бағыт-
тау ға көмектеседі. Мұндай киімге іскери кос-
тюм жатады. Ол педагогтың өзіндік, кәсі би
сипаттарына және оқушылармен қа рым-
қатынасының ресмилілігіне ерекше кө ңіл
аудартады. Іскери костюмге: костюм юбка-
сымен және жейде немесе әдемі, іскери көйлек
жатады.
Киім түсі. Жалпы түсінік бойынша, қара, ақ
және сұр түсті киімдер сол адамның мәртебесін
басқа адамдардың алдында көтереді. Ал ашық
түстердің үйлесімді гаммасы оқушылардың
назарын мұғалімнің сыртқы түріне ғана ауда-
рады. Ең жақсысы жанға жағымды, көңіл-
ге қонымды түстерді тандаған дұрыс. Сонда
оқушылардың назары оқу материалын
мең геруге аударылатын болады. Мұғалім
киімінің дұрыс үйлесімді түстер гаммасы
оқушыларымен және әріптестерімен өзара
түсінушілік табуына көмектесуі мүмкін.
Іскери киімнің түстеріне: сұр, қара, қо-
ңыр, сарғыш, қара көк, қою қызыл түстер
есептелінеді. Блузка мен жейденің түсі нәзік
жағымды реңкті болғаны дұрыс. Жылтырлақ,
былғары, жасанды материалдардан жасалған
киімдерге жол бермеу керек.
Әшекейлер. Педагогтың бойындағы әшекей
бұйымдар өте аз болғаны жөн. Олар көзге
қатты түсетіндей жылтыраған немесе салмағы
ауыр, көлемі үлкен, ұзын салпыншақ болып
келмеуі тиіс. Орташа ұзындықтағы майда
маржандардан жасалынған моншақ, бағалы
металды нәзік сақина, шағын сырғаларды
тағуға болады. Олай болмаған жағдайда,
оқушылар сабақ оқығанның орнына, мұғалім-
нің керемет жаңа моншақтарын зерттеумен
уақыттарын өткізетін болады.
Шаш үлгісі мен макияж. Олар әйел мұғалім-
ге жинақылық пен рухани әсер беруі керек. Өте
табиғи болғаны дұрыс. Макияж бен маникюр
бейтарап реңкте таңдалынғаны жөн. Ал шаш
үлгісі – жеткілікті дәрежеде қатаң, шаштың
бояуы – табиғи.
Сәтті таңдалынған гардероб педагогтың
сырт қы түрінің айналадағы адамдарға қо лай лы
әсер етуіне көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім-
нің кәсіби әрі өзіне ғана тән қасиеттеріне
баса назар аудартады. Демек, педагогтың киі-
мі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жара-
сымды болу керек. Педагогтың шаш үлгісі де,
киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға
ықпал ету мақсатында таңдалуы тиіс.
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары
жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі
сенімді болуы керек.
Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы:
•
Түзу дене күйі – сенімділік, зеректік,
кішіпейілділік;
•
Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу
– қызығушылықтың жоқтығы;
•
Қырымен тұру – теріс, негативті
қарым-қатынас;
•
Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею –
дұрыс, оң қарым-қатынасты білдіреді.
Педагогтың іскерлік дағдылары мен кәсіби
манерасы:
-Кәсіби біліктілік, ұқыптылық, іскерлілік;
-Басқа адамдардың уақытына, еңбегіне