1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың махаббат лирикасының өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет14/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
13 Абайдың махаббат лирикасының өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.


Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:
Махаббатсыз - дүние бос
Қайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.
деп келеді. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға қайунға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.
Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жеңешке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы
Күлкісі бейне бұлбыл құс сайрайды
деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.
Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған,
Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай
Бойында майдалық пен сыр сақтаған,
Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай,
Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.
деп жігіт бейнесін де үйлестіріп алып кетіп сұлу қызбен жігіттің де жігіті бар екенін ескертеді.
Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе
Қырмызы қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе
деп бозбалаларға жөн сілтейді.
Шу деген де көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Осы шумақ өлеңінде сұлу қыздың да өз кемшіліктері болатынын, бетім барда бетіме кім шыдар деп кімі паңдау келеді, кімі тантақ, деп айтып жақсы жар ондай істерден аулақ болғай...
Ақыл керек, іс керек, мінез керек
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек
деп нендей нәрсе керек екенін айтып жатыр.
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!
Жігіттерге шынында неге көңіл аудару керек екеніне құлақ қағыс айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет