№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет92/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре 
құру да жатады. «Шежіре» – бұл бір тамырдан 
тарайтын ұрпақтар ағашы», - деп атап өтті 
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жол-
дау ында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық 
мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді 
өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, 
қуаныш сыйлайды.
Кейбір отбасыларында дастархан басында 
бірге ас ішу, жоспарларды бірге талқылау, 
мәселелерді бірлесе шешу, киноға, табиғатқа 
бірге бару сияқты дәстүрлер қалыптасқан.
Қазақ отбасыларында балаларға ерекше 
көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен бастап 
(«Шілдехана тойы», «Қырқынан шығару», 
«Тұсау кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір 
бойы баланың барлық қуаныштары аталып 
отырады.
Тұсаукесер дәстүрінің пайда болу тарихы. 
Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған және тек 
қазақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа да 
туыстас халықтарда да (қырғыз, алтайлықтар, 
хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер 
үсті, жер асты және аспан әлемі деп үш бөлікке 
бөлген екен. Адам бұл әлемнің барлығында 
болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты 
әлемімен байланысы мықты болғаны сондай, 
оны өз бетімен үзе алмаған. Оған көмектесу 
қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді 
жігерлі, рухы мықты адамға сеніп тапсырған. 
Тұсауды кесе отырып, ол жерасты әлемімен 
баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті 
кескендей болады. Бала содан кейін біздің 
әлемге алғашқы қадам жасайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 
мамырды Халықаралық отбасы күні деп 
жария лады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 
әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық 
мәселелерге назар аудару үшін қабылданды.
1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін 
мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл 
күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде 
мерекеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет