1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абай поэмаларының ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет12/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

11. Абай поэмаларының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Алғашқысы — "Масғұт" поэмасы (1887ж). Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның уақиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ең әуелі геройдың аты — Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары — Бағдат. Заманы — Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтта кездесетін қария мұсылмандардың дін аңыздарында жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол, сол айтылған аңыздар бойынша, өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр заманда, әр ортаның адамына оқта-текте бақ-дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.
Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес. Қызырдың қызырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды, жалпы шартты орта деуге болады.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың — Масғұттың ғана жайы.
Абай геройының және бір ерекшелігі — ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғұтта осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және де шартты түрдегі аңыздық бояуды алып тастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қызыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында көрінетін Масғұт қандай боп танылады.
Ағын жесең ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң дәулетің судай тасар.
Егер де қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыдан жан болмас сенен қашар.
Масғұт қызыл жемісті алады. Ол ақылдылықтан қашады. Байлықтан қашады. Сол Масғұттың ақылдан қашуы — Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәсіпқұмар көп жастың жолынан жырақшығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақжарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір тұтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді?
Масғұт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті Шәмсижиһан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның құлы болған делінеді.
Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы бөлімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айналасындағы тартыстар поэманың екінші бөлімінің үлкен өрісі болу шарт еді.
Ал Абайда — Масғұт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне, поэманың соңғы бөліміндегі "жынды су" мотив және одан туатын "жұртың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!" дейтін қорытындылар Бұл поэманың алғашқы бөліміндеті мінез бен істерге логикалық жағынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі "жынды су" арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп алады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлендеріндегі сыншыл, ажуашыл ойларды көреміз.
...Есер, есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ, —
дейтұғын ызалы, ащы мысқылдарын еске түсіреді.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея — араб шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жәйлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықган, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді.
Абайдың екінші поэмасы — "Ескендір".
Біз ең алдымен Бұл поэманың негізінде жатқан тақырыптың төркін-тегі туралы біраз деректер айтып өтелік. Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр — бар дүние жүзі халықгарының аңыздарында, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам.
Шығыс ақындарында біздің туысқан советтік еліміз азербайжанның атақты классигі Низами ғана өзінің "Ескендірнамасында" жаңағы бұған шейін жеткен екі тарау аңыздарды теріске шығарады.
Ескендірді, соңғы тапқан деректерімізге қарағанда, Абай Ескендір жайындағы аңызды, түгелімен сол Низамидің "Ескендірнамасынан" алған.
Азербайжан ұлы классигінің ең зор поэмасы — "Ескендір-нама" сансыз көп оқиғалардан, көп тарау бөлімдерден құрылған аса бай мазмұнды дастан. Ескендірдің жоғарыдағы Дариймен соғысқаны, онан соң азербайжан патша әйелі — Нушабемен кездескені, Ескендір мен Хақан әңгімесі, Қытай, Тұран өлкелерінде жүрген сапарлары және терістік өлкедегі бір ғажайып бақыт, молшылық, әділет орнатқан елдікке ұшырасуы — бәрі де Низамиде мол баян етіледі.
Сонда Ескендір өзгеден бұрын өзі ойшылдық танытып, "топырақган біткен топырақтан ғана тойым табады" деп, терең байлау жасайды.
Міне, біздің білуімізше, Абай пайдаланып отырған сюжет Низами жазған "Ескендірнаманың" дәл осы тұсынан алынған. Бірақ Абай поэмасын білетіндерге мәлім, жаңағы әңгіменің желісін Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған.
Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады. Ең алдымен аңызды Европа тарихы мен мәдениетінен өзі білген Александр Македонский жайына қарай бейімдейді. Ескендірдің әкесі Абайда Филипп болып аталады. Тарихтағыдай оның астанасы — Македония шаһары болады. Және де тарихтық дәл деректер бойынша, ертегілік Қызырдың орнына Ескендірдің тәрбиешісі болған философ Аристотель кіреді. Сөйтіп, адамдары мен олар арасындағы мінез-қатынастарға Абай тарихтық шындықгы негізгі арқау етеді. Аңыздан бұрын тек кішкентай тас (Абайда кішкене көз сүйегі) және оның өзгеше сыры ғана сақталады.
Бұдан өзге Абайдың үлгі іздегіштік, сыншылдық бір ерекшелігі тағы бар. Низами өз поэмаларында Ескендірден бұрын кездесетін Хосрау, Бахрамгур немесе Дарап сияқты, тағы басқа солардай шахтардың барлығын да сынаумен мінеп көрсетіп еді. Жалғыз-ақ, Ескендірге келгенде, Низами оны барлық бұрын-соңғы өмір иесі хан-сұлтанға, шах-әмірлерге анық айыпсыз, мінсіз үлгі етіп көрсеткен. Ол әділетті, ойшыл асыл зат.
Кейін поэманың тарауында Низами Ескендірді даналық дәрежесіне жеткізеді. Дүние жүзінің бар білгіш, ойшылдарының ортасында көрсетеді. Оған бір заман ғайыптан келген ғажайып үн бұдан ары пайғамбарлыққа арналғанын білдіреді. Мұсылманшылық аңызы бойынша, уахи келеді. Ол бар жиһанды кезіп, адамзатқа ізгіліктің жолын танытпақ керек деген әмір болады.
Барлық шығыс поэзиясында Ескендірдің сипаты осы алуандас зорайып, қастерлеп алынған болатын. Ал Абай поэмасына келесек, мүлде олай емес. Жасы әрең жиырма бірге келген, атыраптағы көрші елдердің бәрін бағындырмақ боп, онды-солды қастан көз тастап түрған жаһангер, қан төккіш патша көрінеді. Қанша алса да тоймайтын, қанағатсыз хан бейнесі беріледі. Сол тыйымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінде жалғыз рет тылсым қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол мағынамен келтіріледі.
Ескендір Абай поэмасында дәріптелмей, сыналады. Оған ақылшы болған Аристотель өзінің әмірші патшасынан сонағұрлым биікте, анық қасиет иесі бой суреттеледі. Бұл Абайдың өзі айтатын афоризм, "бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық" деген терең сырлы нақылға дәл келетін халдер.
Осы айтылған жайларға қарағанда, Абайдың әкімшілікке көзқарасы бұрын мұсылман ғаламында болмаған жаңа сыншыл биік ойды танытады. Ескендірге де мұсылманның өткен тарихы, аңыздары, діншіл үгіттері ұйғарған табыну көзімен қарамайды. Азат ойлы, еркін, әділ сыншы шығыс елдері таныған авторитеттің маскасын сыпырады. Өзінің гуманистік, адамгершілік нанымдарының тұрғысынан қарайды. Өз заманының озат ойлы сыншыл жазушыларының туралық ойын таратады.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде өзі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді. Сол жөнде Абай да, Низами, Науаи, Физули сияқгы, өзі қадірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчестволық жолмен пайдаланып, қолданған дейміз.
Жалпы композициялық құрылысын алғанда, "Ескендір" — Абайдың ең жақсы поэмасы. "Масғұттай" емес, бұнда сюжеттік құрылыс бастан-аяқ бір түйіннің айналасына топталады. Адамдарының мінездері, істері арқылы біртіндеп ашылады. Соның ішінде "Ескендір" сияқты поэманың бас геройы шығарманың басынан аяғына шейін оқиға арқалығы болып отырады. Барлық суреттер, кездесулер мен қайшы келетін мінез, әрекеттер және түйінді ойлар — баршасы да бір Ескендірдің басымен байланысты болады.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиетшілік қорытындыны Ескендірден бөлек бір жәй етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан идеясына байланысты.
Абайдың 1933 жылғы жинағында алғаш рет басылған бір поэмасы — "Әзім".
Бұл поэманың тақырыбы "Мың бір түн" ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша кеп айтылып жүретін "Мың бір түннің" бір тарауы — "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқигалары Абайдың поэмасына желі, арқау болған тәрізді.
Бұл поэманың ішінде Абайды қызықтырған тағы бір адам — аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар. Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы шығыста ертегі ғана емес. Химия ғылымы деп аталып жүретін алхимия жайынан туған неше алуан жасырын сырлы әңгімелер бар-ды. Ондай әңгіме нанымдар шығыста ғана көп жайылған емес. "Философский камень" дейтұғын, қара тас пен қара металлы алтынға айналдырып, ғажайып сырлы бөлекше бір затты іздену орта ғасырлық Европада талай фантастикалық әңгіме, аңыздарды көп тудырған.
"Мың бір түннің" "Әзім" әңгімесі сол жаңағы жайдың шығыста да өзгеше орын алатынын аңғартады. Бірақ халықгың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан арамшылық, аярлықтарды танытады. Көпті алдап, жем ететіндерді өз әңгіме, аңыздарымен әшкерелейтін болады.
Абай шығыс ертегісінің осындай өзгеше мән, тартыстарына қызыққан болу керек. Поэманың бастауына қарағанда, әкесі өлген жазықсыз, тәжірибесіз жас баланың аярға кездесіп, алданған бейнесі көрінеді. Бірақ бұл поэма Абайда аяқталмай қалады. Өз уақытында аяқталған болса да, жалғыз ғана қолжазба болып, мезгілімен көшірілмей, тозып-шашылып кетеді. Сөйтіп, соңғы бөлімдері жоғалып қалады. Сондықтан қолда қалған үзіндісі бітпеген поэма болып басылып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет