№1 (37) 017 бас редактор


Сабаққа қатысты ескертпелер



Pdf көрінісі
бет93/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Сабаққа қатысты ескертпелер: Сабақты 
«Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. 
Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып 
қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге 
қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» 
тақырыбына әңгіме өткізіңіз.
Сұрақтар қойыңыз: Отбасының басқа 
адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің 
сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?, 
т.с.с.
Кел, талқылайық! Тату-тәтті отбасы 
бейнеленген плакат көрсетіледі.
Суретте кімдер бейнеленген? Бұл адам дар-
ды біріктіретін не? - деген сұрақтар қойы лып, 
оқушылардан толыққанды жауаптар алынады. 
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.
Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы 
өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық 
дәстүрлер біріктіреді.
Менің­отбасым. Оқушылардан өз отбасы, 
отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы 
туралы айтуын сұраңыз.
«Қонақжайлылық» ойынын өткізіңіз. 
Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөліңіз. Әр 
топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар 
рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін 
ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр 
топтың жақсы жақтарын айтыңыз: үлкендерге, 
қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы 
мүшелеріне назар аударды ма?
Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне та-
ныс суретті таңдауын сұраңыз («Шашу», 
«Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз 
өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. 
Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.
«Отбасылық­ шежіре» сөзінің мағынасын 
оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың 
назарын ағаштың суретіне аударыңыз. 
«Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» 
деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын 
біліңіз.
Оқушылардың пікірін сұраңыз. Адамның 
өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан 
басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы 
мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық 
отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда 
да аталып өтіледі.
Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға 
беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының 
балалық шағы туралы білу қызықты бо ла ды. 


93
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін 
сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары 
оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала 
кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, 
қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі 
кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды 
ойнайтынын көрсетеді.
Орындап көр. Оқушыларға ашықхат 
жасау үшін үлгілер таратып беріңіз. Өз 
жақын туыстарына тілек жазуды сұраңыз. 
Ашықхаттың арғы бетіне үй мекен-жайын 
жазсын. Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала 
берілген тапсырма болады.
«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның 
суреттерін желімде. Отбасылық шежіре ағашы 
бейнеленген плакат пайдаланылады.
Тұсау кесу рәсімі бейнеленген және асқа 
бата айтылып отырған сәт бейнеленген плакат-
тарды қолдану арқылы шағын әңгіме, ой 
бөлісу жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет